Home » Новости » «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДАМУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

Үстіміздегі жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика кафедрасы, Алматы қаласы білім басқармасы, Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Түрксіб аудандық білім бөлімі және №211 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дамуының заманауи талаптары» тақырыбында  республикалық  ғылыми-практикалық  конференциясы өтті.

Сабақтағы жасанды интеллектіні пайдаланудың артықшылықтары мен қиындықтары және функционалдық сауаттылықты арттыру мәселелерін қарастыруды мақсат еткен аталмыш конференцияға әр облыс және ауданнан педагогтар қатысып, тақырыпқа орай өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен бірге біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп оқушыларының тұлғалық қалыптасуындағы пән мұғалімдерінің рөлін анықтап, заманауи технологияларды қолданудағы озық тәжірибелерді жетілдіру жолдарын қарастыру мәселелері сөз болды. Конференция модераторы- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Сарбасов Болатхан Серғазыұлы конференцияның бағдарламасымен таныстырып, секция жұмыстарының бағытын айқындап берді. Атап айтқанда,  конференцияның негізгі бағыттары мен мәселелері: 1. «Жасанды интеллект» пайдаланудың позитивті және  проблемалық  аспектілері;  2. Функционалдық сауаттылықты арттыруда жаңа технологиялардың рөлі; 3. Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері мен қиындықтары; 4. Біртұтас тәрбие жүйесі және мұғалімнің рөлі.

Конференция барысында жасанды интеллект туралы өзекті тақырыпта көптеген баяндамалар оқылып, маңызды мәселелер ортаға салынды. Атап айтар болсақ,  «Ұлттық тәрбие арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбы бойынша  Сарбасов Болатхан Серғазыұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы,  профессор міндетін атқарушы, баяндама жасаса, «Тapиx caбaғындa  жacaнды интeллeктiнi тиiмдi пaйдaлaну жолдapы» тақырыбында  Алматы қаласы №211 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бижанов Нурбек Ибраимбекович баяндама оқып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, «Жасанды интеллект білім беруді қалай жақсарта алады?»  Исаева Жанылсын Акимбековна, №211 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі, «Использование искусственного интеллекта на уроках русского языка и литературы для улучшения качества обучения» Максимова Фарида Тохтахуновна, №211 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Жасанды интеллекттің ағылшын тілі сабағында қолдану»  Ерімбетова Ұлдана Оразханқызы, Алматы қаласы Алатау ауданы  №181 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі,  «Математикалық сауаттылық білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізі» Куншыбаева Гулжаухар Тунгатаровна, Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, «Жасанды интеллекттің позитивті және проблемалық аспектілері» Айбасова Гульнар Ауезхановна, №59 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, «Жасанды интеллект дамуының заманауи талаптары» Тлеубергенова Айдана Жумабековна, №181 мектептің география пәні мұғалімі, «Қолданбалы математика және жасанды интеллект» Серботаева Инжу Майлыбаевна, №59 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, «Химия пәнінен ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану» Умирзахова Гулбану Турсынбековна, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы Бауыржан Момышұлы атындағы  мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі, «Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды  қолдану: мүмкіндіктер мен қиындықтар» Сексенбаева Гульзира Шарифхановна, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылы  С.Бреусов атындағы ЖББМ, «Музыка сабағында «музыкограмма әдісін» қолдану» Алхожаева Нұргүл Канатбековна, №211 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі, «Биология сабағында жасанды интеллектті қолдану: тиімділігі мен мүмкіндіктері» Мұса Аяулым Бағданқызы, Алатау ауданы №180 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі, «Жасанды интеллектті білім беру жүйесінде пайдаланудың позитивті және проблемалық аспектілері» Арапова Нэйля Киизатовна, №211 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі және тағы басқалар баяндамалар жасап, жасанды инттеллект дамуының заманауи талаптарына тереңірек тоқталып, тың  деректермен бөлісті. Нәтижесінде келесідей қаулы қарар қабылданды: 1. Жасанды интеллект негізінде электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар шығару; 2. Біліктілікті көтеру курстарын ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің жасанды интеллект бойынша цифрлық  сауаттылығын арттыру;

3.Жаңа білім беру мазмұнына сәйкес пәндерді оқытуда инновациялық-технологияларды меңгеру; 4. Ұлттық тәрбие негізінде рухани құндылықтарды дамыту;  5. Мектептерді заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары мен әр аудан-аймақтардан келген мұғалімдердің қатысуымен өткен республикалық жиында осылайша жасанды интеллект туралы кеңірек сөз болып, оның тиімді пайдалану жолдары мен оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Соңында конференцияға қатысқандарға ұйымдастырушы тараптар алғыс сезімдерін айтып, жұмыстарына сәттіліктер тілеп, жинақ пен   сертификаттар табыстады.

 

Қасымова Айжан Тойбекқызы,
Алматы қаласы
№211 мектеп-гимназияның директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*