Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік орталығының № 3, №4 бөлімше ата-аналарымен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Айкуне жаттығуларының нұсқаушысы Бурханова Индира Балғынбекқызы жаттықтыру сабағын жүргізді.
Ата -аналар белсенді қатысып, ризашылығын білдірді. Сабақта денені дұрыс қалыптастыруға ғана емес, омыртқа мен омыртқа арасындағы жарық, остеохондроз, кеуде, бел ауруымен күресеміз. Сонымен қатар бұл жаттығулар есту, көру, тыныс алу мүшелерін жақсартады. Айкуненің әрбір жаттығуы қазақ руларының таңбасына ұқсас және сол рудың атымен аталады. Мұнда екі мыңнан астам тірек қимыл түрлері бар. Олар атқа отыру, малдас құрудың өзі талай ауруға ем екенін растайды.
Астана қаласы әкімдігінің
«Жансая» әлеуметтік орталығы