Бірлігіміз жарасқан-Қазақстан!
«Бейбіт елде-сән бөлек, бүлінген елде-дау бөлек» (Төле би)
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бірлік пен ынтымақтастықты, бір-біріне деген құрмет пен татулықты, ауызбіршілікті маңызы зор. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жүргізілген ұлтаралық татулық пен толеранттылық саясат өз жемісін берді. Осы «сарабдал саясаттың» арқасында Қазақстан татулық пен тұрақтылықты сақтай алды. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 33 жыл толды. Осы аз ғана уақыт ішінде өзге мемлекеттермен тең тұрып, қарқынды дамудамыз. Бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар ортақ отанымыз Қазақстанның жарқын болашығы жолында бір кісідей жұмыла еңбек етудеміз. Қазақстан- біздің ортақ Отанымыз. Қазақтың кең жері кез келген жанды құшақ жая қарсы алуға дайын!
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. Дегенмен, ширек ғасыр ішінде ел экономикасын 20 есеге арттырдық, ешбір ел жетпеген биікке қысқа мерзімнің ішінде қол жеткіздік. Қазір қазақтың даласында да, қаласында да — жаңа ел, жаңа ұрпақ, жаңа буын. Адам танымастай болып өстік, кісі қызығардай болып өндік, осы күніміз үшін Аллаға тәубе! Осы жылдардың ішінде Қазақ дүниеге әйгілі ұлт болды. Еліміз әлем картасынан өзінің орнын ойып тұрып алды. Жаңа ұрпақ тәрбиеледік. Өшкенімізді жақтық, жоғалтқанымызды таптық. Жаңа астанамызды салдық. Қазақстанның әрбір түкпірі адам танымастай өзгерді. Біз осы уақыт ішінде жастарымызды әлемнің әр түкпіріне жіберіп, оқыттық. Мыңдаған мектептер мен ауруханалар салдық. Соның арқасында халқымыздың өмір сүру жасы 64-тен 72 жасқа дейін ұзарды. Бұл дегеніміз — ең басты мүдде, ең негізгі меже. Себебі, әрбір іс, әрбір жақсылық халық үшін жасалады. Тәуелсіздік алған уақыт ішінде еліміз үш бірдей дағдарыстан өтті. Тарих үшін 33 жыл деген қас-қағым сәт. Алайда, біз көп жетістікке қол жеткіздік. Дүниеге мәлім болдық. Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының қабырғасында желбірейді. Үнімізді күллі әлем естіді.
Елімізде тыныштық салтанат құрып отыр. Біздің біртұтас ұлтымыз барлық мейрамды бірге мерекелейді. Қазақстанымыздың 33 жылдық Тәуелсіздігі жасасын! Еліміз аман болсын! Елдігіміз баянды болсын! Мәңгілік Қазақстан — Мәңгілік Ел болсын!
«Білімді болуға –оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек»-деген екен халық ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы. Білімді, бай, ең бастысы – күшті болу бүгінгі жастардың міндеті. Себебі, тек болашақ емес, еліміздің бүгіні – жастардың қолында!
С.Сейфуллин атындағы №52 ЖББМ КММнің
зертханашысы
Касымова Тошкиз Бекмахматовна