Home » Детский сад » Эко болашақ

Эко болашақ


«№ 89 «Қыз Жібек» балабақшасы
Мектеп алды даярлық тобы
Тәрбиеші: Искалиева Дина Гайнуллиевна
.     
Тақырыбы: «Эко болашақ»   

Мақсаты: балалар ойын арқылы табиғат әлемінің құпиялары мен заңдылықтарын таниды, «Мысықтың балық аулауы» ертегісін театрландыру арқылы табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін біледі, табиғатқа қамқор болады; қолданыста болған заттардың зияны туралы біліп, трансформациялау арқылы пайдалы бұйымдарға айналдырып, оларға екінші өмір сыйлайды.
Ертегі туралы әуен.

«Мысықтың балық аулауы»
Автор:
Ерте, ерте, ертеде бір ақылды Мысық өмір сүріпті.Бір күні балық аулайын деп өзен жағасына келеді (Мысықтың қолында қармақ ).
Артынан тышқандар шығады.                                                                                                                       Тышқан1: Мысық, қайда барасың?
Мысық:Балық ұстаймын, демаламын.                                                                              Тышқан2:Балықты аямайсың ба?
Мысық: Мен балықты ұстамаймын, тамақ беремін.Жүріңдер менімен!
Тышқан1: Жоқ, бармаймыз!
Мысық:Ал, мен кеттім! (кетеді)
Тышқан 2 (Мысықтың соңынан):Сақтан,сақтан бізден!
Тышқан1: Демалысты көрсетеміз!
Автор: Әкеледі өзенге
Түрлі қоқыс,қалдықты,
Ойлады бір сұмдықты.(Екі тышқан өзен жағасына қоқыс алып келеді)
Тышқандар мысыққа жүгіріп барып: Мысық, мысық!Көмектес, балапан ұясынан құлап түскен!
Мысық: Қайда? (Мысық жүгіріп кетеді ағаш артына).
Автор: Сол кезде тышқандар қоқысты өзенге лақтырады.
Тышқандар:Балық ұстап көр лас судан!(Бұталардың артына жасырынады)
Мысық (келеді): Тышқандар алдады, балапан жоқ, ұя жоқ!
Қармақты суға салып: Неге су лас?
Балық : Мысық, достым, көмектес!
Тышқандар суды лайлады,
Қоқыс салды, ластады!
Тышқандар (жүгіріп шығады):
Біздер суды ластамадық!
Аю көлік жуған,
Бензинмен суды ластаған!
Мысық:Сендердікі дұрыс па?Балықтарға көмектесейік! (Мысық суға секіріп, қоқысты жинайды).
Балық:Рақмет, достар, үлкен жұмыс атқардыңдар!
Шаян: Суды ластамаңдар,
Қалдық тастамаңдар,
Осыны есте сақтаңдар!                                                                                               
Тәрбиеші
: -Балалар,суды ластауға болады ма? (Су ластамау керек)
-Қоқысты қайда салған дұрыс? (Арнайы ыдыстарға реттеп салу керек).
–Ал, өзеннен жинаған заттарды қоқыс шәшігіне дұрыс бөліп салыңдар.
Тәрбиеші жетекшілігімен ойын: «Қоқысты реттеу»
Мақсаты
: балалар табиғатта өзін-өзі дұрыс ұстауға, кейбір қалдық заттардың қайта өңдеуге тапсыруға болатынын түсінеді.Салыстыра алу дағдысы қалыптасады.
(Балалар полиэтилен пакетін, қаңылтыр, сым, пластик, қағаз т.б. реттеп арнайы ыдыстарға салады).
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар!(Атрибуттар кигізу –тамшы).
Тәрбиеші жетекшілігімен қимылды  ойын:
«Табиғаттағы су айналымы»                                                                                                                                                Мақсаты:
Қимыл-қозғалыс белсенділігі  дамиды , жасай алады.
Бала үні :қызығушылық 
Орнымыздан тұрайық, үлкен шеңбер құрайық!Бұл сиқырлы ойында бәрің тамшыға айналасыңдар, мен Бұлт –анамын!
Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді. ( Жай әуен ойналады)
*
Балалар «тамшы» болып  секіріп билейді;
*(екеуден  қол ұстасып) су болып ағады;
* (бәрі бірігіп) үлкен өзенге айналады, жер-жаһанды аралайды ;
*  ағып, ағып теңіз, мұхиттарға құйылады (шеңбермен жүреді)
*  жүзіп, жүзіп  аналарына қайту керектігі естеріне түседі, сол кезде күн сәулесі қыза түседі (балалар жерден көтеріліп, қолдарын жоғары созады)
* тамшылар күннің қызуына буланып анасына оралады.
– Жарайсыңдар, тамшылар!  (Балалар орындарына отырады).
–Сендердің қолдарыңнан барлығы келетініне сенімдімін. Ал, осы қалдықтарды трансформациялап, басқа затқа айналдырайық, келісесіңдер ме?
Балалар:-Ия, келісеміз!
-Қандай затқа айналдыруға болады, қалай ойлайсыңдар? (Балалар өз ойларын айтады)
Трансформация «Қоқысқа екінші өмір сыйлау»
Мақсаты:қолданыста болған қалдық заттарға екінші өмір сыйлайды, шығармашылық қабілеті артады, ұқыпты жұмыстанады.
Рефлексия: «Бес саусақ»   Қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін біледі, табиғатқа қамқор бола алады;        
Түсінеді
: балалар табиғат әлемінің заңдылықтарын , қолданыста болған заттардың зияны туралы түсінеді;                                        
Қолданады:трансформациялау арқылы қоқысты пайдалы бұйымдарға айналдыра алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*