Алматы қаласы
ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК –ның
биология пәні мұғалімдері:
Тустикбаева Куралай Абдикеримовна
Даурембекова Алия Зекеновна
Бектенбай Даулетжан Талантұлы
Тұрсынбекова Сымбат Нариманқызы
«Менің қала экологиясына қосқан үлесім» экожобасы
Қазіргі таңда экожоба мәселесі әлемдік деңгейде өзекті болып отыр. Әсіресе қалалардағы экологиялық жағдай күннен-күнге күрделене түсуде. Ластанған ауа, қоқысқа толы көшелер, жасыл желектің азаюы – бұлардың барлығы адамдардың өмір сапасына әсер ететін негізгі факторлар. Сондықтан әрбір азамат өз қаласының экологиясын жақсартуға үлес қоса алады. Біз де өз қаламыздың таза, жасыл және жайлы болуына өз үлесімізді қосуға тырысып келеміз.
Ең алдымен, біз күнделікті өмірде экологиялық мәдениетті сақтауға тырысамыз. Қоқысты арнайы жәшіктерге сұрыптап тастау, пластикті қайта өңдеуге тапсыру біздер үшін қарапайым әрі маңызды дағдыға айналуы тиіс. Бұл әрекеттер қоқыс көлемін азайтуға және қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.
Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы «М. Мақатаев атындағы №140 гиимназияның» биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 19 наурызда 7-10 сынып оқушылары арасында » Менің қала экологиясына қосқан үлесім » экожобасы болып өтті. Бұл жобаға №140 М.Мақатаев атындағы мектеп-гимназияның директоры Тілеубай Сания Өскенбайқызы қатысты.
Экожобаның мақсаты қатысушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, қаланың экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған идеялар мен бастамаларды қолдау, оқушылардың экология саласындағы жобалық және зерттеу қызметін дамыту. «Менің қала экологиясына қосқан үлесім» экожоба байқауына Бостандық ауданына қарасты мектептерден алты оқушы бақ сынады. Экожобаға қатысушыларды комиссия мүшелері бағалау критерийлеріне қарап әділ бағалады.
Жобаға аудан көлемінде көптеген мектептер қатысты.Соның ішінде , атап өтетін болсақ КГУ ШГ №65, №88 ЖББМ, КГУ ОШ №10, №69 ЖББМ, №88 ЖББМ мектептері белсене қатысты.
Жоба нәтижесі бірден айқындалып, барлық қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді. КГУ ШГ №65 8-сынып оқушысы Рахим Амина Бас жүлде, №88 ЖББМ 8-сынып оқушысы Садыкова Элвира I орын, КГУ ОШ №10 7-сынып оқушылары Изгенов Анвар Юдов Алексей II орын, №69 ЖББМ 8-сынып оқушысы Жолдыбекова Таира II орын, №88 ЖББМ
8-сынып оқушысы Мусин Мирас III орын алғандары үшін дипломдармен марапатталды.
«Менің қала экологиясына қосқан үлесім» экожобасына қатысқан оқушылар да, жетекшілері де жобаның жоғарғы деңгейде өткендігін, шынайы, әділ бағаланғандығын айтты. Осы жобаның өтілуіне ұйытқы болған Бостандық аудандық білім бөліміне, «М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның» әкімшілігіне, биология пән мұғалімдері К.А.Тустикбаеваға, А.Д.Зекеновнаға , Д.Т.Бектенбайға, С.Н.Тұрсынбековаға өз алғыстарын білдірді. Білімге құштар жастардың қатарын көбейту мақсатында бұндай іс-шаралар «М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда» одан әрі де дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастарымыз көп болғай!