Home » Детский сад » Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 Наурыз -Ұлттық киім күні

Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 Наурыз -Ұлттық киім күні

Данаева Гулайым Турсынбаевна
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
«№119 бөбекжай-балабақшасы»КМҚК
меңгеруші

Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 Наурыз -Ұлттық киім күні.

Бұл күн, қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттау барысында атап өтетін ерекше мереке. Мерекенің мақсаты ұлттық құндылықты, ұмытылып бара жатқан сал-дәстүрімізді дәріптеу. Ұлттық киім қай ұлттың болмасын өзінің қарапайымдылығымен, ұтымдылығын, халқының салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.

Сондай-ақ, Ұлттық киім күні Алматы қаласы, Түрксіб ауданы «№119 бөбекжай-балабақшасында» ата-аналар мен балалардың және балабақша қызметкерлерінің арасында «Nauryz fashion 2025» көрсетілімін ұйымдастырды. Ата-аналар мен балалар іс-шараға белсене қатысып, қазақтың ұлттық киімін алуан түрлі қырынан көрсетті. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ дәрежесін, байлығын көрсетеді.

    

Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға мол септігін тигізіп, халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түсетініне сеніміміз мол. #nauryznama2025

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*