Қайыпжанқызы Сандуғаш
Алматы қаласы Ш.Смаханұлы атындағы
№62 гимназия
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қаламын қаруға алмастырған майдангер қаламгерлер
Бейбіт күнде әдебиетке қызмет етіп, ел басына күн туған кезде қолына қару алып, ел қорғаған қаламгерлеріміздің шығармаларын дәріптеу- ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Осындай игі шаралардың бірі Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиясында «Келешектің кілті — білімді,саналы ұрпақтың қолында» тақырыбында өткен сынып жетекшілер бірлестігінің онкүндігінде гимназия кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Қаламын қаруға алмастырған майдангер қаламгерлер» атты оқырмандар конференциясы өтті. Бұл конференция қаламын қаруға алмастырған майдангер қаламгерлердің шығармашылығына арналды.
Іс-шара гимназия кітапханашысы Н.Сегізбаева майдангер жазушыларымыздың еңбектеріне жасалған кітап көрмесін таныстырумен басталды. Конференцияға 9 сынып оқушылары: Нұрақын М,Қайыпжан І, Зейнелхан А, Даулетбек Ә, Қайыпберген А, Рыспек М, Сержан Т, Қадырбай А, Кәдірбай Р, Бекболат Н, Анарбек Д, Бармаков А, Абдыкаимов Р, Ергелді А, Молдабаева А қатысты.
Шара барысында соғысқа қатысқан қазақ қаламгерлерінің өмір жолы, олардың майданда жазған шығармалары мен әдеби мұралары туралы оқырмандарға аса толқыныспен жеткізді. Атап айтқанда, Ә Сәрсенбаев, С.Бақбергенов, С.Сарғасқаев, М.Әлімбаев, Қ.Қайсенов, К.Тоқаев, Т.Ахтанов, Қ.Аманжолов, Ә.Нұршайықов, Б.Момышұлы, С.Мауленов, Ж.Молдағалиев, Б.Бұлқышев, С.Жұмағали, Ш.Смаханұлы сынды тұлғалардың ерлігі мен әдеби еңбектері талқыланып, ой бөлісті.
Жас оқырмандар оқыған шығармаларының әсер еткен үзінділерімен бөлісіп, өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ қатысушылар С.Бақбергеновтің «Белгісіз солдат», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» сияқты рухты көтеретін, құндылықтарды дәріптейтін еңбектеріне ерекше тоқталды.
Конфернеция соңында 9 сынып жетекшілері мен қонақтар жас ұрпақтың санасына ерлік пен қаламгерліктің құндылықтарын дарыту басты мақсат екенін атап өтті. Соғыс жылдарында қаһармандық танытқан қазақ қаламгерлерінің есімдері ешқашан ұмытылмақ емес. Отан үшін от кешкен ақындар мен жазушыларымыздың өнегелі шығармалары кеңінен насихаттала бермек.