Еришова А.
№4 «Шұғыла» бөбекжай- балабақшасы
«Табиғат таңғажайып әлем»
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау.Табиғатта болатын құбылыстарды бақылай білуге уйрету. Табиғатты сүюге, аялауға,оған қамқор бола білуге тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Зейіндікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу. Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген слайдшоу, аққаланың суреті, қыстың көрінісі, ағаштың суреті, желім .
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, пән аралық байланыс.
Ғажайып сәт: Табиғат әсемдігіне балаларды қызықтыру.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы күн болсын.
Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын!
-Балалар, қараңдаршы қар жамылған ағаштар, әдемі шыршалар, табиғат қаңдай әдемі. Ғажайып әлемінің сан түрлі қызықтары бар.
-Балалар, адам қаншама табиғаттың әсемдігіне , сұлулығына тамсанып, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған. Балалар біздің бүгінгі ойын іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Табиғат таңғажайып әлем»
— Балалар экранға қарайық.
-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қыста неше ай бар?
-3 ай
-Қандай айлар?
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Балалар қыс мезгілінде ауа райы қалай болады?
— Күн суық болады. Қар жауады.
— Жарайсыңдар балалар.
— Балалар бәріміз экраннан мультфильм көрейік.
— Осы кезде топқа мұз ханшайымы кіреді?
-Саламатсыздарма балалар?
-Саламатпа
-Күн қатты суық екен. Мен сендермен дос болайын. Менім сендерге өтінішім бар еді. көмектесіңіздерші Балалар мен сендерге тапсырмалар әкелдім.
1-топ «Аққала жасау»
2-топ «Қысқы көрініс»
3- топ «Қар жамылған ағаштар»
Сергіту сәті: «Аққала»
-Ал, балалар, кім қыс мезгілі туралы тақпақтар біледі?
Інжу:
Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Тұрар:
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.1
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Көзайым:
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні.
Тамирис:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз үп-үшкір
Көзі көмір қап-қара.
Айлин:
Күн аязды боранды,
Жер ақ қарға оранды.
Жылы жақтан келген құс
Жылы жаққа оралды.
Бекасыл:
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Адина:
Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз.
шығып алып далаға
сырғанақты тебеміз.
Арман:
Боран соқты оң жақтан,
боран соқты сол жактан.
Қар атысып ойнасақ,
су болады қолбақтар.
Ал, балалар мұз ханшайымының бізге көрсететін сиқыры бар екен. Оның сиқырлы таяғы бар екен. Ол бізге қазір қар жауғызады екен.
Қорытынды: Балаларға қосымша сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.
-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде не жауады?
-Қардың түсі қандай?
-Қыста неше ай болады?
-Аққаланы неден жасайды?
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Табиғаттағы құбылыстар жөніндегі түсініктерді;
Нені игерді: Табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуді;
Нені меңгерді: Қыс мезгілі сурет арқылы жапсырып, әңгімелеп берді.