Home » Детский сад » Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік манызы

Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік манызы

Алматы қаласы   Алатау ауданы
КМҚК «№120 бөбекжай балабақшасы»
 Меңгерушісі: Ахметжанова Сәуле Губайдуллиновна

 «Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік манызы»

20 Наурыз  Ұлттық спорт күніне орай  «Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы»                           тақырыбында Ата аналар арасында көктемнің шуақты күнінде
«Бес асық» «Ханталапай» «Бес тас» «Шаңырақ» ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, ойынға қатысқан ата аналар балалық шаққа саяхат жасап, ойынның қызығынан шыға алмай, керемет көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.

«Баланы ойын – өсіреді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. Ұлттық ойындар өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады,  Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады,  ойы сергиді,  тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түсінігі қалыптасады, денесі шынығады, балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді.

Ұлттық ойындар тек баланың сымбатын қалып­тастырып, денсаулығын нығайтып қана қоймай, оған ұлттық тәрбие беруде де үлкен рөл атқарады. Ата-бабамыз ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын арқылы бала жан-жағын, қоршаған әлемді өз бетінше зерделеуге тырысады, және қандай жағдайда да жетістікке жетуге ұмтылдырады. Батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, жеңіске ұмтылуы, шыдамдылық, икемділік, дәлдік сынды,  құндылықтарды бойына сіңіреді. Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, қасиетін айқындай бастайды. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, бір ойын талғампаздыққа, ал енді бірі қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды.   Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткеніміз бен бүгінгі байланыстарымыз – баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні Мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырмыз. Балабақшамызда қазақтың ұлт­тық ойындарын бүлдір­шін­дерге ойнату мен үйретудің негізгі мақсаты балалардың де­не тәрбиесін дұрыс жолға қою­­ға, спорттық шеберліктері мен мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Мақсатымыз ұлттық ойындарды ойната отырып, тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы, өз жерін, өз елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлт­тық намысы мол жігерлі бүлдір­шіндерді тәрбиелеу, ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, ұлттық мінез-құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөліп, тереңірек шұғылдануға жағдай жасау басты міндетіміз.

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану — өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.

    

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*