Home » О нас » Ахмет Байтұрсынұлының құнды мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуі

Ахмет Байтұрсынұлының құнды мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуі


Умирбекова Ақбала Алдангоровна
Ұлытау облысы,  Қаражал қаласы,  Жәйрем
№ 11 ЖББМ.  КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
педагог зерттеуші

 Ахмет Байтұрсынұлының құнды мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуі

Aхмет Бaйтұрсынұлы – қaзақ хaлқының aқыны, әдебиеттi зерттеушi ғалым, түркітанушы, педагог-ағартушы,публицист, аудармашы, қоғам қайраткері. Еркін қазақ халқының жиырмасыншы  ғасыр ал,алғашқы жартысындағы  ұлт-азаттық қозғалысы белсенді жетекшілерінің бірі, мемлекеттік қайраткер, қазақ тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақ ұлттық жазудың реформаторы, педагог-ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі. [1] Ахмет Байтұрсынұлының  жеке өмірінен тыс, қандай да бір қоғамдық, зерттеушілік жобаларын бақылап жүргеніміз бәрімізге жасырын емес. Қоғам қайраткерінің бүгінгі болашақ  ұрпаққа қалдырған  мұрасы зор. Өз  мақаламда Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық жолымен және құнды мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуі туралы  таныстыруға тырысамын. Шығармашылық мұрасына тоқталатын болсам, ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы артында құнды аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ахмет өзінің ерекше  кезеңізе әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Сонда да, көпке дейін Ахмет Байтұрсынұлының  есімі де, шығармалары да көпшілік үшін жабық болып,жария болмаған. Тек тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы қолайлы жағдайда ғана ақынның тың шығармалары жарық көріп, құнды мұралары зерттеле бастады.
Ахмет Байтұрсынұлының 1909 жылы Петербург қаласында «Қырық мысал» деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы
И. Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет Байтұрсынов 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан «Маса» атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан — ашық жария еткен. Яғни, дәл осы өлеңдер жинағына ақынның қазақ халқының өткені, бүгіні мен ертеңі жайлы жазылған өлеңдері енген.[2] Мысал ретінде, «Қазақ қалпы» өлеңінен ақынның алаштың өткен күніне деген сағынышын және Ресей елінің билігінен кейінгі қазақтың жағдайына деген көңілін, күйінішін байқауға болады: «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды тәнімізде шарпылмаған?! Алаштықтардың бәріне мәлім: Кім қалды таразыға тартылмаған? Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр, Жақсылық өз басынан артылмаған. Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп, Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған. Жиырмасыншы  ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы, «Достыма хат» деген өз өлеңінде қоғамның әділетсіздігін суреттеп, ақшаға абыройын, арын сатқан адамдарды сынап жазды. «Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр» деген өлең жолдарынан ақынның азаттықтың таңы үшін қиын-қыстау кезеңді басынан өткеріп жүргені байқалады: Қырағы, қия жазбас сұңқарым — ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым — ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрің — ай! Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр, Түнерген төбемізден қара бұлт арылмай. Көк етті, көн терілі, көніп қалған,  Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай. Соңғы жылдары Ахмет қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелер бойынша бірнеше  мақалалар жазып, газет-журналдар  беттерінде жариялады. Ескеретін жай,ерекше атап өтсек, 1913 жылы жазылып, «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы Ахметті білікті,білімді әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл ерекше мақала ұлы Абайды  ұлттық әдебиеттің тарихынан ойып  алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына жоғары  баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі болды. Əдебиетші Ахмет Байтұрсынұлы  мұрасының маңызды бір саласы – оның халық  аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған халық ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы «Ер Сайын» жыры, 1926 жылы «23 жоқтау» кітаптары жарық көрді. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы  қазақ тілінің ұлы түрлендіруші — реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болып мәңгілікке қалатыныдығына сенімдімін. Қазақтың Төл әліпбиін жасап, өзінің «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Əліпби», «Жаңа әліпби» тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берген білікті маман. Қазақ тіл білімінде терминдерін бір жүйеге қалыптастырды. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан, әдебиетші ғалым — теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі– «Əдебиет танытқыш». Бұл кітабында ғалым тұңғыш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін қозғап, негіздеді. Сондай-ақ, әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасаған болатын. «Əдебиет танытқыш» кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс – тәсілдерін байқасақ, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Сәйкестендіріп алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет өнерін, сымбат өнерін, кескін өнерін, әуен өнерін және сөз өнерін жатқызады. Өнердің ең алды – сөз өнері саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән — күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Қазақтың қоғам қайраткері, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатов айтқан: «А.Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады… ».[3] Демек, Ахмет Байтұрсынұлының бізге қалдырған зор шығармашылық мұрасын оқ жетпес деңгейінде ұстап, абыройын сақтап жүруіміз керек. Бүгінгі күнде, ғаламатор әлемінде табыла бермейтін құнды мұраларды адамзаттың болашағы үшін, адамның дүниетанымындағы рухани өмірдің жаңа сырларын ашу үшін мұндай маңызы зор мұраны аманат ретінде қабылдағаны жөн деп ойлаймын. Әлі күнге дейін өкінішке орай еңбектердің толықтай қадірін, құндылығын біліп, түсінуге қиыншылық тудыратын жастардың бар екені жасырын емес. Бұл заманның қалыптасуына байланысты туындалатын мәселелер. Қазіргі қоғамдық өмірде әдеби шығармашылық қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз, жоқтың қасы. Айта кетерлік жай, әдеби шығармашылық алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін таза бейнелейтін  болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай сипаттайды. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, ненің мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының құнды еңбектері арқылы жасырын не сыртта қалған тарихымызды, адамның рухани қасіретін қатарлас көздеп үлкен тәжірибе аламыздеп айтуға болады. Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет атамыз халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін жеке басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы халқын, елін шын сүйетін ұлтшыл, отаншыл ер-азамат, тұлға болған. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Бұл кітап алғаш рет 1912 жылы Орынбор қаласында  жарық көрген. Автордың «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген [4, 56 б.]. Кітаптың әріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Əрі қарай қазақ әріптері төте жазу жолымен рет-ретімен беріледі де, әрбір харіптің тұсына таңбасы және сол таңбаның атауы жазылады. Және төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мәтіндер емес, қысқа әрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мәселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары және ас-тағамдармен қатар, денемүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы әліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913 жылы шықса, «Əліппе – астары» атты әліппеге жетекші құралы 1924 жылы жазылған. Осы оқулықтардың бала сауаттандырудағы қажеттілікті өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет), 1923, 1925 жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап ғалымның аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі әріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институтының дайындауымен 1992 жылы жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді [4, 33-47 бб. ] «Оқу құралы» таңбаларды танытудан басталады. Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі. Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас текстер «Тіл-құралдың» синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересектердің сауатын ашуға арналған әліппе – «Сауат ашқыш» деген кітапта орын алған. Бұларда автор Қожанасыр Алдаркөсе әңгімелерінен бастап, халық аузындағы аңыз-әңгімелерді, билер сөздерін бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларын Абай, Ыбырай және өзінің өлеңдерін аударма және төлтума мысалдардың Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан жасалған аудармаларды, Ыбырай Алтынсариннің «Хрестоматиясындағы» кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақынның «Кенесары-Наурызбай» поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған. Бұл текстердің мазмұнында оқу-білімге, еңбекке шақыратын адамгершілікті уағыздайтын жолдар көзге түседі. Міне, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетін зерттеуші. Ахмет Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айрықша зор болды. Өткен ғасырдың II жартысында-ақ халық ауыз әдебиет үлгілерін жинап, жарыққа шығару дәстүрі отандық филологияда бел алған игілікті іс болды. Бұл дәстүрді әр халық интеллигенциясының озат өкілдері жақсы қабыл алып, өздері де ат салысқандары мәлім. Ахмет Байтұрсынов та 1895 жылы «Тургайская газетаның» бетінде, №39, 24 қыркүйектегі санында «Киргизские приметы-пословицы» деген атпен материалдар жариялайды. Мұнда шаруашылық жайын ойлап, жазғы-қысқы, ертеңгі-кешкі ауа-райын болжап айтқан түрлі халық сөзін береді. 1923 жылы «Ер Сайын» жырын Москвада жарыққа шығарады, оған алғы сөз жазып, түсініктемелер береді.
1926 жылы «23 жоқтау» атты жинақ түзіп, оны да Москвадан шығарады. Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері берілген. Қазақ тарихының 400 жылын қамтитын мұндай үлгілерді жариялаудың мақсат-мәнісін кітаптың алғы сөзінде түсіндіріп кетеді. Əдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудің басы деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-41 сандарында жарияланған «Қазақтың бас ақыны»деген көлемді мақаласын атауға болады. Тіл білімінің әр саласына қатысты нақтылы мәселелерді сөз еткен А.Байтұрсыновтың зерттеу еңбектерін былай қойғанда, «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл-құрал» сияқты оқулықтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің ерекшелігі – өз алдына арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселе. Кез келген әдіскер мұғалім тілшінің еңбектерін оқу арқылы тілдік материалдармен танысып қана қоймайды, сонымен қатар оқулықтарда берілген тақырыптарды оқытудың әдістемелерін де үйренеді. «Тіл-құралы» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. «Мұндағы баяндалған тіл білімінің қайсысын қандай әдіспен үйрету жағы да толық көрсетілген жоқ. «Тіл- құрал» — қазақ тілінің жүйеленген білімін баяндайтын нәрсе, әр мұғалім әр түрлі әдіспен үйретсе де, балалардың үйренетін білімі осы «Тіл-құралдағы» білім болып шықпақ», – дейді [5, 15 б.].

Ұлы Ұстаздың туған қазақ  халқына істеген еңбегінің,қызметінің үлкен бір саласы, арнасы – қазақ баспасөзін қалыптастыру болды. Халық мұрасына адал жанашырлықпен қараған Ақмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Ақмет Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистика саласын қалыптастырған ірі қайраткер. Аяғынан қаз тұрғызған қазақтың тұңғыш бейресми «Қазақ» газеті арқылы ұлттық баспасөздің негізін қалады.

«Қазақ» газеті — алғашқы шынайы жалпы ұлттық саяси — қоғамдық газет болды. Өз кезінде газет бүкіл қазақ қоғамына қатысты мәселелерге ой жіберіп, өзіндік көзқарасын, бет түзер бағыт-бағдарын үнемі білдіріп отырды «Ақмет Байтұрсынов кім десек?»
1.Қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарын жазып, білім беруді жолға қоя білген шын мәніндегі алғашқы ағартушы.
2.Араб графикасына негізделген қазақ алфавитін жасап, оқыту әдістемесін түбегейлі түрде жетілдірген ұлттың ұлы ұстазы.
3.Қазақ тілі мен әдебиетін ғылыми тұрғыда зерттеп, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін қалаушы дана филолог-ғалым.
4.Тәлімі терең тәржімашы.
5.Өлең сөзге ой ұйытқан, ойшыл ақын.
6.Тұңғыш бейресми «Қазақ» атты газет шығарып, қазақ баспасөзін көркейткен көсемсөздің көшбасшысы. 7.Ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жан аямай күрескен қайраткер, кемеңгер көсем. Міне, осынау қасиетті жеті бірліктен тұратын Ахмет болмысы бір кездегі Əуезов айтқан «рухани көсемдіктің», яғни, ұлтқа рухани көсемдігінің терең тамырлы, діңінің беріктігінің дәлеліндей, Ақын арманы — «адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету. Ақмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.
Ахмет Байтұрсынов есімі ұлтының рухани игілігіне айналар ұлы ойларының өміршеңдігімен халқын ғасырдан ғасырға жаңылдырмай жетелер ұлы рухқа айналары сөзсіз.

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының негізгі идеясы – бүгінгі жастарды қарапайым сөз және «таусылмайтын» ақыл — кеңеспен тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың өнегесіне, ғибраттылыққа, қоғамда болып жатқан құбылыстарға сын көзбен қарап, өзіндік баға беруге баулу. Ахмет Байтұрсынов шығармаларымен таныса отырып, түйгенім: әрқашан алға басып, мақсатқа жете білу; қиындықты жеңе білу; тек қара басыңды ойламай, көпшіл болу; білім алу арқылы сауатты ұрпақ болып жетілу. Ахмет Байтұрсынов аңсаған тәуелсіздіктің құны мен қадірін бағалауымыз қажет,  даму жолында еңбек ету керек.

Əдебиеттер:

  1. https://barinbil.kz/sizge-kerek-my-yry-derek/kerekderek/e-zdik-ylymi-zhoba-ahmet-bajt-rsynovtyshy-armalaryny-t-rbielik-m-ni/
  2. https://bilimdiler.kz/referat/240-ahmet-baytursynuly.html
  3. https://allrefrs.ru/2-611.html
  4. Байтұрсынов А. Оқу құралы. Қазақша алифба. – Бишкек: Периодика, 1991. – 97 б.
  5. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: Ғ.Əнес. – Алматы, «Абзал-Ай» баспасы, 2013. – 640

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*