Home » статьи » Аналар мен әкелер мектебі: саналы тәрбие – сапалы болашақ

Аналар мен әкелер мектебі: саналы тәрбие – сапалы болашақ

Курмамбаева Орынбасар Мекибаевна
№109 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі

Аналар мен әкелер мектебі: саналы тәрбие – сапалы болашақ

Баланың тәрбиесі – тек балабақшаның ғана емес, ең алдымен отбасының басты міндеті. Осы орайда, ата-аналар мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында біздің №109 бөбекжай-балабақшамызда Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Аналар мен әкелерге арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға ата-аналар белсене қатысып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер мен тиімді әдістер туралы пікір алмасты. Аналар мектебінде қатысушыларға балаға деген мейірімділік пен қамқорлықтың маңызы жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ қыздар аналарымен бірге кесте тоқып, іс тікті.

Ал Әкелер мектебінде отбасындағы әкенің рөлі, ер балаларды жауапкершілікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау тақырыптары талқыланды. Асық ойнап, қамшы өрді. Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар арасында түрлі ойындар, тренингтер мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылып, отбасы мүшелерінің бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалды. Әсіресе, «Менің отбасым – менің мақтанышым» атты сұхбат алаңы ерекше әсер қалдырды. Мұнда ата-аналар балаларының тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзара қолдау мен түсіністіктің маңызын атап өтті.

Шара соңында ата-аналар балабақша ұжымына алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің отбасылық тәрбиеде үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасып, ата-аналар мен педагогтер арасындағы біртұтас тәрбиенің маңызын арттыра түспек.

Біздің қоғам алдындағы міндетіміз – ұлттық мінезін жоғалтпаған, рухы өр, кісілік қасиеті көп көретін, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеп, әлсіздікке бой алдырмау, келешекке кемелді мұра қалдыру. Ал ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау – сол ұрпақтың міндеті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*