Ақмола облысы Қорғалжын ауылы Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде
*Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие» бағыты бойынша
«Балдәурен» лагерінде
«Ұлттық тағам – ұлттың қазынасы» тақырыбында мектепішілік лагерь тәрбиеленушілері және әжелермен іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты:
— Оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстыру;
— Дәстүрлі ас әзірлеу мәдениетін дәріптеу;
— Еңбекке баулу, ұлт тағамына қызығушылығын арттыру.
— Ұлттық тағам түрлері туралы мәлімет берілді (бауырсақ, май, құрт, қымыз т.б.)
— Оқушылар қамыр илеуге, бауырсақ жасауға, дастархан дайындауға қатысты
— әжелер мен апайлар тағам дайындауды көрсетті
— Жасалған тағамнан дәм тату ұйымдастырылды
— Балалар өз әсерімен бөлісіп, ұлттық тағамдарға қызығушылық білдірді.
— Оқушылар ұлттық тағамдарды әзірлеудің қыр-сырын білді
— Ұлт дәстүріне деген құрмет қалыптасты
Ақмола облысы Қорғалжын ауылы
Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
— Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
Уралбекова Анара Рамазановна