Home » статьи » ЕЖЕЛГІ ӘЛЕМ ТАРИХЫ

ЕЖЕЛГІ ӘЛЕМ ТАРИХЫ


Жакалакова Салтанат Конакбаевна
Астана қаласы әкімдігінің
М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия
ШЖҚМКК тарих пәнінің мұғалімі,
педагог-шебер

ЕЖЕЛГІ ӘЛЕМ ТАРИХЫ

«Ежелгі әлем тарихы» курсы – адамзат тарихының ең көне кезеңдерінен бастап, алғашқы өркениеттердің қалыптасуы мен дамуын зерттейтін таңдау курсы. Бұл курс тарихтың негіздерін терең түсінуге, әлемнің ежелгі мәдениеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. «Ежелгі әлем тарихы» курсы оқушыларға әлемдегі алғашқы өркениеттердің құрылымы мен ерекшеліктерін, олардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси даму жолдарын қарастыруды мақсат етеді. Бұл курс арқылы оқушылар адамзат тарихының алғашқы кезеңдеріндегі маңызды оқиғалар мен өзгерістерді зерделей отырып, өткен уақыттың біздің заманымызға әсерін түсінуге мүмкіндік алады.Дүние тарихынан қорытынды емтихан тапсыру кезінде мектеп бітіруші түлек тестілеу кешені мен жаңартылған білім мазмұны негізінде, нақты критерийлер ұсыну арқылы жазбаша түрде емтихан тапсырады. Осы кезде мектеп бітіруші түлек үшін қорытынды емтиханға тыңғылықты дайындалатын, бағыттаушы көмекші құрал ретінде «Ежелгі әлем тарихы» 11 сыныпқа арналған таңдау курс бағдарламасын құрастырдым. «Ежелгі әлем тарихы» 11 сыныпқа арналған таңдау курс бағдарламасында ежелгі және орта ғасырлар тарихын жүйелі және практикалық бекіту сабақтарын ұштастыру арқылы құрастырылған. Оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан  бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыра отырып, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени- тарихи тәжірибенің негізін оқыту, меңгерту . Бағдарламаның мақсаты: оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі заманнан  бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыра отырып, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени- тарихи тәжірибенің негізін оқыту, меңгерту .«Ежелгі әлем тарихы»  тақырыбындағы таңдау курсын меңгерген оқушы жүйелі білім алып қана қоймай, сонымен қатар, оқушылар 11-сыныпта дүние тарихы пәнінен қорытынды аттестаттау мен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық жүргізуге мүмкіндік алады. Курс бағдарламасына оқу құралы қосымша беріліп отыр. Оқу құралы әр тақырыпқа сай жүйлі мағұлмат, кесте және тақырыптық тапсырмалармен  толықтырылған.       Бағдарламаның міндеттері:
       Оқушылардың адамзаттың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуының тарихи жолын оның әлеуметтік, рухани- адамгершілік тәжірибесін айшықтайтын жүйелі білім беру;
       Оқушыларда тарихты оқып үйренудің көп өлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру ;
       Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану,тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой иелігінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру ;
       Бағдарламаның құрылымы жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныбына арналған. Бағдарламада 34 сағат берілген. Әрбір тақырыпқа мазмұнына қарай бір сағаттан беріледі.
      Оқушы білуі қажет:
       Ежелгі дүние және ортағасырлар тарихының негізгі кезеңдерін ;
       Алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі белгілерін;
       Ежелгі мемлекеттердің саяси тарихын;
       Ежелгі өркениет мәдениетін;
       Ортағасырлардығы мемлекеттердің саяси жағдайын;
       Ежелгі дүние және ортағасырлардығы мәдение және діннің дамуын;
Оқушы жасай алуы керек:
       Тапсырмаларды мазмұнымен таныса отырып,  тарихи оқиғаларға дұрыс баға бере білу;
Картамен жұмыс жүргізу барысында мемлекеттердің орналасуын, табиғи жағдайын сипатта білу;
       Тарихи оқиғаларды салыстыра отырып, қортынды жасай білу;
       Тарихи тұлғаларды суреттеу  арқылы, олардың тарихта алатын орнын , маңызын аша отырып, өзінің ойын тұжырымдай білу;
  Күтілетін нәтиже:
       Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар алдына мақсат қоюға дағдыланады.
       Жүйелі ойлау арқылы мәдениет, тарихи, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
       Оқушылар қазіргі қоғамның ішкі, сыртқы жағдайларын, оның алдында тұрған күрделі міндеттерді жақсы түсініп, сол міндеттерді шешуге белсене қатыса алатын дәрежеге жетеді.
       Ежелгі, ортағасырлық мемлекеттердің саяси- әлеуметтік жағдайына баға беру;
       Түрлі деректерді пайдалана отырып, мемлекеттерге сипаттама бере білу;

Дидактикалық материалдар жинағы 11 сыныпқа арналған «Ежелгі әлем тарихы» атты таңдаулы курсына құрастырылған. Бұл таңдаулы курс мұғалімдердің дүние тарихы пәні бойынша білім беруде, оны жетілдіруде басшылыққа алынатын оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі болып келеді. Бұл дидактикалық материалдар  жинағында оқушыларды ынталандыру мәселесі негізге алынған. Ынталандыру арқылы  мұғалім оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады. «Ежелгі әлем тарихы» таңдаулы курс бағдарламасына жинақталған дидактикалық материалдар жинағының мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеу процесін жаңаша ұйымдастыру мен педагогикалық технологияны, оқытудың даралық,  деңгейлік әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы оқушылардың әлем тарихына деген қызығушылығын және шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында мұғалімдерге көмек беру.

Таңдаулы курс бағдарламасына жинақталған дидактикалық материалдар жинағының міндеті:

1.Бағдарланған білім беру жүйесі арқылы жаңаша көзқарастар мен  тұжырымдарды қалыптастыру.
2.Ұлттық құндылықтарды, әлемдегі тарихи оқиғаларды өзіндік талдауға дағдыландыру.

Дидактикалық материалдар- маңызды тарихи деректерден, тарихи тұлғалар, мемлекеттердің саяси тарихын сипаттайтын кестелер, басқару жүйесін сипаттайтын сызбалардан құралған. Бұған қоса дидактикалық материалдар жинағында сызбаны пайдалана отырып, сабақты түсіндіру, оқушыларға түрлі кестелерді толтыртқызу, даталармен жұмыс жүргізу, терминдерді жұмысты ұйымдастыратын әдіс- тәсілдер қамтылған.

Деректер: Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тақырыптың мазмұнын ашатын қысқаша тұжырымдар.

Даталар: бұл  жұмыс екі бағытта жүргізіледі. Кейбір даталардың қатарында сол жылдары болған оқиғалар жазылса, енді бірінде оқиғалар жөнінде ешбір мәліметтер берілмеген. Сол себебтен екі түрлі даталармен жұмыс жүргізу сабақты бекіту барысында қолдануға болады.

Терминмен жұмыс: Сабақ барысында жаңа терминдерді есте сақтауға мүмкіндік береді.

Тестпен жұмыс: тест материалдары әрбір көлемді тақырып бойынша беріледі. Оқушылар өткен тақырып бойынша меңгерген білімдерін көрсете, немесе тексере алады.

Бұл дидактикалық жинақтағы материалдар мұғалімге сабақ барысында жаңа сабақты меңгерту, үй тапсырмасын сұрау, бекіту, қайталау, барысында қолдануға арналған.Дидактикалық материалдар жинағы мұғалімнің жаңа  тақырыпты ұйымдастыруына көмектесетін үлгілері ұсынылған.

Мұғалім дидактикалық материалдар: сызба, сұлба, кесте, хронологиялық кестелерді басшылыққа ала отырып, оқушыларға жүйелі білім бере отырып,  оқушылардың ойлау қабілетін, өзіндік жұмысын ұйымдастыра алады. Дидактикалық материалдар жинағы бағдарламаға сай ежелгі дүние және ортағасырлардағы әлем тарихындағы мемлекеттердің тарихи, мәдени даму үрдісіне шолу жасалынады.

  Қолданылған әдебиеттер тізмі.

  1. Авдиев В.И. Ежелгі Шығыс тарихы. А., 1953 ж., 149-б.
  2. Авдиев В.И. Ежелгі Шығыс тарихы. А., 1953 ж., 269-271 б.
  3. Данилов А.А., Косулина Л.Г.  Ресей тарихы- Мәскеу  «Просвещение» 1999 ж.,
  4. Кредер Н.  Әлем тарихы- Мәскеу  «Просвещение» 1999 ж.
  5. Казиев С.Ш., Бурдина Е.Н. История в схемах и таблицах- Мәскеу «Лист» 1999 ж.,
  6. Казиев С.Ш., Бурдина Е.Н. История Росии в схемах и таблицах- Мәскеу «Лист» 1999 ж.,
  7. Коростовцев М.А. Ежелгі Шығыс тарихы бойынша бойынша хрестоматия. 1-бөлім. Москва-1980 ж. 204-205 б.
  8. Коростовцев М.А. Ежелгі Шығыс тарихы бойынша бойынша хрестоматия. 1-бөлім. Москва-1980 ж. 131-139-б.
  9. Коростовцев М.А. Ежелгі Шығыс тарихы бойынша бойынша хрестоматия. 2-бөлім. Москва-1980 ж. 168-169, 172-173 б.
  10. Кун И. Ежелгі Грецияның аңыздары мен мифтері., А.1958. 215-б
  11. Қожахметов К, Шүпеков Ә., Ғұбайдуллина М., Бекiш Р. 9- сынып. Қазiргi дүние жүзi тарихы- Алматы, «Мектеп» 2009 ж
  12. Құсаинова Р., Дәкенов М., Саркеев Б.  Ежелгі дүние тарихы- Алматы «Атамұра» 2006ж.
  13. Мәшiмбаев С., Мәженова М., Тортаев С., 7- сынып. Ортағасырлардағы дүние жүзi тарихы-   Алматы «Атамұра»  2007ж.
  14. Мәженов М., Таубаева Ш Ортағасырлардағы дүниежүзi тарихы дидактикалық материалдар жинағы-  Алматы «Атамұра»  2006 ж
  15. Нұғманова Н., Күліпбаева Қ,  Бекіш Р.  Қазiргi дүние жүзi тарихы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*