Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты № 4 бөбекжай балабақшасында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясыда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне орайластырып Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, адами қасиетпен әдет ғұрыпты бала санасына сіңіру мақсатында «Әжелер мектебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Аталмыш балабақша меңгерушісі сахна төріне шығып келген қонақтарға алғыс білдіріп, бүгінгі семинардың шымылдығын ашты.
Семинардың ашылу салтанатында Даналық мектебі негізінде ұйымдастырылған «Әжелер мектебі» нің ақ кимешек киген әжелеріміз қазақы дәстүр бойынша сахна төріне әндетіп шығып шашу шашты. Жиналғандар шашу теріп мәре-сәре күйге түсті. Осындай қуанышқа толы сәттен соң сахна төріне бүлдіршіндердің «Қамшы» биі көрермен назарына ұсынылды
Балабақша табалдырығын аттағанан ақ ұлттық құндылыққа қанық көрнекіліктерді көз шалады. Ата аналар мен тәрбиешілердің бірлесе жасаған түрлі бұйымдарын қызыға тамашаладық. Көрме аралаған сәтте қазақы нақышта тігілген сәукеле де тақиялар да бірінен-бірі асып түседі. Қыз балаларға арналған шекеліктер мен сақина алқа, сырғалар мен шашбаулардың түрлеріне де сан жетпейді. Осынша дүниені асқан шеберлікпен жинап, әспеттеп блабақшаның сәнін келтіріп жүрген ұжыммен балабақша меңгерушісі Ильмира Рустемованың ұлтжандылығымен іскерлігін тілге тиек етпеске болмас.
Семинар барысында құды бір Наурыз мейрамын тойлап жатқан қазақ ауылына кіріп кеткендей болдым, ақ жаулықты аналардың бірі құрт жайп дейірменмен талқан тартып отыр. Қыздары мен келінерімен шүйіркелесіп жүн сабап, жүн түтіп ұршық иіріп, күбі пісіп қара қазанда сақырлап Наурыз көже қайнап жатыр. Бүкіл ауыл болып наурыз көжеден дәм татып жүр. Неткен әдемі көрініс дерсің.
2023-2024 жылдары балабақша меңгерушісі Ильмира Нұршаева авторлық жобаны қорғап жеңімпаз атанған. Соның нәтижесінде бүгінде балабақшада ұлттық сананы қалыптастыру бағытында Даналық мектебі жұмыс жасап тұр. Семинарға келген қонақтар өздерінің әсерлерімен бөлісті.
Бүгінгі семинарда – Ұлттық құндылықтарымыз қазаққа ғана тән баға жетпес қазыналарымыз барынша жан-жақты қамтылған. Әдіскер Ильмира Танатовна мен Музыка жетекшісі Пірназарова Гүлназдың жетекшілігімен өткен концерттік бағдарламаның өзі бір төбе.
Жалпы айтқанда-ұжымның еңбегі орасан зор. Бүлдіршіндердің этностильде сән көрсетулеріне тіптен сөз жетпейді. Осылайша «Әжелер метебі» тақырыбы толықтай қамтылған ұлттық бағыттағы семинар қорытыланды. Жиналғандар Ұлыс-оң болсы, ақ мол болсын! деп риза болып тарқасты.
Жұлдыз Елеусізқызы
«Білім айнасы»
Алматы қаласы