Таттибаева Гулжан Берликовна
Кәсіптік білім мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі,
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы, Тараз қаласы., Қазақстан
Дулат Лаура Арнұрқызы
6В01403 – «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» мамандығының 3-курс студенті
6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Көрнекі өнердің қазіргі заманғы түрлері» пәнінен
студенттер бейнелеу өнерінің түрлері, техникасы, құралдары, материалдары туралы білім беру, әлемдік мәдени мұраның мәнін түсіну, кәсіби қызметте өнердің түрлері, жанрлары туралы білімді қолдану, идеяны өнердің мәнерлі құралдарымен жеткізу дағдыларын меңгереді.
Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: бейнелеу өнеріндегі заманауи үрдістер. Қазақстандық суретші-дизайнерлердің заманауи шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрлары. Сандық өнер. Көрнекі өнердің экспрессивті және көркемдік құралдары. Қазіргі бейнелеу өнеріндегі ұғымдар.
Көрнекі өнер, яғни бейнелеу өнері, өз тарихында көптеген өзгерістер мен дамуларды бастан өткерді. Бұған дейін түрлі дәуірлерде өзіндік ерекшеліктері мен мәні бар өнер түрлері болған болса, қазіргі заманғы көрнекі өнер көптеген жаңа бағыттар мен инновациялық тәсілдермен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде көрнекі өнер өзінің дәстүрлі түрлерінен бөлек, сан түрлі жаңа бағыттармен байып келеді, оның ішінде авангардизм, абстракционизм, стрит-арт және сандық өнер сияқты жаңа түрлері бар. Бұл мақалада көрнекі өнердің қазіргі заманғы түрлеріне, олардың ерекшеліктеріне, даму бағыттарына және әлемдегі ең танымал трендтерге талдау жасалады.
Қазіргі заманғы көрнекі өнердің негізгі бағыттары. Қазіргі заманғы көрнекі өнердің дамуында бірқатар бағыттар мен мектептер пайда болды. Бұл бағыттардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен және жаңа идеялармен ерекшеленеді. Олардың ішінде келесі негізгі бағыттарды атап өтуге болады:
Авангардизм-20-ғасырдың басында пайда болған өнер ағымы, ол дәстүрлі эстетикалық нормалар мен формаларды бұзып, жаңа эстетикалық құндылықтарды іздеді. Бұл өнер бағытында форма мен мазмұнның шектен тыс эксперименті орын алды. Авангардистер классикалық өнердің стильдеріне қарсы шықты және өз жұмыстарында жаңа формалар мен көркем тәсілдер ұсынды. Мысалы, Пабло Пикассо мен Василий Кандинскийдің шығармалары авангардизмнің маңызды үлгілеріне жатады.
Абстракционизм-бейнелеу өнерінің белгілі бір заттарды немесе нақты нәрселерді көрсетуден бас тартуын білдіреді. Бұл бағытта суретші өз шығармасында нақты бір бейнелерді емес, тек геометриялық пішіндер мен түстерді қолданады. Абстракционизмнің басты мақсаты – көрерменнің ішкі әлемін қозғау, эмоциялар мен сезімдерді бейнелеу. Абстракционизмнің негізгі өкілдері ретінде Василий Кандинский, Казимир Малевич және Пит Мондрианды атап өтуге болады.
Стрит-арт-қалалық кеңістіктерде пайда болған, өнердің қоғамдық және әлеуметтік тұрғыдан мәнін көрсетуге бағытталған түрі. Бұл бағыттың басты ерекшелігі – өнер туындыларының қоғамдық ортада, көшелерде немесе қоғамдық орындарда орналастырылуы. Стрит-арт өзінде үлкен әлеуметтік және саяси мағынаны қамтиды, көптеген өнер туындылары қаланың мәдениетін немесе белгілі бір әлеуметтік мәселелерді көрсетуге бағытталған. Бенкси, Джейсон Полло, Шепард Фейри сияқты стрит-арт суретшілері әлемге танымал.
Жаңа медиа өнері-заманауи технологияларды пайдалану арқылы жасалатын көрнекі өнер түрі. Бұл бағытта сандық технологиялар мен компьютерлік графика, анимация, виртуалды шындық және интерактивті медиа қолданылады. Жаңа медиа өнері көбінесе көрермендер…
Инсталляция өнері-көркем шығармаларды кеңістікте орналастыру арқылы жаңа формадағы өнер туындыларын жасау әдісі. Бұл өнер түрінде көрермен мен шығармашылық кеңістік арасындағы өзара әрекет өте маңызды. Инсталляцияларды жасау барысында суретшілер дәстүрлі өнер құралдарынан бас тартып, кеңістікті, объектілерді, дауысты, бейнелерді және жаңа технологияларды пайдаланады. Инсталляциялардың мақсаты – көрермендерге жаңа сезімдер мен ойларды жеткізу, олардың шығармашылық кеңістікте өзара әрекеттесуін ынталандыру.
Көрнекі өнердің қазіргі заманғы өзгерістері мен әлеуметтік мәні. Қазіргі заманғы көрнекі өнер тек эстетикалық құндылықтарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени және философиялық тақырыптарды қозғауға мүмкіндік береді. Көрнекі өнер саласында әлеуметтік мәселелердің, экологиялық жағдайлардың, саяси өзгерістердің, адамның психологиясы мен рухани әлемінің көрініс табуы маңызды. Қазіргі заманғы өнер көбінесе тек жеке тұлғаның эмоцияларымен шектеліп қоймайды, ол бүкіл қоғамды ойландыратын сұрақтарға жауап береді. Мысалы, экологиялық дағдарыс, адам құқықтары, цифрландыру, жасанды интеллекттің қоғамдағы ролі – осы тақырыптар көптеген өнер туындыларында көрініс тапқан.
Сонымен қатар, қазіргі көрнекі өнер өнердің шекарасын кеңейтіп, оны жаңа технологиялармен, мәдени құндылықтармен, қоғамдық пікірмен байланыстырады. Арт-эксперименттер мен жаңа тәсілдер мәдениетаралық диалогты тереңдетуге, ұлттық және жаһандық мәдениеттің байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы көрнекі өнердің Қазақстандағы дамуы.
Қазақстанда да көрнекі өнер өзінің дамуын жалғастыруда. Жас суретшілер мен өнертапқыштар дәстүрлі өнермен қатар, қазіргі заманғы өнердің түрлі бағыттарында шығармашылық ізденістер жүргізуде. Қазақстанда заманауи көрнекі өнердің негізгі түрлерін дамытуға үлкен үлес қосып жатқан галереялар мен өнер орталықтары да бар. Бүгінгі таңда Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларда көрнекі өнер галереялары мен мәдени орталықтар қазіргі заманғы өнердің жаңа формалары мен бағыттарын көрсетуге бағытталған көрмелер өткізіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы халықаралық көрмелер мен фестивальдер де өнерсүйер қауымды жаңа идеялар мен шығармашылық жаңалықтармен таныстырып келеді.
Қазіргі заманғы көрнекі өнер дәстүрлі көркем өнердің шекарасын кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер мен бағыттар ашады. Әрбір өнер түрі жаңа тәсілдер мен технологиялар арқылы өзінің көркемдік мәнін іздестіріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді қозғауға көмектеседі. Әлемдік өнерде де, Қазақстанда да көрнекі өнердің заманауи түрлері көптеген жаңалықтармен таныстырып, мәдениетаралық диалогты нығайтуға, өнердің әлеуметке ықпал ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
Қазақстанның заманауи өнері соңғы жылдары айтарлықтай дамып, жаңа бағыттағы таланты суретшілердің пайда болуымен ерекшеленуде. Олар дәстүрлі және қазіргі заманғы өнерді үйлестіре отырып, ұлттық мәдениеттің жаңаша қырларын көрсетуде.
Ақжан Абдалиева— қазақтың таланты суретші қыздарының бірі. Оның шығармалары ұлттық нақыш пен заманауи стильді біріктіре отырып, көрерменге ерекше әсер қалдырады.
Анара Әбжанова – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, оның жұмыстары АҚШ, Иран, Япония, Ресей, Франция, Италия және басқа да елдерде танылып, жоғары бағаланған.
Анвар Мусрепов-алматылық суретші, өз жұмыстарында цифрлық технологияларды қолданады.
Гүлназым Өмірзақ-қазақстандық суретші, оның картиналары Кипрдағы жаңа мұражайда қойылған. Оның шығармалары ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін заманауи өнер арқылы жеткізеді.
Лейла Махат-танымал қазақстандық суретші, президент «Еуразиялық өнер академиясының». Ол жас суретшілердің «Бір қадам алға» атты көрмесін ұйымдастырып, олардың шығармашылық дамуына үлес қосуда.
Бұл суретшілердің шығармашылығы Қазақстанның заманауи өнерінің дамуына үлкен үлес қосып, ұлттық мәдениеттің әлемдік деңгейде танылуына ықпал етуде.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Оспанова, А.Д.Өнер тарихы : Оқу құралы. / Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті. — Шымкент, 2020. — 182 б.
- «Тулеева, Ж.Қолданбалы өнер тарихы : Лекция. . — Шымкент: ЮКГУ им. М. Ауэзова, 2007.-6 б.
- Кудлай, Л. И. История искусств [Текст] : учебное пособие / Л. И. Кудлай. — Тараз : Тараз университеті, 2014. — 293 с.
- Сәрсенбаев, Ә.Арнайы сурет [Мәтін] : оқу құралы / Ә. Сәрсенбаев. — Алматы : ЭСПИ , 2020. — 136 б.
- Әбдуали, Т. Сурет салуды уйрен [Электрондық ресурс] : оқу құралы / Т. Әбдуали. — Алматы : Агроуниверситет, 2009. — 328 б. — Б. ц.
- Қамақ, Ә. О. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі [Мәтін] = Дәрістер, зертханалық сабақтар, бақылау материалдары : оқу құралы / Ә. О. Қамақ. — Алматы : Эверо, 2017. — 196 б.
- Адамкулов, Н. М. Бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі. Академиялық сурет салу үрдісінің теориялық-әдістемелік нұсқаулар [Электрондық ресурс] : оқу құралы / Н. М. Адамкулов. — Алматы : ЭСПИ, 2020. — 132 б. — Б. ц.