Home » статьи » Жаздың жарқын сәттері – жүректе қалған естелік

Жаздың жарқын сәттері – жүректе қалған естелік

Жумагалиева Райгул Халиковна,
Алматы қаласы Білім басқармасының
 № 96 ЖББМ КММ директоры

     Баланың күлкісі – әлемнің көркі!

Күн шуағын төгіп, табиғат түрленіп, көңілдер көтерілетін керемет шақ – жаз мезгілі де келіп жеткен еді. 26 мамыр күні мектебімізде бала күлкісімен көмкерілген, шаттық пен шапағатқа толы жазғы мектеп жанындағы «Улыбка» лагері өз жұмысын бастады. Бұл күн – оқушыларымыз үшін тек демалыс емес, жаңа достықтың, қызықты саяхаттың, шаттықты күндердің бастауы болды.
    

«Улыбка» атты мектеп жанындағы лагерь екі апта бойы кішкентай жүректерді қуанышқа бөледі. Таңғы шуақты жаттығулар, көңілді ойындар, түрлі үйірмелер, зияткерлік байқаулар мен шығармашылық кездесулер – бәрі де балалардың жан дүниесін байытып, өмірге деген құлшынысын арттырды. Оның ішінде саябақтағы мереке — мектеп жанындағы лагерьдегі жарқын күн болды. Балалар керемет күнді таза ауада өткізді — Алғашқы Президентіміздің саябағында Балалар күніне арнап лагерь басшысы Б.К. Дюсенбаева мен тәрбиешілер мерекелік шара өткізді. Таңғажайып табиғат әлеміне саяхат жасап, Алматыдағы Ботаникалық саябаққа экскурсияға барды. Күн шуағына бөленген саябақта балалар әртүрлі өсімдіктермен танысып, таза ауада серуендеп, жаңа білім алды. Экскурсия барысында Ботаникалық саябақтың ұйымдастырушылары викторина ойнатты, біздің балалар білімін көрсетіп, жүлделі орын алып  табиғат туралы кітап ұтып алды. Әрине қаладағы ең көңілді орындардың бірі — May Kids ойын орталығына да қонаққа барып үлгерді. Ал бізге арнайы қонақ ретінде цирктен көңілді клоун Кеша мен бойлы қуыршақтармен өнер көрсететін «Смайл» театры келіп, балаларға нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады. Және қызықты сәттердің бірі “Жазды құтқарушылар Мақта мен Балмұздақ” квесті ұйымдастырылды. Балалар Мақта мен Балмұздақ пен бірге нағыз қызықты оқиғаға аттанып, жұмбақтарды шешіп, жасырынған құпияларды тапты, көңілді сынақтардан өтті және айлакер Ыстықпен күресті!Барлық топтар тапқырлық пен бірлікті көрсетті, ешқашан берілмеді. Достық пен батылдықтың арқасында Жаз аман қалды! Көңіл-күй өте жоғары болды: қуаныш, толқу, таңданыс — және соңында балаларға балмұздақ пен тәтті мақтада та таратылды.

Әр күніміз өзінше ерекше өтті. Бір күні спорт алаңында жарысқа толы болса, келесі күні сахнада ертегі кейіпкерлері тіріліп, балалар өздерін шынайы өнер иелері ретінде сезінді. Әр сәт – шуағы мол, шаттыққа толы еді.      Олардың күлкісі – біз үшін шексіз шабыт, таза пейілдің көрінісі болды.

9 маусым күні лагерьіміздің жабылу салтанаты өтті. Бұл – қуаныш пен қимастық қатар өрілген ерекше сәт болды. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті. Ал олардың жанарындағы жылт еткен шаттық пен сағыныш бізге бәрін айтып тұрды: бұл жаз – ұмытылмас жаз болды.

Барша ата-аналарға, тәлімгерлер мен ұстаздарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бірге жасаған еңбегіміз – балаларға сыйланған шынайы бақыт. Бүлдіршіндердің жүрегінде бұл лагерь шуақты күндердің, достық пен мейірімнің символы болып қалатынына сенемін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*