Нуранова Жулдыз Амырханкызы
Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасы
тәрбиеші, педагог-модератор
«Алтын күз»
Мнемотехника әдісі негізінде балалармен ұйымдастырылған оқу қызметті
Мақсаты:Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту. Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға дағдыландыру, «Алтын күзде» шығармасыарқылы сөздік қорын молайту. Балалардың қызығушылығын арттыру. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Құрал — жабдықтар: үлгі сурет, қылқалам, су бояу, қол сүртетін сүлгі.
Сөздік жұмыс: жомарт күз
Әдіс тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Күз туралы суреттер, мнемокесте, үлгі.
Қолданылатын технология: Дамыта оқыту технологиясы
- Ұйымдастырушылық-ізденістік кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Әуенмен көңілді сәлемдесу
2.Балалар, мен жұмбақ — өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін» (Күз)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар рақмет. Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап — сары түске боялып, сарғаяды. Сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Мнемокестемен жұмыс:
Енді маған берілген мнемокестеге қарап, күз мезгілінде болатын өзгерістерді айтып береді?
-Күзде ағаштар сары түске боялады.
-Күн көзінің жылуы азайып, ауа райы салқындайды.
-Жаңбыр жиі жауады.
— Жапырақтар түседі.
-Адамдар жылы киінеді.
Мнемокесте арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
- Негізгі бөлім
- Ғажайып сәт:
- Есікті қағып, топқа Күз ханшайымы кіреді.
- Балалар, бізге қонақ келіп қалыпты.Сәлеметсізбе, Күз ханшайымы?
- Балалар қонағымыздың көңіл-күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екнін өзінен сұрап көрейікші. Күз ханшайымы сіз неге көңілсіз күйдесіз?
- Менің ағаштарымнын жапырақтары түсіп, сұлулығым жоғалып барады. Сол себепті көңілсізбін. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
- Әрине, біздің балалар өте мейірімді, қамқор. Олар қазір – ақ сізге көмектеседі.
Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу. Күз ханшайымының дайын үлгі ағашына жапырақтардың суретін салады. Аяқталған суреттерді тақтаға іліп көрме жасайды.
- Сергіту сәті:
Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық «Кап-кап,тук,тук» әнінін мнемокесте арқылы қимылдармен көрсету.
- Рақмет, балалар енді орындарымызға жайғасайық.
Дидактикалық ойын:
«Жемістер мен көкөністерден қыстық тәтті шырындар мен ащы салаттар жасау»
Қорытынды:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ауа-райы қандай болады екен?
-Ненің суретін салдық?
-Жапырақтардың түсі қандай екен?
-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?