Рахметова Марина Жамбулкызы,
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының» тәрбиешісі
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
Халық даналығы
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын дамыту интеллектуалды және эмоционалды жағынан жетілдірудің негізгі жолы – бұл табиғат жайында жүйелі білім беру. Туған өлкенің табиғатын, оның ерекшелігін, сұлулығын, байлығын, оған деген сүйіспеншілігін, адамдардың бірі сөзбен өрнектесе, бірі өлең жырлар арқылы білдірді. Қазақ халқы туған жерін аса қатты қадірлеп, оның сан қырлы құпияларын ерекше сипаттаған. Осы орайда, ақын-жазушылар баланың дүниетанымын қалыптастырудың басты құралы мықты тәрбие мен ізгі білім екендігі терең түсініп, балаларға табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды өз шығармалары арқылы үйретеді.
Иә, табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы. Қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялап, ластауға болмайтындығын мектепке дейінгі балаларға әуел бастан түсіндіріп, ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру ата-анамен қатар, мектепке дейінгі мекеме педагогтарының да міндеті болып табылады. Ал, балалардың көңілін табиғаттағыи мауысымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар. иістер тартады. Балалар өздерінге жаңа әлем ашады. Барлығын қолымен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады. Балаларға сонымен қатар сол еккен ағаштар және гүлдер мен қызанақ, қиярлар т.б. жаз мезгілінде суару керектігін, арам шөптерді жұлу керектігін түсіндіреміз. Адамға қандай ауа мен су керек болса, өсімдіктер мен жан-жануарларға да сондай көмек керек екендігін түсіндіреміз. Жылдың төрт мезгілінде ауылшаруашылығында қандай жұмыстар атқарылатынын жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар оларды сол балабақшадағы, ауладағы өсіп жатқан тал, теректердің түбін қопсытып, түбін тырмалатып, арам шөптерін жұлғызып көрсету. Баланың айналаға, қоршаған ортаға, табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Өсімдіктер мен жануарлардың адамзат үшін пайдасын түсіндіреміз. Бұның барлығы да балалардың қызығушылығын сөзсіз арттырады. Өсімдіктер мен жан-жануарлардың, оның ішінде төрт түліктің адам баласы үшін пайдасын түсінген бала оларға жанашырлықпен қарап, титімдей болса да жауапкершілікпен өз көмегін беруге тырысады.
Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз табиғатсыз өмір сүре алмайтындығымызды балаға түсіндіруіміз болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру экологиялық біліктілігіміздің жоғарылығын көрсетеді. Өйткені табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру – әсемдікпен сусындауды, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі.
Осы орайда табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру жолдары өте көп екендігін айта кеткен жөн. Олар табиғат туралы өлеңдер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер жаттатқызу, табиғат жайлы ән айтқызу. көрнекі материалдар арқылы сабақтар өткізу, табиғат туралы ертегі, аңыз-әңгімелерді ойын түрінде жеткізу, балаларды табиғатта серуендету арқылы экология жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сайыстарға қатыстыру, дидактикалық ойындар арқылы табиғат жайлы түсінік қалыптастыру, фотосуреттер, иллюстрациялар, табиғат жайлы кинофильмдер тамашалау. Жалпы айтқанда бұлар табиғи ресурстарды ұқыпты қарауды қалыптастырады.