Нуркенова Арайлым Шаймуратовна
Астана қаласы әкімдігінің
№5 «Ақбота»балабақшасының тәрбиешісі
«Салауат» ортаңғы тобы
Білім беру дағдылары:Қатынас,Таным,Шығармашылық.
Бөлімі:Сөйлемді дамыту, Құрастыру, Аппликация, сурет.
Ұйымдастырылған іс-әрекет: «Әжемнің сандығы»
Міндеттері: Балалардың білімдерін тиянақтап бекіту, берілген сұрақ-жауаптарға ойланып дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Балаларға ойын тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын танымын дамыту.Балаларды еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге, халықтық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ — жауап, мадақтау.
Құрал жабдықтар: безендірілген жартылай киіз үйдің іші, үлгі суреттер; тақтайша, үлгі суреттер. түрлі түсті қағаз,рамка, бояу,губка,көрнекілік суреттер, фэтр алаша, асықтар (топай),бұршақ,ою суреті.
(жасаулы тұрады)
Мотивациялық қозғаушылық
Барысы:
-Сәлеметсіздер ме!
-Балалар амандасу әдептіліктің белгісі, сондықтан әдепті бала екенімізді білдіріп қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
— Сәлем, саған алтын күн!
— Сәлем, саған жер Ана!
— Сәлем, саған көк аспан!
— Сәлем менің достарым!
— Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар!
-Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
-жақсы.
Ұйымдастырушы-ізденушілік
-Жақсы көңіл күймен іс әрекетімізді бастаймыз.
-Жарайсыңдар, тамаша орнымызға жайғасайық.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-өте тамаша!
-Қүз мезігілінде ауа райы қандай болады?
-Күз мезгілінде суық, жаңбыр болады.
-Жарайсыңдар,балалар!
-Қәне, балалар күзмезгілінен кейін қанай мезгіл асығып келді?
-Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілі немен ерекше?
-Қар жауады, аяз көтеріледі.
— Өте жақсы.!
–Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет өте қызықты болады.
Балалардың назарын сандыққа аударамын.
-Балалар, бұл не?
— Дұрыс, бұл әженің сандығы.
Осы сандықтың ішін көрейік не бар екен?
Сандық музыка әуенімен ашылады.
-Ал онда жұмбақты шешіп көрейік:
-Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
-Аспаннан домалап,
Көк моншақ төгілді.
Бусанды бар алап,
Терледі, кірледі.( Жаңбыр)
-Қанаты жоқ-ұшады,
Аяғы жоқ- қашады.( Жел)
Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар.
Алақай!
(балалар қуанады)
-Міне, жұмбақты шешіп болдық жарайсындар балалар.
Балалар біраз тапсырмалады да орындадық.(Тақтада үлгі ауыстырылады, әдемі әшекейленген бірнеше сандықтың үлгісі көрсетіледі.Соның біреуі таңданылады.)
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Балалар өлең жолдарын айта отырып, сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар жасайды
Балалар,біздің сандығымызда тағы зат бар.
Бұл не?
-Киіз үйдің суреті. Ал енді осы киіз үйде қандай жабдықтар бар?
Дұрыс. Домбыра,қамшы, тақия,алаша,сандық, әшекей бұйымдар.
Ал қане балалар,қарандаршы сандығымыздың ішінде не тағы бар?
Асық топай деп аталады. Өте жақсы.
Мен сендерге асық беремін, ол асық жай асықтар емес сыйқырлы тапсырмалары бар асықтар.
Балалар қызыл, жасыл, көк, сары түстерді өздері таңдайды. Жарайсыңдар балалар, енді осы төрт түсті асық арқылы топтарға орналасамыз.
1 тапсырма: «Ғажайып дақылдар» (ою табу)
тапсырманың шарты: жақтаудың ішінде түрлі дақылдар бар, оларды оң жаққа сырғу арқылы сурет табу.
-Балалар,дақылдардың қандай түрлерін көріп отырсындар?
-Тұйе бұршақ, арпа, бидай, қарақұмық.
-Жақсы.
Осы дәнді дақылдардан қандай тағам жасауға болады?
-Ботқа,сорпа, көже.
— Ал кане дақылдардың астында не көрдіңдер?
-Балалар жауап береді. Ою.
-Қандай ою? Қошқар мүйіз оюы.Өте жақсы. Бір-бірімізді мадақтаймыз. Алақай!(шапалақтайды )
Ал балалар, енді келесі тапсырманы бірге көрейік.
2 тапсырма: Сурет салу «Сиқырлы заттар»
тапсырманың шарты: түрлі түсті бояулармен бояу арқылы, сиқырлы заттарды табу.
-Балалар, алдарында неше түрлі түсті бояулар бар?
-Балалар жауап береді. Төрт түс бар.
-Қандай түстер?
-Қызыл, жасыл, көк және сары түстер бар. Өте жақсы.
-Балалар, осы түстер қандай затпен түстес болады екен?
-Қызыл-гул,шар,бантик;
— жасыл- шөп,жапырақ, бояу;
— көк- аспан,бұлт, қарындаш;
— сары- күн, ай, жұлдыз.
-Балалар, осы түстер арқылы қандай сиқырлы заттар шықты?
-Балалардың жауабы:Тақия, домбыра,торсық, киіз үй.
Тамаша! Бәрекелді.Балалар мадақтаймыз. Алақай!(шапалақтайды) Келесі тапсырмаға өтейік.
3 тапсырма: «Алма жапсыру»;
Тапсырма шарты: берілген қызыл және жасыл түсті қағазбен алманы жапсыру.
Балалар, не жабыстырдындар?
-Балалар жауап береді. Алманы .
-Қандай түстермен жұмыс жасадындар?
-Қызыл, жасыл түспен. Өте жақсы. -Алма қайда өседі?
— Балалар жауап береді. Ағашта өседі. Өте жақсы.
4 ойын: Фетр матадан «Алашаны құрастыру»
Тапсырма шарты:
Берілген түрлі-түсті оюларды алашаға келтіріп құрастыру.
Балалар, алдарында неше түрлі түсті ою бар?
-Балалар жауап береді. Төрт түс бар.
-Қандай түстер?
-Қызыл, жасыл, көк және сары түстер бар. Өте жақсы.
-Балалар, осы алашада қандай ою қайталанып тұр? Оюдың атын атап беріндер?
-Балалар, осы түстер және ою арқылы қандай сиқырлы зат шықты?Не құрастырды?
-Балалардың жауабы: Алашаны құрастырдық.
Рефлекциялық- түзетушілік
-Кәне, балалар , жасаған жұмыстарымызды Әжеміздің сандығына әкеліп ілейік.
Педагог балалардың жұмысын мадақтау арқылы бағалайды.
Сюжетті суретпен жұмыс жүргізеді, сұрақ-жауап негізінде әңгіме құрайды.
-Сандықты неден жасайды?
-Ол сандықты не үшін қолданамыз?
-Үйлеріңде сандық бар ма? Балалар сұрақтарға жауап береді.
Қонақтармен қоштасу
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: сандықтың ұлттық, сәндік бұйым екенін;
Қандай түсініктерді игерді: сандықтын әдемі бейнелерін істеуін;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сандықты әдемі әшекейлеу әдістерін.