Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№98 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі:
Алипова Айгуль Амантайевна
Қазіргі таңда технологияның қарқынды дамуы адам өмірінің барлық саласына еніп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) – болашақтың кілті болып саналатын, заманауи білім мен ғылымның жетістігі. Бұл жаңа технология тек ересектердің ғана емес, жас буынның да назарын аударып отыр. Сондықтан да біздің балабақшада «Жасанды интеллект – болашаққа бастар жол» атты танымдық әрі тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларды ерте жастан ғылыми-техникалық жаңалықтарға қызықтырып, олардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және технологияға деген оң көзқарасын қалыптастыру. Балаларға жасанды интеллект ұғымы жеңіл әрі қызықты тілмен түсіндіріліп, арнайы дайындалған анимациялық бейнероликтер, интерактивті ойындар және роботтармен таныстыру сәттері өткізілді.
Бүлдіршіндеріміз ойын түрінде түрлі тапсырмаларды орындап, «ақылды» құрылғылармен жақын танысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Олар технология әлеміне бір қадам жақындай түсті. Әр баланың көкейінде «Бұл не?», «Қалай жұмыс істейді?» деген сұрақтар оянып, ізденіске деген қызығушылығы артты. Бұл – болашақ зерттеуші, өнертапқыш, инженерлердің алғашқы қадамдары десек артық айтқандық емес.
Іс-шараға ата-аналар мен тәрбиешілер де белсене қатысып, жасанды интеллекттің бала дамуына қосар үлесін жоғары бағалады. Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі мен балалардың жас ерекшелігіне сай тәсілдерді қолдануы іс-шараны тиімді әрі қызықты өткізуге мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ғылым мен техникаға деген сүйіспеншілікті арттырып, олардың бойында сын тұрғысынан ойлау, ізденіс, зерттеу қабілеттерін дамытады. Бұл – келешекке жасалған үлкен инвестиция.
Іс-шара соңында мен, балабақша меңгерушісі ретінде, балалармен, ата-аналармен және келген қонақтармен жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы орны, болашақтағы рөлі, сондай-ақ заманауи технологияның адамзат дамуына қосар үлесі туралы пайдалы ақпараттармен бөлістім. Өз тәжірибеммен бөлісе отырып, балалардың болашағы үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашатын жолдарды бірге қарастырдық деп ойлаймын.
Біз үшін басты мақсат – баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Сондықтан балабақша ұжымы ретінде әрдайым жаңашылдыққа ұмтылып, заманауи білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, келешек ұрпақты білімді, озық ойлы, жаңашыл тұлға ретінде қалыптастыру жолында еңбек етеміз.