2025 жылдың 13 ақпаны күні Алматы қаласы, Медеу ауданы «Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей» КММ-де Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына арналған «Ауғанның отты жалыны» тақырыбындағы Ауған соғысының ардагерлерімен оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу- жастарды патриоттық сезімге баулу,елін,жерін сүюге үйрету. Тарихи сананы қалыптастыру – Ауған соғысының тариха маңызы мен ардагерлердің ерлігін түсіндіре отырып, ардагерлерге құрмет көрсету – олардың батылдығы мен қайсарлығын насихаттап, жастарға үлгі ету мақсатында ерлік сағаты өтті. Ерлік сағатына қонақ болып Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы- Абдушукуров Мурат Муктарович, Медеу ауданы Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы, «Айбын», «Құрмет» ордендерінің иегері- Ефименко Сергей Николаевич, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері Алмас Әбдіраманұлы Тілеубаевтар қатысты.
Рухани – адамгершілік тәрбие беру – жастарды батылдыққа, қайсарлыққа жауапкершілікке баулу. Осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақ ерлік пен отансүйгіштіктің маңызын түсініп, тарихымызға құрметпен қарайтынына сеніміміз мол.
Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейдің
АӘжТД пән мұғалімі, капитан
Джаманкеев Ермек Конакпаевич