Әлтаева Кенжайым Нұрғалиқызы
тәрбиеші, педагог
№70 «Құлыншақ» балабақшасы
Астана қаласы
Тақырыбы: «Наурыз –жыл басы!»
Білім беру ұйымы: №70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Қарлығаш» ересек тобы
Балалардың жасы: 4 жас
Міндеттері: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, құрметті қонақтар! Бүгін біз сіздермен бірге тамаша мереке — Наурыз мейрамын тойлап жатырмыз. Бұл мереке тыныштықтың, көктемнің, тазалықтың мейірімділік пен жақсылықтың хабаршысы болып қала береді. 22-наурыз мерекесі осы кезде күн мен түн теңеліп табиғат ұйқысынан оянады. Бұл күнді ата — бабамыз – Ұлыстың ұлы күні деп атаған.
- Ансар:
Баяу самал еседі,
Сиқырлы қобыз секілді,
Үлкендер де жастар да ,
Наурызға асығып кетеді.
Келіңіздер, келіңіздер!
Бәйге мен айтыс болады,
Осы мейрамда көрсетіңдер,
Бойдағы бар өнерді.
- Аружан:
Сіздерді ерекше бір той күтуде,
Наурыздық, шұбат, қымыз бар.
Бауырсақпен балдай шайда бар,
Келіңдер бірің қалмаңдар!
Әртүрлі гүлдер де жетерлік,
Міне бәйшешек, міне нәркес.
Қош келдің сүйікті мерекеміз.
Барлығы: « Армысың әз Наурыз!»
Ән: «Әз Наурыз »
(Балалар орындыққа отырады. Баяу әнмен Наурыз кіреді.)
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Мейірімді адам! Сіз кімсіз және неге көңілсізсіз?
Наурыз: Мен әз Наурыз боламын,
Жыл сайын мені бәрі күтеді
Мен көп күттірген аймын,
Қарды мен шаршамастан жаншимын,
Себебі, Көктемді алып келуім керек!
Жүргізуші: Енді ол қайда?
Наурыз: Оны жауыз хан алып кетті де, сиқырлап тастады. Ал Көктемсіз, менің Көктемімсіз, өмір сүре алмаймын.
Жүргізуші: Балалар, не істесек екен? Наурызға көмектесу керек және Көктемді құтқару керек.
Наурыз: Бірақ, оны сендер қалай, не істемексіңдер?
Жүргізуші: Біз қатты әндетіп көңілді ойнап би билейміз, сонда Ханның мейірімділігі оянап, сиқырдың күші жойылады! Ал сен Наурыз; бізге көмектесесің ?
Балалардан қазақтың ұлттық ойындары,салт- дәстүрлері туралы сұрақ жауап арқылы сұрап ойларын толықтыру.
Ата аналар салт дәстүріміздің бірі «Бесікке салу» рәсімін көрсету.
Наурыз: Әрине! Ой, естисіңдер ме, хан келе жатқан сияқты!
(Музыканың сүйемелдеуімен Хан кіреді.)
Хан: Міне, мен де келдім!
Жүргізуші: Көктемді ұрлап, сиқырлаған сен екенсің ғой?
Хан: Әрине! Мен ол үшін құн талап етемін. Маған төлеңіздер!
Жүргізуші: Бірақ біздің ақшамыз жоқ, бұл балабақша емес пе?
Хан: Ал, ендеше, менің тапсырмаларымды орындаңдар, ал олар өте қиын. Келісесіңдер ме?
Жүргізуші: Әрине, тапсырмаларыңызды орындауға дайынбыз!
Хан: Ха-ха-ха! Өздері орындай алатындай сенімді ғой!
Жүргізуші: Біздің балалар сіздің барлық тапсырмаларыңды орындайды.
Хан: Ал ендеше тыңдаңдар! Бірінші тапсырмам: Отандарыңды қорғай алатын батырларың бар ма? Сендерден! Оларды көргім келіп тұр, тыңдағым келіп тұр!
Отан туралы тақпақ.
Міне біздің Отанымыз!
Отан деген не өзі?
Оның толық түс кейпін,
Ханым білгін келе ме?
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені онда мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Хан: Отанды қорғай алатын батырларың бар ма? Маған батыр керек.
Жүргізуші: Әміріңізге құлдық! Біздің батырлар шығады.
Би: «Батырлар биі»
Хан: Жарайсыңдар! Батырларым! Отан туралы жақсы біліп қалыпсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Ол не?
Бұл үйдің бұрышы жоқ,
Ол дөп-дөңгелек,
Және де осындай баспананы
Сен кең даладан табаласың.
Жүргізуші: Біздің балалар оның не екенін тауып береді. Шешімін тыңда. Ол не балалар?
Балалар: Киіз үй!
Хан: Енді киіз үйдің шаңырағын кім көтереді?
Жүргізуші: Біздің топта мықты ұлдарымыз бар яғни, жігіттеріміз бар. Киіз үйдің шаңырағын жоғары көтереді. Балалар қазір біз көңілді ойын ойнаймыз. Ханның бір көңілі көтеріліп қалсын.
Ойын: «Киіз үй»
Хан: Жарайсыңдар, балалар! Мен тағы жұмбақ білемін. Ал енді шешіп көріңдер.
Мынау не? Менің аспабым сынып қалды. Ол қандай аспап? Соны жөндеп беріңдер – деп бұйырады.
(Үстелде қоржынның ішінде домбыраның сынған сынықтары шашылып жатады балалар соны ойын арқылы магниттік тақтаға құрастырады. Балаларды 2-сәбилер тобынан алу әдемі күй әуенімен ойын ойналады.
Ойын: «Домбыра құрастыру »
Балалар: Бұл қазақ халық аспабы-домбыра. Ол ағаштан ойып жасалған, оның екі ішегі және тесігі бар, дыбыс сол жерден шығады.
Хан: Жарайды, өздерің шебер екенсіңдер! Мұныда біледі екенсіңдер. Наурыз мерекесіне қандай дайындықтарың бар? Бұл тойда қандай тағам даярланады?
Балалар: Наурыз көже
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Наурыз 7 компоненттен тұрады. Оларды атап өтейік.
Балалар: Ет, сүт, айран, құрт, бидай, тұз, су.
Жүргізуші: Дәстүр бойынша Наурыз көжені өзіміз дайындаймыз.
Ойын: «Наурыз көже» ойыны өткізіледі. Тұлпар тобының балалары.
Жүргізуші: Ендігі ойнайтын ойынымыз. Мол болсын дастархан деп аталады. Келесі кезекті сәбилерге берейік.
Ойын: «Мол болсын дастархан»
Жүргізуші: Қарлығаш тобының балалары сіздерге өз әндерін шырқап береді.
Ән: «Мол болсын дастархан!»
(Көңілді музыканың әуенімен Алдар көсе кіреді.)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын.
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұртта жоқ,
Мендей адам жұртта жоқ! Аха-хой, Охо-хой, а-а-а-ай!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіңдер ме, достар!
Қош келдің, Наурызым төрлет бері,
Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады адамдардың келбеттері.
Қош келдіңіздер батыр жігіттер мен кербез сұлулар! Сенде қош келдің Хан, міне тағы кездестік Ал сіз мені таныдыңыз ба?
Балалар: Иә.
Алдар көсе: Ал сендер мені қайдан танисыңдар!
Балалар: Қазақ халық ертегісінен.
Алдар көсе: Қымбатты Хан! Көктемді сиқырлап тастаған сіз емессіз бе?
Неге оны мерекеге жібермей жатырсыз?
Хан: Иә, Мен! Мен құдіретті де ең күшті Ханмын!
Алдар көсе: Ал енді балалар, кімнің күшті екенін тексерейік?
Ойын: «Арқан тартыс»
Хан: Ал жарайсыңдар! Мықты екенсіңдер! Ойбай, Көктемдеріңді алыңдар! Оны мен сиқырлап тастаған екенмін сиқырлы сөзімді ұмытып қалдым енді не істедім?
Алдар көсе: Мен білемін бізге әдемі Гүлдер биі көмектеседі.
Би: « Гүлдер » ( Сол кезде құлпырып көктем кіреді)
Жүргізуші: Балалар! Көктемді қарсы алайық!
Хан: Балалар, сендерге керемет мереке үшін көп рахмет! Менде кетейін ауылымды наурыз тойына шақырайын. (Хан кетеді )
Наурыз: Мен сіздерде қонақта болдым. Маған өте ұнады Көктемді құтқаруға көмектескендеріңіз үшін көп рахмет! Мерекені қазақтың дәстүрімен Наурыз көже ішейік.
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!