Home » статьи » Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!

Алматы қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектепте 14-24 ақпан аралығында инклюзия апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты – білім беру мекемесінде инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, идеялармен бөлісетін қауіпсіз, толерантты қоғамдастық құруға ықпал ететін барлық қатысушылардың дамуын ынталандыратын ынтымақтастық құру. Мектебімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды  оқыту,  дамыту барысында  сапалы білім алуына  әрдайым тиісті көмек көрсетіліп отыр.
    

Апталықтың ашылу салтанаты түстерді ажырата білу, шашылған әріптерді жинау, қысқарған сөздердің мағынасын сараптап айту, логикалық сұрақтарға жауап беру, өз тілек – пікірлерімен бөлісу, ұсақ қол моторикасына арналған әртүрлі дамытушы ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығын оятуға бағытталды. Оқушылар бұл ойындарға үлкен қызығушылықпен белсене қатысып, жүлделі сыйлықтарға ие болды.

Апталық аясында бастауыш сынып мұғалімі Скуткевич Карина «Толеранттылық – балалар көзқарасымен» сурет байқауын, бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбай Айбану мен педагог-ассистент Әуелхан Шұғыла 3 «А» сынып оқушыларымен «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» тақырыбы бойынша сынып сағатын, педагог-ассистент Оразәлі Диана 2 «Б» сынып оқушыларымен бірге «Ертегілер мен ғажайыптар әлемі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.

Арнайы педагог Кулова Сандуғаш «Жаны саудың – тәні сау» атты оқушылармен топтық жұмыс әзірлесе, педагог-логопед Калашева Гульсим «Л дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ барысында дыбыстың айтылу, дыбысталу жолдарын түсіндірді, логопедиялық жаттығулар орындалды.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Итахунов Азизжан «Эстафеталық ойындар» тақырыбында 6 «Б»  сыныбымен ашық сабақ өтті. Бұл эстафетаның ерекшелігі ойын тәсілдері арқылы оқушыларды спортқа баулып қана қоймай, сонымен қатар «Күш – бірлікте» екенін түсіндірді.

Еңбек пәнінің мұғалімі Башарова Луиза, педагог-ассистент Аймаганбетова Сағымгүлдің көмегімен 5 «Б» сыныпқа «Музыкалық аспаптардың жасалу жолы» тақырыбы бойынша кіріктірілген сабақ ұйымдастырды. Сабақта  оқушылардың ерекшеліктері ескерілді, түрлі қызықты материалдар арқылы музыкалық аспаптардың жасалу жолы туралы мағұлматтар берді.

Педагог-психолог Юсупова Амина ЕББҚ бар балалармен жұмыс жүргізетін мектеп ұстаздары мен мамандарына арналған тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында психолог өз тәжірибесінде озық деп танылған қызықты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұстаздардың жұмысына жаңа дем берді.

Сонымен қатар 1 «А» сынып жетекшісі Оспанғалиева Әйгерім мен педагог-ассистент Темірхан Нұргүл дүниетану пәнінен «Елімнің мемлекеттік рәміздері» тақырыбы бойынша кіріктірілген ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы түсіндіріліп, ұлттық мәдениет пен тарихи кезеңге шолу жасалынды. Оқушылар креативті дидактикалық материалдар арқылы түрлі қызықты тапсырмаларды бірге орындады. Сабақ  инновациялық  идеялармен үйлесіп, сынып оқушыларының барлығы топтық жұмысқа белсене қатысты.

Өз кезегінде педагог-ассистент Мұхтар Нағима сынып жетекшісімен бірге бейнелеу пәні бойынша «Портрет және олардың түрлері» тақырыбында 3 «А» сынып оқушыларымен бірге кіріктірілген ашық сабақ өтті. Оқушылар сабақта тақырып бойынша бірлесе сурет салып, өз шығармашылықтарымен бөлісті.

Педагог-ассистент Оспанбекова Шолпан мен Алтынбекова Айгерім ұйымдастырған   бастауыш сыныптар арасындағы «Таланттар байқауы» атты сыныптан тыс іс-шара  оқушылар үшін құнды болды.

Инклюзия апталығы жоғары деңгейде өтіп, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қуаныш сыйлады. Қоғамның әр мүшесінің өз орны бар, оны құрметтеуге баршамыз міндеттіміз.

Психологиялық-педагогикалық
қолдау қызметінің  жетекшісі:
Молдахмет Шынар Дидарқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*