Home » статьи » Гипербелсенді бала: ол кім? Гипербелсенді баламен жұмыс жасау әдістері

Гипербелсенді бала: ол кім? Гипербелсенді баламен жұмыс жасау әдістері


Куанышева Алия Кенжемуратовна,
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы
«Балдырған» бөбекжай-бақшасының»
педагог-психологы

Гипербелсенді баланың жалпы болмысын сипаттар болсақ, олардың ең алдымен ұйқысы тұрақсыз болады.  Оянып алып ойын ойнай береді, энергиясының көптігі сонша бір орында тыныш отыра алмайды. Байыз таппай секіріп, жүгіріп, дамылсыз, мазасыз  күйде болады. Тез сөйлейді, соның салдарынан кейбір сөздерді толық айтпауы да мүмкін. Өзінің ғана қалауымен жүргенді ұнатады. Бұзықтыққа әуес болған соң айналасындағылардан шағым жиі түседі. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диагноз көп жағдайда туа бітті болуы мүмкін.

Кейбір жағдайда сабырлы балалардың арасында да кенеттен гипербелсенділік пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай отбасында орын алған жағымсыз, қайғылы жайттардың әсерінен туындайды. Сондықтан, мамандар бала тәрбиесінде отбасындағы жағымды энергетиканы барынша арттырып отыру қажеттігін баса айтады. – Ата-аналар тарапынан «балам таяққа да көнбейді, жасаған қылықтарына ұрысқан сайын қырсығып, өршеленеді» дегенді жиі естиміз.

Бұл ретте гипербелсенді балаларға жекіп, бір нәрсені баса талап етіп, қорқытып тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиедегі мұндай әдіс-тәсілдер  оларға мүлдем жат. Мұны естіген баланың бойындағы энергия одан сайын өршелене түседі. Сөйтіп, «қиын» бала қалыптасып, түрлі бұзақылықтарға әуес болады. Сондықтан, гипербелсенді балаларға қашан да мейірімділік пен жылы сөз ауадай қажет екенін әрбір педагог, ата-ана естен шығармауы маңызды.

Гипербелсенділікті мақтау мен мадақтау арқылы ғана жолға қоюға болады.
Сондай-ақ, оларға «жоқ», «болмайды», «доғар» деген сөздерді қолданбай, баланың назарын мейірімділікпен басқа жаққа аударуды әдетке айналдырады. Бір сөзбен айтқанда, мұндай бала тәрбиесінде ата-анаға, педагогқа үлкен шыдамдылық пен күш-жігер қажет.

Мамандардың айтуынша, гипербелсенділікті емдеуде тек дәрігер тағайындаған емдом жеткіліксіз. Отбасындағы балаға деген қолдау, ата-ананың мейірімі, логопед, психолог, дефектологтың қыр-сырлы жұмыстары мен дене шынықтыру шаралары да біраз көмектеседі. Соның ішінде суда жүзудің пайдасы өте мол.

«Немерем жүре бастағаннан-ақ тынымсыз болды. Оны бір сәт те қараусыз қалдыруға болмайтын. Еш тыным таппауының салдарынан астында от жанып, су қайнап жатқан қазанды ұстап, күйген кезі де болды». Балабақшада тәрбиешілер тарапынан «дамыл таппай жүгіре береді» дегенді де жиі еститінбіз.

Ғылыми деректерге сүйенсек, мұндай балаларға қызыл түсті киім кигізуге мүлдем болмайды екен. Негізінен гипербелсенді балалар ата-ана, педагог, дәрігер, қосымша үйірмедегі жаттықтырушысымен жан-жақты жұмыстың нәтижесінде алғыр және қиялы ұшқыр болып жетіледі.

Гипербелсенді балаларды заманауи тілмен «индиго балалары» дейміз.  Ал, бұл балаларға педагог-психологтың көмегі орасан зор. Олардың белсенділігін ескеріп уақыты тым ұзақ тапсырмаларды бермейміз. Мектепке дейінгі сабақтарды қысқа әрі нұсқа ойын түрінде өткізсек, олардың қызығушылығы артады. Ең бастысы – гипербелсенділікті жай тентектік не еркелікке балап, есейе келе өзі қояды деген түсінікте болмау. Яғни, бала назардан тыс қалмай, оның тәрбиесіне қол сілтемей, қолдау көрсетілуі шарт. Сонда ғана мұндай балалар арасында вундеркиндтердің де пайда болатынын ұмытпасақ игі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*