Главное сегодня

Алматы – менің алтын бесігім

Алматы қаласының күніне орай Бостандық ауданына қарасты №140 бөбекжай-балабақшасында «Алматы – менің алтын бесігім» атты тәрбиелік мәні зор мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты-жас ұрпақтың жүрегіне туған жерге деген сүйіспеншілік ұялатып, шаһардың тарихы мен әсемдігін дәріптеу болды.

Балабақшаның бүлдіршіндері арнайы дайындалған би, ән-жырларымен көрермен көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалар туған қаласын мақтанышпен жырға қосты, Алматының көрікті орындары мен бай табиғатын суреттеген қойылымдар қойды. Әсіресе, «Алматым» атты хормен айтылған ән көпшіліктің жүрегін толқытты.

Залда ілінген түрлі-түсті безендірулер, шаһардың танымал ғимараттары мен табиғатын бейнелейтін суреттер мерекелік шараның сәнін аша түсті.

Бұл күні Алматының өткені мен бүгіні жайлы қызықты деректер де айтылды.

Іс-шара соңында балабақша меңгерушісі Жылысбаева Заура Нұрхатқызы сөз сөйлеп, Алматы күні баршамыздың ортақ мерекеміз екенін атап өтті:

«Алматы-тек әсем қала ғана емес, әрбіріміздің жүрегіміздегі ыстық мекен. Балабақшамыздың тәрбиеленушілері осы қалаға деген махаббатты бойына сіңіріп өссе, бұл-біздің ең үлкен жетістігіміз, — деді.

Мерекелік жиын бүлдіршіндердің орындауындағы би мен әнге ұласып, жылы лебіздер мен шат күлкіге толы әсерлі кешке айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *