Алматы қаласы Наурызбай ауданы
КМҚК “№ 45 бөбекжай-балабақшасы”
мектепалды “Қарлығаш”тобының тәрбиешілері
Алемсеитова Рахима Кабиевна
Кишанова Куралай Рыскалиевна
Балабақша — кез келген бүлдіршіннің зейінін ашып, салауатты өмірге баулитын бірден бір мекен. Бұл жерде баланы білімге де, өнерге де тәрбиелейміз. Тәрбиешілер бірігіп ұжым болып бүлдіршіндеріміздің өсіп-өнуі жолында аянбай тер төгіп келеміз. Үнемі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, өлең оқып, жаттау жаттатып түрлі тәсілдер қолданамыз. Бұл жолы өзгешелікті қаладық. Бүгінгі бала — ертең оқушы, олай болса балабақшамыздағы мектепалды топтарының тәрбиеленушілерін ертіп Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында орналасқан Рахим Сарсенбин атындағы № 192 жалпы білім беретін мектеп қабырғасына барып, саяхат жасауды жөн көрдік. Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық негізі — қызығушылықты дамыту, шығармашылық мәселелерді өз бетінше шешу қабілетін дамыту, баланың интеллектуалды жеке дамуына бағытталған шығармашылық қиялды қалыптастыру болып табылады. Мектепте болу ыңғайлылығы оқыту жүйесін ұйымдастыруға байланысты болмауы керек, сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш буын арасындағы сабақтастық баланың үздіксіз білім алу шарттарының бірі болып табылады.
Балаларымызбен аталмыш білім ұясына да жеттік. Тәрбиеленушілеріміздің көздерінде от, жүздерінде қуаныштың нұры тұрды.
Мектепте бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Байтокаева Гульвира Исабековна балаларды қарсы алып, мектеп ішін аралатып, экскурсия жасады. Балалар мектеп асханасынан бастап, акт зал, спорт зал, кітапхана, көрме жеке сынптарды аралап мәз болды. Көпшілігі мектепке тезірек барып оқушы атанғылары келгендіктерін бір-біріне қуана жеткізіп жатты. Біз де өз тарапымыздан мұндай шығармашылық достық бүлдіршіндердің мектепке сәтті дайындалуларының кепілі деп сенеміз.
Өз тарапымыздан мектеп ұжымына ризашылығымызды білдіреміз. Балалардың мектепте өткен саяхаттан алған әсерлерін айтып жеткізу мүмкін емес, сонымен қатар қонақжай мектеп ұжымының еңбегіне тәнті болдық. Әсіресе кітапхана басшысы қазақы дәстүрмен «қуыс үйден құр шығармайық» деген ниетпен балаларға кітап тарту етті. Болашақ оқушылар да қарап қалмады, өздерінің білетін тақпақтарын жарыса айтып, ұстаздарды таңқалдырды. Олар, кітап сөрелерімен және әліппемен танысты. Осынша сый құрмет. пен қошеметке бөленген балалар шат-шадыман күйде тарқасты.
Біз де болашақ оқушыларымызға деген ақ ниетпен тәрбиеленушілерімізді алып балабақшамызға оралдық, ойымызда мектепте өткен саяхат.