Наурыз тойы болғанда той болушеді бұл маңда деп, Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты Әуэзов ауданының № 47 бөбекжай балабақшасында Наурыз мерекесі аталып өтті. Ата-аналар мен ұжым болып ұйымдастырған мереклік іс-шара жоғары деңгейде өтті десек артық айтпаймыз. Балабақша табалдырығын аттаған бетте қазақы әуен шырқаған оркестор топ мүшелері өнер көрсетіп балабақша ұжымы қонақтарды мерекелік көңіл күйде қарсы алды. Қаз қатар киіз үй тігіліп құдды бір қазақ ауылына кіріп кеткендей кұйде болдым. Әр үйдің іші қазақы нақышта жабдықталып ұлттық тағамға толы ақ дастархан жайыпты. Ауыл адамдары болып бір бірінің үйіне Наурыз құтты болсын айтып кіріп шығып жүр.
Қазан- қазан наурыз көжеден дәм татқан көпшілік риза, әр үйдің алдында шашу шашып қарсы алған ақ жаулықты аналар, ақ сақалды аталар бата беріп балалар бауырсақ жеп ән айтып билеп жүр. Міні нағыз қазақы ауыл дерсің.
Қонақтарды қарсы алып сахна төрінде балабақша меңгерушісі Ләйлә Мауытбекқызы сөз сөйледі. Ол, Баршаңызды Ұлыстың Үлы күнімен құттықтаймын!
Мемлекетіміз -тұғырлы,
Тәуелсіздігіміз-ғұмырлы болсын!
Әз наурыз әрқасымыздың шаңырағымызға береке әкелсін деді.
Бәәйшешек, Күнбағыс, Қызғалдақ, Раушан, Лалагүл және Меруерт ауылдары ұлттық салт дәстүрге ден қойыпты. Балабақша топтары болып, әр ауыл ауласында түрлі рәсімдер өткізіп жатты. Бірі тұсау кесер рәсімін жасаса енді бірі бесікке салу дәстүрін көпшілік назарына ұсынды. Алаңда қара жорға билеген үлкен кіші болса, жиналған көпшілік балабақша бүлдіршіндерінің дайындаған концерттік бағдарламаларын тамсана тамашалады. Қошемет көрсетіп қолдапта отырды. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан әділқазылар алқасы құрылып ең әдемі әрі әсем безендірілген қазақ үйлерге баға берілді.
10:15-Кіші «Бәйшешек тобы. «Бесікке бөлеу» рәсімі.
10:25:Ортаңғы «Күнбағыс» тобы. Қазақтың ұлттық ойыны -Қол күрес.
10:35-Ортаңғы «Қызғалдақ»тобы. Ұлттық ойын-Асық ату.
10:45-Ересек «Раушан» тобы. «Тұсау кесер»-рәсімі.
10:55-Ересек «Лалагүл»тобы. Қазақтың ұлттық ойындары-Арқан тартыс, атқа мінгізу рәсімі.
11:05-Мектепалды «Меруерт» тобы. «Сүндет той» рәсімі.
11:15 -«Ең үздік аула -2025»
11:25-Оркестр. «Меруерт» тобы.
Ән. «Лалагүл» тобы.
Ортаңғы «Қызғалдақ» тобы . «Текемет» биі.
Ортаңғы «Күнбағыс» тобы. Ән.
Ересек « Раушан» тобы. Ән.
Ересек «Лалагүл» тобы. Би «Дастархан»
Ән. Кіші «Подснежник» тобы. Ән.
Би. Мектепалды «Меруерт» тобы.
Іс шара соңында барлық қатысушыларды ата-аналар тарапынан құралған әділ қазылар алқалары балабақша атынан құттықтап өнер көрсеткен бүлдіршіндерге дипломдар мен сыйлықтар үлестірді.
Жұлдыз Смаилова
«Білім айнасы»
Алматы қаласы