Home » статьи » Кинология

Кинология

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кинологиялық орталығы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің Мемлекеттік бағдарламасы аясында Үкіметтің қаулысымен 2002 жылғы 27 наурызда құрылды.

Орталықтың Алматы қаласында орналасуы ең алдымен кинологтар мен қызметтік иттерді жыл бойы дерлік даярлауға мүмкіндік беретін қолайлы климаттық жағдайлармен түсіндіріледі.
Кинологиялық орталықта неміс және бельгиялық овчарка, лабрадор-ретривер, спаниель тұқымындағы қызметтік иттер бар.

Полиция департаменттері үшін кинолог мамандарын даярлау жүйесінің негізгі буыны – ІІМ-нің Кинологиялық орталығы болып табылады. Бұл – полиция және ҚАЖ қызметкерлеріне «кинолог маманы» біліктілігін беру туралы сертификат тапсыруға уәкілетті жалғыз құрылымдық бөлімше..

08.04.2025 жылы №203 жалпы білім беретін мектеп оқушылары кинология орталығына қызықты сапар жасады. Ол сапарға 5,6, және 10 сынып оқушылары барды. Кинология орталығына кіргеннен оқушылардың көңіл- күйі көтерінкі болды. Арнайы дайындық бөлімінің аға жедел уәкілі,полиция майоры Кәрібаев Ерік Байғалиұлы  қарсы алды. Оқушыларды   кинология орталығының  өз ережелерімен таныстырды. Ережемен мұқият танысқан  оқушылар, өз сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.  Ерік Байғалиұлы оқушыларға  иттермен  өткен  қызықты әрі көңілді сәттерді ерекше айтып берді. Өз жұмысына деген адалдығын, сүйіспеншілігін, құрметін,  істеген іс-әрекетінен, жүргізген жұмысынан байқауға болады. Өте білікті,білімді маман екенін оқушыларға  жұмыс барысында қолданатын әр затты жіпке тізіп,түсіндіргенінен байқауға болады.     Ең қызықты сәтке де келіп жеттік. Жұмыс барысында пайдаланатын заттарды рет- ретімен көрсеткен Ерік Байғалиұлы    оқушыларды қызықтыра түсті. Есірткінің зиян екенін, денсаулықтың және тыныштықтың болмайтынын,  алданып қалмауларын  ескертті. Арнайы дайындықтан Хеппи  атты ит  оқушыларға есірткіні қалай іздеп тапқаннын көрсетті. Оқушылар  қызыққаны соншалық өз эмоцияларын жасыра алмады. Әсіресе  иттің ақылдылығына таң қалысып иесі айтқан бұйрықты бұлжытпай орындап, адал қызметіне ризашылығын білдіріп жатты.

Келесі болып оқушыларға қонаққа  Бельгиялық овчарка (малинуа) Астра  келді.  Полицияда және басқа да күштік құрылымдарда ең көп қолданылатын ит тұқымы. Бұл иттерді жиі «ит әлемінің Эйнштейндері» деп атайды. Олар өте белсенді, тез үйренеді және төзімділігі жоғары. Жоғары зияткерлігі мен дербестігі арқасында бұл иттер тыйым салынған заттарды іздеуге, із кесу арқылы қылмыскерлерді табуға, шабуыл кезінде немесе адамдарды құтқару барысында қолданылады.

Арнайы дайындық бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Алнұр Асхаттың  баптаған өте сүйкімді,ақылды және зерек  Астра қазақ тілінде айтқан бұйрықты бұлжытпай  орындады, бұл оқушыларды қатты қызықтырды.

Спаниель  хеппи– шағын бойлы, өте енергияға толы ит. Иіс сезу қабілеті жоғары дамыған, негізінен есірткі заттары мен жарылғыш заттарды іздеу кезінде қолданылады. Шағын көлемі мен адамға бейім, мейірімді мінезін ескере отырып, спаниельдер теміржол және әуе көлігінде тексеру іс-шаралары кезінде жиі пайдаланылады.

Әр иттің тарихын білу,қызығу оны арнайы маманның көрсетуімен көру оқушы үшін үлкен қуаныш. Осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға көп рахмет. Оқушылардың қызыққаны соншалық болашақта Кинология орталығына тағы да, келуге уағдаласты. Және осы мамандыққа қызыққан Салима  мен Амалия келешекте Кинолог маманы болатындықтарын айттып, Ерік Байғалиұлына жұмысына сәттілік тіледі.

№203 Жалпы білім беретін мектеп Директорының
тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі .
Құдайберген Майгүл Қуатқызы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*