Алматы қаласы білім басқармасына қарасты №221 мектеп-гимназиясының директоры Айжан Тойбековнаның бастамасымен «Жұмадағы жүздесу» айдары аясында актер, драматург, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмінде басты рөлді сомдаушы белгілі тұлға Байғали Мақұлбекұлы Есеналиевпен кездесу өтті.
“Кездесудің басты мақсаты — өскелең ұрпаққа өнегелі іс көрсету, оқушылардың жан-жақты болуын қамту, олардың өнер мен білімге ықыласты болып өсуіне жол ашу”, — дейді аталған мектеп-гимназиясының директоры Айжан Тойбековна.
Байғали Есеналиев мектеп-гимназиясының тыныс-тіршілігімен танысып, кітапханасын аралады. Мектептегі іс тігу тағы басқа қолөнер туындыларына баға беріп, ризашылығын білдірді.
Одан әрі мектеп оркестрі «Келіншек» халық күйін орындады. Байғали Есеналиев өзінің туған ауылы Түркістан облысындағы Майбұлақта өткен балалық шағын еске алып, оқушыларға айтып берді.
“Ауылдағы ең сүйікті мекенім — кішкентай ғана кітапханамыз еді, көп уақытым сол жерде өтетін. Сол кітапханада көптеген ұлы тұлғалармен танысқан едім, мені қанаттандырған, өнер жолын таңдауыма ықпал еткен сол кісілер еді. Мен арманшыл бала едім, жайлауда қой бағып жүріп, актерлік шеберлігімді дамытқанмын. Кең далада түрлі образға еніп монолог оқитынмын. Өнер адамы болуды армандайтынмын. Әсіресе Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін сүйіп оқыдым, сол кісінің өлеңдеріне ғашық болып өстім, ол кісімен сол кітапханада таныстым. Бір таңқаларлық дүние — кейін үлкен сахнада Фаризаның жігіті болып ойнадым”, — деді ағамыз көрерменді тамсандырып.
“Алматыға келдім, ата-анама салмақ салмайын деп өз күшіммен КазГУ-дың журналистика факультетіне оқуға түстім. Әнуар Молдабеков, Райымбек Сейтметов, Фарида Шарипова, Асанәлі Әшімов сынды мықты актерлерді тәрбиелеген Асқар Тоқпанов мені сол жерде көріп «Айналайын сен сахна үшін туылған адамсың. Дауысың да жағымды, көркің де бар екен, журналист болғалы жүр екенсің. Қазақта бір журналист кем болса ештеңе етпес. Сен актер бол!» деп мені актер болуға шақырған еді”, -деді Байғали Есеналиев сол қызыққа толы жастық шағын есіне алып.
Актерге әр рөлді сомдау оңай болмаса керек. Әсіресе Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсыновтың рөлін ойнау тіптен күрделі болған көрінеді. “Халық жауы болып халық санасында қалыптасқан адамды ақтап ала алмасым анық қой. Ахаңды алып
Кез келген актер сахнаға шығар алдында алған рөлін, сомдайтын тұлғасын жан-жақты зерттеп барып дайын болады. Мен қай рөлде ойнасам да толыққанды дайындаламын. Театрда ойнаған рөлдерім Абай болсын, “Бақыт пен мұңдағы” Фаризаның жігіті болсын, “Ең әдемі келіншектегі” сері жігіт болсын, “Бесеудің хатындағы” Ғабит Мүсірепов болсын оңай емес. 2016 жылы ойнаған Жамбыл Жабаевтың рөлі қиын болды. Ахаңның рөлін ойнарда Алладан жалбарынып сұраған едім”, — деп ағынан
Сегіз қырлы бір сырлы жан Байғали Есеналиев көпшілікке әншілік әрі композиторлық қырымен де белгілі. Оның әні мен сөзіне жазылған «Қазғұрт», «Ақ тілек», «Тәтті мұң», «Бұрын қайда жүргенсің?» «Арайлы таң» тағы да басқа көптеген туынды әнсүйер қауымға таныс. Кездесу барысында «Қазғұрт» әнін оқушылар нақышына келтіре орындады. Байғали Есеналиев «Қазғұрт» әнінің тарихын да айтып берді. “Менің осы әнді жазуыма, басқа да дүниені жазуыма себепкер болған балалық шаққа деген сағыныш. Сағыныш жоғалған жерде адам адам болудан қалады”, — деп Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңін оқып берді.
Кездесу соңында оқушылар мен ұстаздар қонаққа деген ыстық ықыласы мен ілтипатын білдіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Олар бүгінгі кездесудің қадірлі қонағы болған танымал тұлға жайлы көптеген мағұлмат алып, шығармашылығына қанық болды. Жиналғандар кездесуден ерекше әсер алып тарқасты.
«BILIM AINASY»
Жұлдыз Смаилова
Журналист
Алматы қаласы