Home » статьи » «Ұлттық құңдылықтар» «Қошқар мүйіз оюы»

«Ұлттық құңдылықтар» «Қошқар мүйіз оюы»

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:
Тақырыбы: «Ұлттық құңдылықтар» «Қошқар мүйіз оюы»

Мақсаты:
1..«Қазақтың ұлттық құндылықтарын бала бойына сіңіре отырып, «Қошқар мүйіз» оюың таныстыру.
2.Оюдың ерекшеліктері мен құрылымын үйрету.
3.Балалардың сөздік қорларын байыту, ұлттық оюды сезінуге құрметтеуге, халқын, салтын сүюге тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.
Қажетті көрнекі құралдар: Әр дағдыға байланысты тапсырмалар, ұлттық құндылықтарға арналған көрме.
    

Іс – әрекет кезіңдері:
Тәрбиешінің іс –әрекеті. Балалардың іс – әрекеті. Мадақтау
(Әуен ырғағымен балалардың кіруі.) (Шығармашылық дағды)
(Амандасу. Күн сәулесінің шуақтары)
Салеметсіздерме балалар! Қараңдаршы біздебүгін ерекше оқу іс – әрекеті өткелі тұр. Бізге қонақтар келіпті. Еңдеше қонақтармен амандасып алайық.  Салеметсіздерме апайлар!
Балалар біздің күнімізді қараңдаршы, көңілсіз. Ал біз көңілсіз күнмен оқу  іс – әрекетімізді қалай бастаймыз. Сендердің қолдарында әдемі «Қошқар мүйіз» оюымен күннің шуақтарын шашыратып, көңілін көтерейік.
(Балалар қолдарындағы оюларын көңілсіз күнге орналастырады.)

Ұйымдастырылған оқу- іс – әрекетін түсіндіру барысы:
(Комуникативтікт дағды: Сөйлеуді дамыту)
«Қошқар мүйіз» оюы.

    

Балалар қошқар мүйіз жануарлар дүниесін білдіретін ою –өрнек. Олар көбінесе киізден жасалатын бұйымдарда, қазақтың ұлттық киім — кешектерінде, ыдыс – аяқтарда т.б, бұйымдарда кездеседі. Қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мал шаруашылығымен  тығыз байланысты болғандықтан халық арасында қолөнер бұйымдарын көркемдеуге мүйіз тектес өрнектер кеңінен таралған. Қошқар мүйіз ою- өрнегі әл-аухаттың, молшылықтың белгісі.

Түсіндіру барысында балалардан ою-өрнектер туралы мақал – мәтелдер, тақпақтар сұрау.

  1. «Қошқар мүйіз бұралып өседі.
  2. «Ою өнері –қолдың ғана емес, көңілдің ісі»
  3. «Әр оюдың өз сыры бар»

 

Балалар еңдеше ұлттық бұрышқа барып,ұлттық құндылықтармен танысып көрейік.
(Сұрақ –жауап арқылы балалармен.)
-Мынау не ?
-Ал, мынау ше?
Өте дұрыс, бұл заттар әр үйдің төрінде ілініп тұру керек.
Мынау- тұмар, түскиіз, сандық, торсық, қор-жын, т.б заттармен таныстырып, қайталау.
Бұл қазақ халқының тұрмысымен тіршілігімен келе жатқан заттар.
(Әрқайсысын не үшін қолданғанын түсіндіріп, таныстыру).
Заттардың ішіндегі қошқар мүйіз ою-өрнегін айтып кету.
Ұлттық құндылықтарды таныстыра отырып, сиқырлы сандықшаның ішіндегі түрлі – түсті оюларды ала отырып, балаларды өздері қалаған орталықтарға бөлу.
Балаларға әр орталықта жас ерекшелітеріне сай тапсырмаларды орындауды түсіндіру. Орталықтапды қандай тапсырмалар берілгені туралы мағлұмат бере отырып тапсырмаларды орындайық.
(Танымдық дағды математика негіздері, құрастыру.)
Еркін ойын: «Ою – өрнекті көрпешелер» (құрастыру)
Міндеті: Түрлі құрылымдық тәсілдерді қолданады. Топтаса бір нәтижеге қол жеткізеді. Жылдамдық, ептілік, шыдамдылық көрсетеді.
Мазмұны:Ою-өрнектер мен жабыстырылған қалтқы матераиалынан дайындалған көрпешелердің бөліктерін құрастыру. Сұрақ қоя отырып пішінін, түсін және қанша бөліктен тұратындығын анықтау?
(Шығармашылық дағды сурет салу)
Міндеті:  Малверд тақталарында орналасқан ою-өрнектерді бояу үлгілерін көрсете отырып, түстерін анық айту.
Мазмұны: «Қошқар мүйіз» оюы бейнесін түрлі – түсті гуашь бояулары мен  қылқаламды пайдалану арқылы бояу және тапсырманы аяқтау барысында сұрақ- жауаптармен алмасу.

Балалар бойымызды сергітіп алайық.
(Физикалық дағды) Қимылды ойын: Тыныс алу жаттығуы.
Үрлеу арқылы балалардың тыныс алу мүшесі өкпенің жұмысын жақсарту.
Тапсырмаларды еркін орындай жүре қимылды, ұлттық ойындар ойнау.
Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру.
«Қимылды секірмелі ою»
Мазмұны: Балалар кілемше үстіндегі оюларды текшенің көмегімен таба отырып, секіру арқылы мәреге жету. Жылдамдық, есте сақтау, секіру, лақтыру, әсістерін қолдану.

«Ұлттық ойын күш сынасу»
Мазмұны: Бұл ойын  екі баланың білек сынасуымен орындалады. Кім білекті  бірінші жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.
(Әлеуметтік дағды қоршаған орта)
«Күріш пен тасбұршақ» дәнді дақылдарын пайдаланып тапсырмаларды орындау.
Төрт түске боялған күріш дәндерін арнайы пвх желімін пайдаланып, себу арқылы қағаз бетіндегі бейнені әсемдеу.
Тасбұршақты «Қошқар мүйіз» оюын бастырып толтыру.

 «Кесте тігу»
«Қошқар мүйіз» оюын кестелеу.
Мазмұны: Қыздарға бес түрлі  қошқар мүйіз кестесі берілген. Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып,  кестеге арналған  ине мен түрлі түсті  жіптердің көмегімен өздеріне қажетті бөстектерін дайындау.

Қорытынды: Балалар жасаған оюларын көрсетіп, әр баланың жұмысына шолу жасалады.
Тәрбиеші оюдың әртүрлілігі мен әсемдігі туралы әңгімелеп, балаларға шығармашылықтары үшін мадақтайды.
Сабақ соңында балаларға ою-өрнектерді әрі қарай қалай қолдануға болатыны туралы түсінік беріледі (мысалы, үй жиһаздарында, киімде және т.б.).
Балалардың жұмысын мақтап, олардың шығармашылық қабілеттерін бағалау.

Қаниқызы Сания
Алматы қаласы  Жетісу ауданы
 КМҚК №169 бөбекжай – балабақша
«Қарлығаш» ересек тобы
тәрбиеші

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*