Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 114 бөбекжай балабақшасы «Еко Шебер бала» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинар шымылдығын балабақша меңгерушісі Сыбанбаева Женискул Батыровна ашып берді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың қазан айында әдіскер Джапарова Райгуль Сабигазыевна Польша мен Германия елдерінде кәсіби тағылымдамадан өткен еді. Қазіргі таңда халықаралық тәжірибені өз балабақшасына енгізіп, балаларға сапалы білім беруді жүзеге асыруда. Семинардың мақсаты жөнінде аталған балабақша әдіскері Джапарова Райгуль Сабигазыевна айтып берді.
Семинар барысында балабақша тәрбиеленушілері орыс және қазақ тобы болып екіге бөлініп, ойын іс-әрекетіне көшті, Еркибаева Эльвира Гинаятовна , Жолдасбаева Майгуль Манасовна және ата-аналар бірлесіп топтық жұмыстар атқарды.
Бүгінгі семинарға Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері Раймова Лайла Мауленовна, балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері келіп қатысты. Семинарға қатысушы қонақтар QR код арқылы тіркеліп, бағдарламамен танысып, балабақша дәлізінде табиғи материалдардан жасалған көрмені тамашалады. Ағымдағы жылы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері шет елдерге барып тағылымдамадан өтіп келген болатын. Польша мен Германиядан алып келген тәжірибелерімен бөлісіп, бүгінгі семинарда жан-жақты ашып көрсетті.
СНХ; көрініс жұмыс жасау барысы
СНХ; Раймова Лайла Мауленовна
«Ғажайып сабан» тақырыбында тәрбиешілер Гуламова Айнурям Ахметжановна мен Қабдылқұмарова Зауре Айдарқызы балабақшада қолданылып жүрген табиғи материал — сабанмен жұмыс бойынша шеберлік сыныбын семинарға қатысқан педагогтармен бірлесіп балабақша ауласы «Есо паркта» ұйымдастырды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, шараға атсалысты. Сабан шөбінен жасалған бұйымдар балабақша бұрышына көрік беріп тұр. Ұсақ қол моторикасын дамытуда да алар орны ерекше. Көптеген заттарды балалар мен тәрбиешілер, ата-аналар бірлесе жасаған. Бүгінгі семинарда барлығы сабаннан, сабан дәнінен әдемі бұйымдар жасап, көпшілік назарына ұсылды.
СНХ: алғыс әдіскер 104 Айгерим Алтайқызы
Семинарды қорытындылай келе, ұжым болып бала бойына тәрбие мен білімді қатар сіңіріп жүрген тәрбиешілер мен әдіскерлердің еңбектері ұшан теңіз демекпіз. Алған тәжірибелерін өзгелермен бөлісу жолында аса ыждахаттылықпен дайындалғандары іс-әрекеттерінен көрініп-ақ тұрды. Қарапайым шөп сабаннан қаншама дүние жасалған. Көздің жауын алатын мұнша дүниеге балабақша педагогтары мен ата-аналардың да қосқан үлесі зор. Олар аянбай атсалысып, болашақта да осындай семинарларды жиі өткізбек. Семинар соңы өнерпаздардың попурри әнімен жалғасты. Балабақша ауласындағы іс-әрекет аяқталып, кері байланыс орнады.
Жұлдыз Смаилова
“Білім айнасы”
Алматы қаласы