Home » Новости » Ұстаз

Ұстаз

   Ұстаз-қоғамның рухани дамуы мен білім беру саласындағы басты тұлға. Ол жастардың өмір жолын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ұстаздың ең басты міндеті-шәкірттеріне білім беру. Білім-адамзаттың ең үлкен байлығы. Ұстаз өз шәкірттеріне тәрбие береді. Тәрбие-адамның адамгершілік қасиетінің бірі. Ұстаздар әрдайым ізденіс үстінде болады. Олар әрдайым жаңа ізденіске ұмтылады. Яғни жаңа зат шығаруға ұмтылады. Олардың жұмысы тек білім беру емес. Сонымен қатар шәкірттердің қызығушылығын ояту. Оқушылардың ынтасын арттыру үшін өзінің жаңа тәсілдерін қолданады. Ұстаздың тұлғалық қасиеті де өте маңызды. Ұстаздың сипаты-әділдік, сүйіспеншілік, шыдамдылық. Оқушылармен қарым-қатынастағы сенімділік ол ұстазға жетістік. Жақсы ұстаз шәкірттердің жүрегінде қалады. Ұстаз шәкіртке үлгі. Ұстаз болу тек мамандық емес, бұл өмірлік миссия. Әр ұстаз өз шәкіртін жақсы көреді. Бұл махаббат шәкірттің жетістігіне қуаныш сыйлайды. Ұстаз әр шәкірттің дамуына үлес қосады. Ұстаз оларға қиын кезде қолдау көрсетеді. Ұстаз олардың тұлға болуына ықпал етеді. Ұстаз бен оқушының арасындағы байланыс өте маңызды. Бұл байланыс- сенім мен құрметке негізделеді. Ұстаз шәкіртке мақсат қойып, оған жетуге үйретеді. Олар сол мақсатқа жетуге ынталанады. Солай өз жолын табады. Шәкірттің білімі ұстазға байланысты. Олардың білімдері жыл сайын дамуы тиіс. Даму-бұл ұстаздың назарында. Білім беру талаптарына сай болу үшін ұстаз үнемі даму үстінде болу қажет. Оқушылардың сезімдеріне назар аудару- өте маңызды. Ұстаз болу- ауыр, бірақ адал кәсіп. Көп ұстаз өз жұмысына шынайы беріледі. Олар шәкірттердің жетістігіне қуанады. Ұстаздың жұмысын бағалау керек.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы
176 мектеп-гимназиясының
5-сынып оқушысы
Абдіғаппар Дарын
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Сұлухан Нұрғабылқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*