Home » статьи » Ас атасы — нан

Ас атасы — нан

Алматы қаласы Алмалы ауданы білім басқарамасына қарасты КМҚК № 93 бөбекжай-балабақшасы  Жоба:Ас атасы-нан» негізінде  қалалық  деңгейде семинар  өткізді.

Балабақша ұжымы Қытай Малазия елдеріне іс-сапар бойынша осы ауқымды тақырыпты қамтыды. Тағылымдамадан өтіп біліктілігін арттырған маман меңгеруші Ибраева А.Т. өзінің іс-тәжірибелерімен бүгінгі семинар барысында бөлісті.
Семинарға Алматы қаласы білім бөлімінің орынбасары Малгаждарова Б. Т.
Алматы қалалық мектепке дейінгі тәрбие  бөлімінің басшысы Сагиева  А. Ж.
Қалалық ресурстық орталық жоба жетекшісі Мустафаева  А. С.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедра оқытушысы Еркебаева С. Ж.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Койшыбаева З. К.
Аудандық білім бөлімінің маманы Доскеева М. Н.
Қала бойынша МДҰ педагогтері.
Бақ өкілдері қатысты. Аталған балабақша әдіскері  Намазбекова Г.А. іс-шараны ашып, алғы сөз сөйледі.
Жоба аясында атқарылған жұмыстар жиынтығына интербелсенді тақтадан толық мәлімет берді меңгеруші Ибраева А.Т.

     
Семинарды өткізудегі мақсат — қатысушыларға «Ас атасы – нанның» маңыздылығын  түсіндіре отырып, әлеуметтік дағдыларды дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, балалардың экологиялық санасын қалыптастыру. Балабақша тәрбиеленушілері тақырыпқа сай дайындаған «Берекелі,дәнді  алқап!» атты көлеңке театры арқылы, көрінісін көрермен назарына ұсынды. Балалар егіс алқабын бейнеледі. Көрермендерге қарапайым шаруаның маңдай терімен егін алқабыныда бейнеттеніп еткен еңбегін көрсетті. Осы арқылы тәрбиеленушілер ас атасы — нанның қадір-қасиетін жете түсініп, түйсіне білді. Олар бидай егіп, күтіп-баптап, күзде астықты орып, оны ұнға айналдырып, ұннан нан пісірді. Осылайша нанның қалай жасалатынын жеткізе алды. Одан әрі музыка жетекшісі Жұманова Ғ.С ұйымдастыруымен концерт өтті. Жиналғандар шат-шадыман күйде ән тыңдап, би биледі.

Семинар барысында төрт топтың тақырыпқа сай жұмыстары көпшілік назарына ұсынылып, баға берілді.1.ортаңғы «Барыс»тобы «Нан қайдан келеді?»тәрбиеші Смагулова Р.А.2.ересек «Маржан»тобы «Дүкен» тәрбиеші Нұрлыбай Ж.А.3.мектепалды «Қарлығаш» тобы «Нан тіршілік нәрі»тәрбиеші Батырбекова А.М. 4.мектепалды «Жұлдыз» «Ас атасы-нан» тәрбиеші Утебалиева А.Б.
  

Көпшілік дене  тәрбиесінің нұсқаушысы Наурызбаева А.Б ның нұсқауымен  «Бестемше», «Хоккей» ойындарын ойнатты. Психолог Абильдаева А.Б ның «Пікір және эмоция » қабырғасы деп аталатын жұмысымен жалғасты. Мұнда әр қатысушының пікірі ескеріліп, шынайы эмоциялары көрінді.

Тәжірибе алмасу семинарына келген қонақтар ерекше әсер алып,  басқа балабақша ұжымдары да осындай семинар ұйымдастыруды жоспарлады. Жалпы семинар жоғары деңгейде өтті десек артық айтпаспыз. Тағылымдамадан өткен мамандар өздерінің іс-тәжрибелерімен жан-жақты бөлісіп даму жолында аянбай еңбек етуде. Олай болса біз де өз тарапымыздан әр істеріңізге сәттілік тілейміз демекпіз. Тақырыпқа арқау болған ас атасы Нанның қадір қасиеті қашанда биікте.

Алматы қаласы.
КМҚК №93 бөбекжай-балабақшасы
меңгеруші: Ибраева Айжамал Тынысовна.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*