Home » статьи » Ұлттық ойын-халықтың рухани қазынасы

Ұлттық ойын-халықтың рухани қазынасы

Искакова Эльвира Казезовна,
Абай обылысы, Бескарағай ауданы,
Бозтал ауылының негізгі мектебі жанындағы
«Айналайын» шағын орталығының
тәрбиешісі

Ұлттық ойын-халықтың рухани қазынасы

 «Ойын – халықтың рухани мұрасы,  ол – жастарды тәрбиелеудің көне де тиімді құралы.»
С. Қасқабасов 

Ағымдағы жылдың мамыр айында Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық орталық әдістемеліктің ұйымдастыруымен «Бозтал негізгі мектебі» жанындағы» Айналайын» шағын орталығында «Ұлттық ойын-халықтың рухани қазынасы» тақырыбында тәжірибе алмасу бағытында аудандық семинар өткізілді.

Семинар — практикумға білім бөлімінің әдіскерлері және ауданымыздың ауыл- аймақтарының тәрбиешілері қатысты

Семинардың салтанатты  ашылу рәсімін мектеп директорының м.а Демеубаев Д.Ғ пен Аудандық білім беру басқармасының әдіскері Омиржанова А.М –ға сөз кезегі беріліп, семинардың нәтижелі де жақсы өтуіне сәттілік тіледі.

Қоғамның іргетасы-отбасы, ал отбасының тірегі-тәрбие.

Тәрбиенің діңгегі-ұлттық құндылықтар. Әр ұлт өзінің болмысын мәдениетін, тарихын, тілін, дінін, дәстүрін сақтап қалу арқылы ғана дамиды. Сол себепті де ұлттық құндылықтарды насихаттау мен оны ұрпақ бойына сіңіру-басты міндеттердің бірі.

Тәрбиеші — балабақшадағы ұлттық тәрбиені бағыттауышы басты тұлға. Қазіргі уақыт талабына сай, стандарт талабына ұлттық тәрбиені енгізу тәрбиешінің басты шарты.

Біртұтас тәрбие — келешек ұрпақты жарқын болашаққа бағыттайтын басты құрал. Осыған орай ұлттық мүдде мен тәрбие мәселесінде ата–аналардың рөлі айрықша. Балабақшамен ата-аналардың ынтымақтастығы ұлттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Осыған орай тәжрибе алмасу семинар сабағын «Айналайын» шағын орталығының тәрбиешілері: Искакова Э.К және Арыстанбекова А.Б

«Даналық мектебіне» сүйене отырып: Ата, Әже мен Әке, Ана мектебін, бала тәрбиесінің басты құралы ретінде қолданды
Мысалы: Ата мектебіне сай: Табиғи жүнді Сулейменов Тасболат атамыз балақайларға макеттен жасалған қойды қалай қырқу керектігін үйретіп, төрт тулік малдың қазақ халқына маңыздылығын түсіндірсе.
Әже мектебіне сай: Әже мен келін рөлін сомдаған ата-аналар Ошақбаева Р.К мен Мухамеджанова Ботагөз.
Қазақтың ұлттық кілемін «Текемет» басу бойынша шеберлік сабағын көрсетті. Осы мастер класстың практикалық бөлігінде балақайлар киіз басу және өрнектер жасау процессіне аса қызығушылықпен қатысты.
Сонымен қатар Аналар мектебінде: мейірімді аналарымыз Мусилимова С.Т мен Мавленова Даурия, қыздарды кесте тігу өнеріне үйретіп. Кішкентай нәзік қыздарымыздың қолөнерлері келген қонақтардың көңілінен шықты.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»  В.А Сухомлинский
Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық ойындар- балалар үшін тек көңіл көтеру емес, дене тәрбиесінің, ұлттық рухтың қайнар көзі.
Семинардың тәжірибе алмасу сабағын өткізу барысында балабақша педагогтері мектепке дейінгі балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтап, қарапайым әрі түсінікті түрде ойын элементтері арқылы меңгертудің тиімді тәсілдерін ортаға салып,,тәжірибе алмасты.
Әке мектебі сабақтың басты мақсатын ашты. Спорттық ойындардың шебері денешынықтыру сабағының мұғалімі ,Әке рөлін сомдаған  Кургамбаев Т.Н  және тәрбиешілер: Э.К Искакова мен А.Б Арыстанбекова  балабақша тәрбиеленушілерімен Ат жарыс, теңге алу, бәйге, «Кім мерген», арқан тарту, «Ханталапай» асық ату, секірмек  деген Қазақтың ұлттық ойындарын өте қызықты өткізіп, балақайлардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіріп. Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін, ұлттық ойындар арқылы ұғындырып түсінік берді.
Қазіргі заман-технология дәуірі. Бүгінде балалар бос уақытын көбіне телефон, теледидар, планшет секілді құрылғылармен өткізеді. Осы әдеттің бала денсаулығына,ой-өрісіне, тәртібіне теріс әсер ететіні туралы, тәрбиеші: А.Б Арыстанбекова «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» атты баяндамасын   «Данагөй сөзі» көрінісімен байланыстырып тәрбиелік маңызы  бар екенін ашып айтты
Аталған семинарда тәжірибе бөлісіп танытқан тәрбиешілер Э.К Искакова мен
А.Б Арыстанбекова Кәсіби шеберліктері үшін арнайы сертификаттармен марапатталды. Бұл олардың педагогикалық ізденістерінің шығармашылық  еңбектерінің нәтижесі екендігін айқын көрсетті.
Бесқарағай ауданының Білім бөлімінің әдістемелік орталығы. Мұндай семинарлар тәрбиешілер үшін өзара тәжірибе алмасудың,әдістемелік шеберлікті шыңдаудың және ұлттық тәрбиенің маңызын арттырудың таптырмас алаңы болып табылады деп жоғары бағалады.

      

One comment

  1. Керемет жарайсыңдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*