Home » О нас » Біртұтас тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам

Біртұтас тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам

Айдахметова Анар Согысбековна
Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
КМҚЖ №72 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

Біртұтас тәрбие: сапалы білім берудегі маңызды қадам. Ұлттық құндылықтар — олардың тарихи
Өзіндік ерекшелігі Отан, тіл,тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.Менің ойымша осындай түпкі қазақылық тәрбиемізді, құндылығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру ізгі іс.

Наурыздың он бесі №72 бөбекжай-балабақшасында “Біртұтас тәрбиеге” байланысты іс-шара өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараның басында Құлыншақ тобының бүлдіршіндері келген қонақтарға амандасу мақсатында өздерін таныстырып жарыса өлең шумақтарын оқыды. Ұлттық құндылықты түсіндіріп, “қазақтың ұлттық аспаптары”, “ұлттық ойындар” , “ұлттық тағамдар” туралы білетін ақпараттарымен бөлісті. Электронды тақтада балаларға ұлттық ойын түрлері көрсетілді. Сол суреттерге қарап, тәрбиеленушілер ойын түрлерін ажыратты. Бүлдіршіндер екі топқа бөлініп мақал-мәтел айтып жарысты.
Кезек“Тақия тастамақ» ұлттық қозғалмалы ойынын ойнатуғада жетті. Балалар мәз болып қуана ойнады. Кейін халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың санына бердік .Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, кабілетін дамытады. Онын жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді.
Жұмбактың тәрбиелік мәні ете зор болғандықтан екі топты жарыстырдық. Құлыншақ тобының барлық тәрбиеленушілері ортаға шығып, қазақтың “ұлттық аспаптарымен” оркестр ойнады. Қыздар мың бұрала би билеп, ұлдар домбырамен күмбірлете күй тартты.

Осылайша бұл іс-шара арқылы, тәрбиеленушілерге қолымнан келгенше барлық білімімді, ұлттық тәрбиемді беруге тырыстым. Ұлтжандылыққа, елін сүюге махаббаттарын аштым деп ойлаймын.

Қорытындылай келе өз сөзімді былай аяқтағым келіп отыр: «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі !

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*