Home » статьи » Кейс-лаборатория: ойын арқылы дамудың жаңа белесі

Кейс-лаборатория: ойын арқылы дамудың жаңа белесі

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы КМҚК №56 бөбекжай-балабақшасында бүгін ерекше форматтағы, мазмұны терең аудандық семинар өтті. Балалардың табиғи қызығушылығы мен даму қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған бұл басқосу – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жаңа бағыттарды айқындайтын тәжірибе алаңына айналды.
   

Семинар жұмысына Әуезов аудандық білім бөлімінің әдіскері – Ноғайсарина Гүлнар Жүнісбековна мен аудан аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері қатысты. Семинардың тақырыбы – «Кейс-лаб: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған іс-жүзіндегі тәжірибе-ойын, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту құралы ретінде» – заман талабына сай, педагогикалық тәжірибені жаңа бағытта дамытуды көздеген тың бастама.
  

Кейс-лабораторияның негізгі мақсаты – ойынның бала дамуындағы маңызын көрсету, сонымен қатар педагогикалық процесте ойын түрлерін тиімді әрі тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын нақты көрсету болды. Осыған орай, балабақша тәрбиешілері өздерінің күнделікті жұмыс барысында қолданатын әдіс-тәсілдерін ортаға салып, теория мен практиканы үйлестіре отырып тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
    

Семинардың шымылдығы балабақша меңгерушісі Байгулбекова Рысты Жумабековнаның жылы лебізімен ашылды. Өз сөзінде меңгеруші бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталып, мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық дамуы үшін ойын ортасының рөліне ерекше мән берді. Бұдан кейін балабақша әдіскері Оспанбекова Гулнара Акимбековна арнайы әзірлеген презентация арқылы семинар тақырыбына кеңінен шолу жасап, ойын арқылы оқыту технологияларының ерекшеліктері мен тиімділіктерін баяндады.

Қонақтар балабақшаның ішкі бөлмелерін аралап, дамытушы орталармен, түрлі оқу-тәрбие бағытында жабдықталған кабинеттермен танысты. Мекеменің материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде жабдықталуы, әр топтағы балаға бейімделген ойын аймақтарының жүйелі құрылуы көпшілік тарапынан жоғары бағаланды. Әрбір бұрыш – баланың ойнай отырып, дамуына жағдай жасалған кеңістік.

Семинардың практикалық бөлігінде тәрбиешілер нақты кейс-ойындарды іс жүзінде ұсынып, қатысушылардың тікелей тәжірибе алуына мүмкіндік берді. Шеберлік сағаты барысында Молдажанова М.М, Абдикахарова М.А тәрбиешілер, Теньгаева Н.Е, Байтұрғанқызы Д.С. музыка жетекшілері өздерінің тәжірибесін ортаға салып, бала тілін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, шығармашылыққа баулу бағытында ойнатылатын ойындарды көрсетті.

Қатысушылар ойын тәсілдерінің теориялық негіздерімен қатар, олардың күнделікті жұмыс барысында қалай жүзеге асырылатынын өз қолдарымен жасап көрді. Мұндай тәжірибе педагогтер үшін ерекше серпін беріп, кәсіби шеберліктерін арттыруға жол ашты.

Семинар соңында пікір алмасу алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар алған әсерлерімен, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Ойын – баланың тілі, ал сол тілді түсініп, баламен бірге ойнай отырып үйрету – әр тәрбиешінің шеберлігін көрсететін басты өлшем. Осы ретте №56 бөбекжай-балабақшасының педагогтері өздерінің жоғары кәсіби деңгейін, жаңашыл ойлауын және шығармашылық ізденісін анық көрсете білді.

Қорытындылай келе, бұл семинар – педагогтер үшін шабыт беретін, тәжірибе мен теорияны ұштастыратын, балабақша ішіндегі дамытушы орталардың маңызын айқындайтын мазмұнды шара болды. КМҚК №56 бөбекжай-балабақшасының білікті басшылығы меңгеруші: Байгулбекова Рысты Жумабековна, әдіскер Оспанбекова Гулнара Акимбековна мен шығармашыл тәрбиешілердің, ұйымшыл ұжымның Розимова У.М;Абдубаитова А.Ш;Кустаева А.Б;;Қоспанова Ж.А; Токмолдаева Г.М;Кадыралиева А.У,Ващинская Н.Б;Калиева Б.Ю;Гусейнова Э.Г;Боготская Е.С;Мустафина А.К;Тышанбаева М.А;Кадымбаева К.Б;Кенжебаева Э.Е,Буюнчарова Б.К;Джанабердиева Б.Б;Боранбаева Н.И;Оралбаева Г.Ж;Турлиева Ж.К;Срайлова М.К,Масимова Г.Я бірлескен еңбегі – осындай нәтижелі кездесулердің негізі екені сөзсіз. Болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін қызмет етіп жүрген бұл ұжымның еңбегі қашанда құрметке лайық!

 

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы
КМҚК №56 бөбекжай-балабақшасы
меңгеруші: Байгулбекова Рысты Жумабековна

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*