Home » статьи » Кене энцефалиті және оның алдын алу шаралары

Кене энцефалиті және оның алдын алу шаралары

Көктемнің басталуымен кене энцефалиті және кене боррелиозы сияқты инфекциялық ауруларды тасымалдаушы иксод кенелерінің белсенділігі артады. Кенелер ерте көктемнен күздің ақырғы айларына дейін белсенді, олардың ең жоғары белсенділігі мамыр — маусым айларында болады, бұл кезең кенелердің ең көп санымен сәйкес келеді. Кенелердің белсенділігі көбінесе ауа райы жағдайларына — температура мен топырақ ылғалдылығына байланысты.

Кене энцефалиті – орталық және шеткі жүйке жүйелерінің зақымдануымен сипатталатын иксоидті кенелерден туындайтын вирустық ауру,  ол ауыр асқынулар туғызады. Аурудың салдары одан толығымен сауығу немесе денсаулығының нашарлауымен мүгедектікке, өлімге әкелуі мүмкін.

Аурушаңдықтың инкубациялық (жасырын) кезеңі 1 — күннен 30 күнге дейінгі аралықта, көбінесе 7-14 күнге созылады. Ауру жіті басталады, қалтырау, қатты бас ауруы, температураның 38-39 градусқа дейін күрт көтерілуі, жүрек айнуы, құсу белгілері пайда болады. Көбінесе мойын мен иықта, кеуде және белде, аяқ-қолдарда бұлшық ет ауырсынуы мазалайды.

Адамдар аурушаңдықты кене шаққанда немесе немесе оны кездейсоқ мыжыған кезде жұқтырады. Кене энцефалитін зақымданған шикі ешкі сүтін және одан дайындалған сүт өнімдерін тамаққа пайдалану кезінде жұқтыруға болады. Кене энцефалитін орманда, саяжайларда, бау-бақша учаскелерінде, кене басқа адамның киімінен, мысықтардан, иттерден, саяжайлардан әкелінген гүл шоқтарынан, көліктен басқаларға жылжыған кезде жұқтыруға болады.

Кене энцефалитінің алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Екпені дәрігердің кеңесінен кейін тұрғылықты жері (немесе тіркелген жері) бойынша емханада жасауға болады. Вакцинация кене энцефалитінің табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін адамдарға жүргізіледі. Вакцинацияның бастапқы курсы үш дозадан тұрады. Көктемде кенелердің белсенді кезеңі басталғанға дейін иммунитетті қалыптастыру үшін бірінші және екінші дозаны қысқы айлары кезеңінде бір айдан үш айға дейінгі аралықта жүргізген жөн. Үшінші дозаны екінші дозадан кейін 5-12 айдан кейін енгізу керек. Вакцинацияның бастапқы курсы үш жыл бойына қорғауды қамтамасыз етеді.Үшінші дозаны енгізгеннен кейін үш жылдан кейін бастапқы ревакцинация жүргізіледі. Одан арғы ревакцинация 60 жасқа дейінгі адамдарға бес жылдан кейін, ал 60 жастан асқан адамдарға үш жылдан кейін жүргізіледі.

Қыс айларында уақтылы екпе ала алмаған адамдар үшін шұғыл егу схемасы қарастырылған. Ол арасы екі апта болатын екі екпеден тұрады. Кене энцефалитіне қарсы барлық егу курсын қолайлы аумаққа шыққанға дейін 2 апта бұрын аяқтау қажет.

Кене белсенділігі маусымы кезеңінде әрбір адам орман алқаптарында, саяжай учаскелерінде жұмыстарды жүргізу кезінде, табиғатта демалу, саябақ аймағында серуендеу және т.б. аса мұқият және жеке профилактика шараларын барынша сақтау қажеттігіне халықтың назарын аударамыз:

— жеңі ұзын, манжеті білекке тығыз жабысып тұратын, кене тез байқалатын біріңғай және ашық түсті киімдер киіп, шалбарды етікке, шұлыққа, киімнің жоғарғы бөлігін — шалбарға салу, басқа орамал, қалпақ капюшон кию қажет;

— кенелерді үркітетін заттарды — репелленттерді қолдану қажет;

— киімді, денені және заттарды жиі өзін-өзі және бірін-бірі тексеру, үйге оралған кезде киім мен денені кенелердің бар-жоғын мұқият тексеру қажет.

Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің травматологиялық пункттерге көмекке жүгіну керек, онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп,  кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі.

Қалада кене шағудан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, кене энцефалитіне қарсы иммноглобулин егу төмендегі медициналық ұйымның травмотологиялық пункттерінде жүргізіледі:

— Орталық  қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6);

— Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасы ( Казыбек би көшесі, 96);

— №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220);

— №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек даңғылы, 20);

— Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көшесі, 40).

Есіңізде болсын, қауіпсіздік шараларын сақтау, кене шаққан кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну, дер кезінде алдын алу және емдеу аурудың алдын алуға және оның қолайлы нәтижесіне ықпал етеді!

 

 Клещевой энцефалит и меры его профилактики

C наступлением весны повышается активность иксодовых клещей – переносчиков инфекционных заболеваний, таких как клещевой энцефалит и клещевой боррелиоз.  Клещи активны с ранней весны и до поздней осени, самая высокая активность приходится на май — июнь, когда их численность увеличивается. Активность клещей во многом зависит от погодных условий – температуры и влажности почвы.

Клещевой энцефалит – это вирусное заболевание, которое вызывается иксодовыми клещами, приводит к поражению центральной и периферической нервных систем, вызывает тяжелые осложнения. Последствия заболевания: от полного выздоровления до нарушений здоровья, приводящих к инвалидности и смерти.

Инкубационный (скрытый) период заболевания длится чаще 7-14 дней, с колебаниями от 1 до 30 дней. Болезнь начинается остро, сопровождается ознобом, сильной головной болью, резким подъемом температуры до 38-39 градусов, тошнотой, рвотой. Беспокоят мышечные боли, которые наиболее часто локализуются в области шеи и плеч, грудного и поясничного отдела спины, конечностей.

Заражение человека клещевым энцефалитом происходит при присасывании зараженного клеща или случайном раздавливании его. Клещевым энцефалитом можно заразиться при употреблении в пищу инфицированного сырого козьего молока и молочных продуктов, изготовленных из него. Заразиться клещевым энцефалитом можно в лесу, дачах, садово-огородных участках, при переползании клеща с одежды с другого человека, кошек, собак, букетов цветов привезенных с дач, на транспорте.

Наиболее эффективным методом профилактики клещевого энцефалита является вакцинация. Прививки по показаниям проводятся в поликлиниках по месту жительства (или по месту прикрепления) после консультации врача. Вакцинация проводится лицам, проживающим и работающим в природных очагах клещевого энцефалита. Первичный курс вакцинации состоит из трех доз. Для формирования иммунитета перед активизацией клещей, которая происходит весной,  первую и вторую дозы предпочтительно вводить зимние месяцы с интервалом от 1 до 3 месяцев. Третью дозу следует вводить через 5-12 месяцев после введения второй дозы. Первичный курс вакцинации обеспечивает защиту на три года. После введения третьей дозы через три года провдится первичная ревакцинация. Дальнейшая ревакцинация лицам моложе 60 лет провдится через пять лет, а лицам старше 60 лет через три года.

Для лиц, не успевших получить прививки зимой, предусмотрена экстренная схема вакцинопрофилактики. Она состоит из двух прививок  с интервалом две недели. Завершить весь прививочный курс против клещевого энцефалита необходимо за 2 недели до выезда на благополучную территорию.

Обращаем внимание населения, что в период сезона активности клещей каждому необходимо быть крайне внимательным и максимально соблюдать меры личной профилактики при проведении работ в лесных массивах, на дачных участках, отдыхе на природе, прогулках в парковой зоне и т.д.:

— носить однотонную и светлую одежду, чтобы легко было заметить на ней клеща, с длинными рукавами, плотно прилегающими к запястью, брюки заправлять в сапоги, носки, на голову волосы под косынку, шапку;

—  необходимо использовать репелленты – вещества, отпугивающие клещей;

— проводить частые само и взаимоосмотры одежды, тела и вещей, по возвращении домой внимательно осмотреть одежду и тело на предмет наличия клещей.

В случае обнаружения присосавшего клеща, в наиболее ранние сроки (не позднее 4-го дня после присасывания клеща) необходимо обращаться в травматологические пункты, где окажут квалифицированную медицинскую помощь и по показаниям осуществляется введение иммуноглобулина против клещевого энцефалита.

 

Экстренная серопрофилактика клещевого энцефалита проводится на базе следующих медицинских организаций города (травматологические пункты):

— Центральная городская клиническая больница (ул.Жандосова, 6);

— Больница скорой неотложной помощи  (ул. Казыбек би, 96);

— Городская клиническая больница №4 (ул.Папанина, 220);

— Городская клиническая больница №7 (мкр. Калкаман, 20);

— Центр детской неотложной медицинской помощи (ул. Манаса, 40).

Помните, соблюдение мер безопасности, раннее обращение за медицинской помощью в случае присасывания клеща, профилактика  и своевременное лечение способствуют предупреждению и благоприятному исходу заболевания.

Спикер: ДСЭК города Алматы — Касымхан Алпысбайұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*