Home » Детский сад » Сюжеттік-рөлдік ойындар мен ертегілер арқылы 5-6 жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Сюжеттік-рөлдік ойындар мен ертегілер арқылы 5-6 жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Астана қаласы,
№ 91 «Еңлік» балабақшасының  тәрбиеші-сарапшысы
Тулешова Айнур Курманбековна

Астана қаласы,
№ 37 «Арман» балабақшасының  I-санатты тәрбиешісі
Султанбекова Сабира Сейдахметкызы

Жұмыс 5-6 жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда сюжеттік-рөлдік ойындар мен ертегілерді қолдану арқылы білім беру процесін жетілдіруге бағытталған. Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру мекемелерінде қолдануға арналған. Ол балалардың қарым-қатынас дағдыларын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін және әлеуметтік құндылықтарын дамытуға көмектеседі.

Жұмыс сюжеттік-рөлдік ойындардың педагогикалық мүмкіндіктерін, ертегілердің тәрбиелік рөлін, сондай-ақ функционалдық сауаттылықтың негізгі аспектілерін қарастырады. Бағдарлама балалардың күнделікті өмірде алған білімдерін қолдана білуіне, әлеуметтік және экономикалық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Сюжеттік-рөлдік ойындар мен ертегілердің бала дамуына әсері

Сюжеттік-рөлдік ойындар мен ертегілер – мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған негізгі педагогикалық әдістердің бірі. Бұл ойын түрі балалардың жауапкершілік, жоспарлау және өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және Ұлттық «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды құндылықтарын айқындайды. Аталған бағдарламалар баланы қоршаған ортаны түсінуге, функционалдық сауаттылықты дамытуға және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған.

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес сюжеттік-рөлдік ертегілер мен ойындардың рөлі

Мектепке дейінгі балалардың (5-6 жас) негізгі ерекшеліктері – белсенділік, қиялдың дамуы, танымға деген қызығушылық және әлеуметтік қарым-қатынасқа деген қажеттілік. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, сюжеттік-рөлдік ойындар келесі бағыттарда қолданылады:

  1. Жауапкершілікті дамыту

Балалар рөлдерді бөлісу арқылы өз міндеттерін орындауды үйренеді. Мысалы, «Дәрігер» ойынында бала өзіне берілген рөлдің маңыздылығын түсінеді және науқастарға көмектесу жауапкершілігін сезінеді.

Жауапкершілікті орындау арқылы балалар болашақта өз іс-әрекеттеріне жауап бере алатын жеке тұлға ретінде қалыптасады.

  1. Жоспарлау дағдыларын қалыптастыру

Балалар ойын барысында мақсат қояды және оны іске асыру жолдарын ойластырады. Мысалы, «Асхана» ойынында мәзір дайындау, қажетті заттарды ретке келтіру, жұмыс тәртібін сақтау секілді әрекеттерді жоспарлайды.

Бұл дағдылар олардың функционалдық ойлау қабілетін дамытады.

  1. Өзара әрекеттесу қабілеттерін дамыту

Балалар ойын барысында бір-бірімен сөйлеседі, өз ойларын жеткізеді және басқалардың пікірін тыңдайды. Бұл әрекеттер олардың коммуникативтік дағдыларын нығайтады.

Бірлескен ойындар арқылы балалар топтық жұмыс жүргізуге және ынтымақтастық орнатуға үйренеді.

Ұлттық «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен байланысы

Сюжеттік-рөлдік ойындар балаларға ұлттық құндылықтарды үйретуде ерекше маңызға ие. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы баланы тәрбиелеу мен оқытуда мынандай бағыттарды ұсынады:

  • Рухани-адамгершілік тәрбие: Ойындар барысында балалар адалдық, әділдік, қамқорлық және достық сияқты құндылықтарды бойларына сіңіреді. Мысалы, «Отбасы» ойынында балалар ата-анаға құрмет көрсетуді және отбасы мүшелерінің рөлдерін түсінуді үйренеді.
  • Патриоттық тәрбие: Ойындарға ұлттық мазмұндағы элементтерді қосу арқылы балалар өз елінің мәдениеті мен дәстүрін таниды. Мысалы, «Қонақжай қазақ» ойынында балалар ұлттық дәстүрлермен танысады.
  • Еңбек тәрбиесі: «Шеберхана» немесе «Кішігірім ферма» ойындары еңбекке деген құрметті тәрбиелейді. Балалар еңбектің маңыздылығын түсініп, еңбекқор болуға дағдыланады.

Сюжеттік-рөлдік ойындарды іске асыруда балабақшаның рөлі

Мектепке дейінгі ұйымдар сюжеттік-рөлдік ойындарды балалардың жас ерекшелігіне сәйкес жоспарлап, жүйелі түрде ұйымдастыруы қажет:

  1. Ойын ортасын ұйымдастыру

Балабақшада балалардың қиялын іске асыруға мүмкіндік беретін ойын бұрыштары (мысалы, «Дүкен», «Асхана», «Дәрігер бөлмесі») жасалады.

  1. Педагогтің басшылығы

Тәрбиеші ойынның сценарийін жоспарлап, балалардың қатысуын қадағалайды. Бірақ, балалардың өздігінен рөлдерді дамытып, шығармашылық көрсетуіне мүмкіндік беріледі.

  1. Ата-аналарды тарту

Ата-аналарға үй жағдайында сюжеттік-рөлдік ойындарды жалғастыруға ұсыныстар беріледі.

 

Өмірлік маңызға ие білім беруОйындар арқылы балалар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуге үйренеді. Мысалы, «Дүкен» ойынында олар бағаны есептеп, тауарларды таңдайды, бұл шынайы өмірде қолданылатын дағдыларды қалыптастырады.

  1. Бейімделу және икемділік

Балалар сюжеттік ойындар арқылы өзгермелі ортаға бейімделуді, топта жұмыс істеуді және әртүрлі жағдайларда шешім қабылдауды үйренеді.

  1. Білім мен тәжірибені байланыстыру

Ойындар барысында балалар мектепке дейінгі білім беру барысында алған білімдерін шынайы жағдайларда қолдануға дағдыланады.

 Сюжеттік –рөлдік ойындарды балабақша процесіне кіріктіру әдістері.

  1. Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет
  • Балалардың қарым-қатынас қабілеттерін дамыту мақсатында «Дәрігерге бару», «Қонаққа бару», «Жаңалықтар агенттігі» сияқты ойындар ұйымдастырылуы мүмкін.
  • Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ертегілерді сахналау арқылы балалардың сөздік қоры байытылады. Мысалы, «Түлкі мен Қасқыр» ертегісін оқып, оны сахналау арқылы сюжеттік ойынға айналдыру.
  1. Қазақ тілі
  • Балаларды қазақ тілінде сөйлету үшін «Дүкенде сауда жасау» немесе «Асханада тағамға тапсырыс беру» ойындарын ұйымдастыру.
  • Бұл ойындар балалардың сөйлеу, сұрақ қою және жауап беру дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
  1. Сауат ашу негіздері
  • Балаларды әріптерді тануға және сөздерді құрастыруға үйрету үшін «Пошта» немесе «Баспахана» сияқты сюжеттік ойындар қолданылады.
  • Балалар хаттарды жазып, оларды пошта арқылы жеткізіп, сауаттылықты ойын түрінде меңгереді.
  1. Математика негіздері
  • Математика сабағында «Сауда-саттық» немесе «Құрылыс» ойындарын ұйымдастыру арқылы балалар сан, өлшем және есептеу дағдыларын меңгереді.
  • Мысалы, «Дүкенде» ойынында балалар сатып алушылар мен сатушылар рөлінде ақша санауды үйренеді.
  1. Қоршаған ортамен таныстыру
  • Балалар «Жануарлар әлемі», «Фермадағы өмір» немесе «Ғарышқа саяхат» ойындары арқылы қоршаған ортаны таниды.
  • Бұл ойындар танымдық дағдыларды арттырып, балаларды табиғатқа жақындатады.
  1. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру
  • Сюжеттік ойындарды шығармашылық сабақтарға қосу арқылы балалардың қиялын дамытуға болады. Мысалы, «Сурет галереясы» ойынында балалар өз картиналарын салып, оларды «көрмеде» көрсетеді.
  • «Құрылысшылар» ойынында балалар пластилин мен басқа да материалдарды қолданып ғимараттар құрастырады.
  1. Музыка
  • Музыкалық іс-әрекетке сюжеттік элементтер қосу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады. Мысалы, «Оркестрді басқару» ойынында балалар түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, дирижер рөлін орындайды.
  • «Хорда ән айту» ойыны арқылы топтық әрекет пен музыкалық импровизация дағдыларын қалыптастыру.
  1. Дене шынықтыру
  • «Спорттық жарыстар» немесе «Өрт сөндірушілер» сияқты ойындарды дене шынықтыру сабақтарында қолдану арқылы балалардың физикалық белсенділігін арттыруға болады.
  • Бұл ойындар балалардың қозғалыс дағдыларын жетілдіріп, олардың денсаулығын нығайтады.
  1. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
  • «Ғалымдар зертханасы» немесе «Инженерлер кеңесі» сияқты ойындар балалардың зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.
  • Ойын барысында балалар жаңа нәрселерді ашып, өз идеяларын ұсына алады.

Сюжеттік ойындарды ұйымдастырудың артықшылықтары

  1. Балалардың қызығушылығын арттырады.
  2. Әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамытады.
  3. Танымдық белсенділікті оятады.
  4. Шығармашылық қабілеттер мен қиялды жетілдіреді.
  5. Балалардың күнделікті өмірге дайындалуына көмектеседі.

 

Ертегілер функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда және сюжеттік-рөлдік ойындарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Олар балаларға өмірлік құндылықтарды үйрету, әлеуметтік дағдыларды дамыту және ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін тиімді құрал болып табылады. Ертегілер арқылы балалар нақты өмірде кездесетін мәселелерді түсініп, оларды шешу жолдарын іздеуге дағдыланады. Ертегілердің кейіпкерлері балаларға оң мінез-құлық үлгісін көрсетіп, қарым-қатынас жасау, өзара көмек және әділдік сияқты маңызды қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Сюжеттік-рөлдік ойындар ертегілер негізінде жүзеге асырылады, бұл балалардың қиялын дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттырады. Ойындар барысында балалар өздерін әртүрлі рөлдерде сынап, жауапкершілік пен топтық жұмыс дағдыларын меңгереді. Сондай-ақ, ертегілердің сюжеттері балаларды логикалық ойлауға және күрделі мәселелерді шешуге үйретеді. Ертегілер мен сюжеттік-рөлдік ойындар білім беру процесін қызықты әрі нәтижелі етеді, балалардың танымдық қабілеттерін дамытып, оларды күнделікті өмірге дайындайды.

  1. Балалардың рөлдік әрекеттерін ұйымдастыру

Ертегілер сюжетін негізге ала отырып, балаларға түрлі рөлдер беріледі. Бұл оларға өзін кейіпкердің орнына қойып, оның шешімдерін, мінез-құлқын сезінуге мүмкіндік береді.

  1. Құндылықтарды тәжірибеде қолдану

Ертегідегі кейіпкерлердің шешімдерін орындау арқылы балалар құндылықтарды тәжірибеде қолдануға дағдыланады.

  1. Топтық жұмысты дамыту

Сюжеттік ойындар ұжымдық жұмысқа негізделген. Бұл балалардың бірлесіп жұмыс істеу, келісімге келу қабілеттерін дамытады.

  1. Проблемалық жағдайларды шешу

Ертегі сюжеттерінде жиі кездесетін проблемалық жағдайлар сюжеттік-рөлдік ойындарда қайта жаңғырығуы мүмкін. Бұл балаларға шешім қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Ертегілер функционалдық сауаттылық пен сюжеттік-рөлдік ойындарды жүзеге асыруда ертегілер келесідей топтастырылады:

1.Әлеуметтік және адамгершілік қасиеттерді дамытуға арналған ертегілер

2.Экономикалық сауаттылықты үйретуге арналған ертегілер

3.Еңбекке баулуға арналған ертегілер

Мысалы: еңбекке арналған ертегілер.

  1. Үйшік

Тақырыбы: Еңбек бөлінісі.

Мақсаты: Жұмысты дұрыс бөлісу маңыздылығын түсіндіру.

Үйшік

(Орыс халық ертегісі)

Мұнараның барлық тұрғындары арасында жұмыстың қажеттілігін, үй шаруасын бөлісудің маңыздылығын түсінуді қалыптастыру; ертегі кейіпкерлерінің достыққа, өзара көмекке деген эмоционалды жағымды көзқарасын тудыру. 

Қысқаша мазмұны.  Қырдың басында бір үйшік тұр. Ол үйшікті тышқан көріп қуанып  сол үйшікте өмір сүре бастады. Оған бақа-бақа балпақ бірге тұруға сұранып үйшікте енді екеуі болды. Үшінші болып кірпі, төртінші болып әтеш қосылды. Бұлардың бәрі мәз-мейрам тату-тәтті өмір сүре бастады. Тышқан бидай тазалайды, бақа ботқа пісірді, әтеш гарон тартып басқаларының  көңілін көтереді, кірпі болса үй күзетеді.

Бір күні аю келіп бұл тұрмысқа  көзі түсіп кетеді, ол да осы үйшікте тұрғысы келіп қорбандап барып үйшікті қиратып алады. Басқа тұрғындар үйден әзер қашып шығады.

Аю кінәлі екенің біліп жануарлардан кешірім сұрап қайтадан үлкен үй салуды ұсынады. Аңдар келісіп біреуі бөрене әкелсе екіншісі оны арамен кесіп үлкен үй салды. Бұл үй алдынғы үйшікте де тамаша үлкен үй болып шыға келді. Аңдартату тәтті өмірлерін жалғастыра берді. 

Материалы: «Теремок» қуыршақ театры.

Экономикалық категориялар: еңбек, еңбек бөлінісі, пайда, шығын.

Сұрақтар:

?  Үйшік тұрғындары қандай жұмыстар атқарды?

? Сн қалай ойлайсын, бәрі бір іспен айналысты ма?

?  Үйшік қалай қалпына келтірілді?

Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттер: қажырлы еңбек, қамқорлық, дос болу қабілеті, өзара көмекке әзірлік.

Сұрақтар:

?  Мұнарада жануарлар қалай өмір сүрді?

?  Олар   неге бір-біріне көмектесті?

?  Еңбек бөлінісі дегеніміз не?

?  Сіздің отбасыңызда еңбек бөлінісі бар ма?

?  Мұнара шаруашылығының тұрғындары қандай болды?

 

  1. Адам мен аю

Тақырыбы: Еңбек нәтижесі.

Мақсаты: Жұмыстың маңызын көрсету және еңбектің қайтарымын түсіндіру.

Адам мен аю

(орыс халық ертегісі)

Ауыл тұрғынының еңбек сипаты туралы түсінік қалыптастыру; еңбек нәтижесін болжай білу қабілетін, тапқырлықты дамыту.

Қысқаша мазмұны. Бір күні адам бақшасына шалқан егеді.  Аю оған келіп, оны сындырамын дейді. Ер адам оған қол тиіспеуін өтінді. Егін піскен кезде оны аюмен бөлісетінің білдірді: ол тамырын алады, ал шыңдары – оған. Шырынды шалқан өсті. Егінді бөлудің уақыты келді. Адам аюға шалқанның сабақтарын (жапырағын) беріп, ал шалқан түбіндегі көкіністі нарыққа сауға алып кетеді.

Аю дәмсіз сабақтарды сынап көрді және  адам оны алдағанын түсінді. Келесі жылы адам бақшасына бидай өсіреі. Аю қайтадан барып енді алданбаймын осы жолы мен тамырын аламын деп айтты.  Бірақ бұл жолы да аю пайдасыз тамырмен ештеңе әстей алмады. Сол кезден бастап адам мен аю өш екен.

Материал: «Адам және аю» көлеңкелі театры.

Экономикалық категориялар: еңбек, пайда, тауар, шарт (сендіру), пайда.

Сұрақтар:

?  Адам бақшада не істеді?

?  Ол егінді қалай бөлді?

?  Неліктен ер адам шалқанды қалаға апарды?

?  Неліктен ер адам келесі жылы қара бидай сепкен?

?  Ер адам қандай жұмыс жасады: қажетті (маңызды) немесе жоқ?

Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттер: еңбекқорлық, парасаттылық, тапқырлық, әділеттілік сезімі.

Сұрақтар:

?  Ер адам егінді қалай сақтап қалды?

?  Адамның аюды алдауына қандай қасиет көмектесті?

?  Ер адам аюмен әділ әрекет жасады ма?

Қорытынды: өзінің еңбегі мен тапқырлығының арқасында адам шалқан мен қара бидай егінінде қалып, тауар мен пайда тапты. Аю жұмыс істегенді ұнатпады және дәмсіз шыңдар мен тамырлармен қалды.

 

Негізгі және ресурстық әдебиеттер тізімі.

1.Балабақшадағы  дидактикалық  ойындар  және мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  сенсорлық білім беру жаттығулары / ред.Л. А. Венгер. – М., 1978. – 110с.

2.Айдашева Г. А. Мектепке дейінгі жеке тұлғалар педагогикасы / Г. А. Айдашева.

  1. Бала мен балабақша №6,2023ж

4 .Қ.Ж. Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технология» Тараз.ТарМУ, 2003ж

5.А. Күзембаева «Дидактикалық ойындар», 2014ж

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*