Алматы қаласы Алмалы ауданы білім басқарамасына қарасты
КМҚК№ 93 бөбекжай-балабақшасы Құзыреттілік орталық: «Экологиялық бағыт» бойынша, Қытай, Малайзия жобасы бойынша:»Ас атасы-нан» тақырыбында аудандық семинар өткізді.
Семинарға Алмалы аудандық оқу бөлімінің басшысы Қойшыбаева З.К., қалалық ресурстық орталық жоба жетекшісі Мустафаева А.С. және мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталған балабақша меңгерушісі Ибраева А.Т. іс-шараны ашып, алғы сөз сөйледі.
Семинарды өткізудегі мақсат – қатысушыларға құзіреттілік орталықты қалай ұйымдастырып,сол бойынша жұмыс жүріп жатқанының, ас атасы — нанның маңыздылығын түсіндіре отырып, әлеуметтік дағдыларды дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, балалардың экологиялық санасын қалыптастыру. Балабақша тәрбиеленушілері тақырыпқа сай дайындаған «Дәнді алқап — мақтаным» атты театрландырылған көрінісін көрермен назарына ұсынды. Балалар егіс алқабын бейнеледі. Олар бидай егіп, күтіп-баптап, күзде астықты орып, оны ұнға айналдырып, ұннан нан пісірді. Осылайша нанның қалай жасалатынын жеткізе алды.
Көрермендерге көлеңке театры арқылы қарапайым шаруаның маңдай терімен егін алқабында бейнеттеніп еткен еңбегін көрсетті. Осы арқылы тәрбиеленушілер ас атасы — нанның қадір-қасиетін жете түсініп, түйсіне білді.
Cеминар педагогикаға арналған іс -тәжірибемен бөлісу тренингімен жалғасты. Ортаға қонақтар шығып психолог Абильдаева А.Б жетекшілігімен «Пікір және эмоция қабырғасы» атты психологиялық ойын ойнап сергіді. Әдіскерлер ортаға шығып өз ойларын айтып, ойыннан алған әсерімен бөлісті. Балабақшада «Әжелер мектебі» мен «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» де ұйымдастырылып қамтылды. Олар да бүгінгі семинарға барынша атсалысты, отбасындағы тәрбие мен ұлттық құндылыққа кеңінен тоқталып, әсерлі әңгімелер айтылды. Тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісті.
Семинар одан әрі ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиешісі Байдуллаева Д.С жетекшілігімен «Су асты әлемі»,
ортаңғы «Барыс» тобының тәрбиешілері Смагулова Р.А-ның және Аққұзақ Б.Ж-ның жетекшілігімен «Ою өрнек әлемі», «Маржан» ересек тобының тәрбиешісі Нұрлыбай Ж.А-ның жетекшілігімен «Ұлттық ойын ұлт құндылығы» ұйымдастырылған іс-әрекетімен жалғасты. Сонымен қатар мектепалды «Қарлығаш» тобы тәрбиешісі Жарылқасын: Ж.Қ-ның «Ұлттық құндылық — ұлт қазынасы», Батырбекова А.М. «Нан — тіршілік нәрі», мектепалды «Жұлдыз» тобы тәрбиешісі Утебалиева А.Б «Ас атасы — нан» ұйымдастырылған іс-әрекетін, балаларды ұлттық құндылықтар арқылы дамыту тәрбиешісі Уалиева А.М., музыка жетекшісі Жұманова Ғ.С. сияқты ұжым қызметкерлерінің еңбегін атап өту керек. Себебі семинар осы кісілердің ұшқыр қиялы мен ерінбей еткен еңбегінің арқасында өте қызықты өтті. Сонымен қатар ата-аналар да белсенділік танытып, ортаға шығып балаларға қойды қалай қырқу,аналар болса тігін тігу керек екенін көрсетті. Ата-аналармен тығыз байланыста екенінің дәлелін көрсете білді.
Семинар барысында дене тәрбиесі нұсқаушысы Наурызбаева А.Б жетекшілігімен ұлттық ойын түрлері де ойнатылды. «Бестемше» мен «Хоккей» ойындары ойналып, ойын түрлеріне жеке-жеке түсініктеме берілді. Семинар соңы қорытындыланып, пікір алмасумен жалғасып, қонақтармен кері байланыс орнады.
Тәжірибе алмасу семинарына келген қонақтар ерекше әсер алып, басқа балабақша ұжымдары да осындай семинар ұйымдастыруды жоспарлап тарқасты.
Әдіскер: Намазбекова Гульдана Алгазиновна