Алматы қаласы
«№22 бөбекжай-балабақша» КМҚК әдіскері
Алиева Мадина Жумабековна
Алматы, асқар тауың аялаған,
Баурында сен балапан саялаған.
Әсемдік әлемдегі бір өзіңде,
Табиғат сыр-сымбатын аямаған.
Абдрахман Асылбек, ақын
Малайзия және Қытай мемлекеттерінде Алматы қаласы, Алмалы ауданы КМҚК «№22 бөбекжай — балабақшасы» меңгерушісі Тайпанова Назира Зияшовна шетелдік тағлымдамада алған білімін шығармашылық ұжымға «Менің қалам ерекше» атты авторлық жобаны құрастырып ұсынды.
Арнайы бекітілген жұмыс жоспары негізінде «Алматыға келді гүл көктем» атты музыкалық және поэтикалық шығармашылық іс — шара әсем, көрікті,жастардың қаласы Алматыға арналды.
Алматы — әсем табиғатымен, тарихи ғимараттармен,ұлттық мұрасымен танымал қала.Бұл музыкалы-поэтикалық шығармашылық іс- шарада меңгеруші Тайпанова Назира Зияшовна құттықтау сөзінде келген қонақтарға, қатысушыларға алғысын білдірді.Балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері Алматы туралы жазылған ақын жазушылардың ән- жырларын жырлап, шағын қойылымдар қойып, өз өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ: Калымбетова Ж.М музыка жетекшісі, тәрбиешілер:Сулейменова С.С, Юсупова М.М, Рысбек А.Ш, Нұржанова Т.Ж, Искалиева М.Д, Русланова М.Р, Жырымова М.А іс-шараны жүргізуші Адилова А.Ж.
Біртұтас бағдарлама мен жоба аясында «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» бастамалар балабақшада отбасы мен білім беру мекемесінің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты мақсатымыз отбасы мүшелерін балалардың тәрбиесіне белсенді тарту. Ана – бірінші ұстаз, баланың дүниетанымын қалыптастыратын, жүрегіне мейірім мен махаббат ұялататын, адами құндылықтарды дарытатын басты тұлға. Жоба аясында қаланың ұлттық мұрасы, қолөнер бұйымдарын жасауда балабақшадағы «Аналар мектебінің бала тәрбиесінде алатын орны — болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ең маңызды, ең нәзік әрі терең негіздердің бірі». Аналар мектебі — осы қасиеттерді дамытуға бағытталған рухани-тәлімдік орта. Аналарымыз қыздарына рухани-адамгершілік тәрбие беру арқылы, инабаттылық, кішіпейілділік, сынды қасиеттерді аналарымыз күнделікті іс-әрекеті арқылы балаға сіңіріп отырған. Қазақтың дәстүрлі зергерлік әшекей бұйымдарын жасау арқылы тәлім тәрбие беруге ересек «Сұңқар» тобының тәрбиеленушілері Мәдәлі Сафия анасы Нуримбетова Ляйля , Орынбек Аруна анасымен бірге әшекей бұйымдарын жасап қолөнерін көрсетті.
«Әжелер мектебінің балаларды тәрбиелеудегі міндеті — ұрпақтар сабақтастығын сақтап, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлерді бойға сіңіру арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру». Әжелер мектебінде өзінің өнерін Аяланың әжесі киіз бастыруды дәріптеді. Киіз басу-дәстүрлі қазақы ортада дамыған ұлттық өнер. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қағида негізге алынған.
«Әкелер мектебінің» бала тәрбиесіндегі орны — отбасындағы әке тұлғасының маңыздылығын арттыру, балаға жауапкершілік пен ер мінезді қасиеттерін дамыту арқылы ұлттық тәрбиеге беру. Әкелер мектебі — әр отбасынағы Әкесі — отбасының тірегі. Бала әкесінен жауапкершілік және еңбекқорлықты үйренеді. Әкелер мектебі артынан ортаңғы «Алпамыс» тобының тәрбиеленушісі Абдуллаев Абылайхан әкесі Абдуллаев Нұрханды, Бегахмет Дінмұхамед атасы Жолтаев Уримха «Қамшы өру» дәстүрін көрсетуге келді Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде ұлттық қамшының алатын орны ерекше. Қамшы өнер туындысы, ер жігіттің серігі, батырдың қаруы да болған.
Поэтикалық шығармашылық іс- шараның Құрметті қонағы ҚББЖТҒӘО мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Л.М Раймова сөзінде : «Ұлттық дәстүрді, отбасы құндылықтарын ұлықтау әр ата — ананың міндеті, бүлдіршіндердің жақсы тәрбиесі балабақшаларға жүктелген міндет. Заман талабына сай, ізгі қасиеттерді бойына сіңірген елдің ертеңі балғындарымызға жан-жақты тәрбие беру парызымыз». Балабақша қабырғасында бала мен ата -аналар арасында осындай шараға ұйытқы болған балабақша меңгерушісі мен педагогтардың жұмысына ерекше алғыс білдірді.
Қорытындылай келе, ұлттық құндылықтар – халықтың рухани байлығы, оның өткенін, бүгінін және болашағын байланыстыратын мәдени мұра.