Home » статьи » География пәнінен арнайы курстың маңыздылығы

География пәнінен арнайы курстың маңыздылығы


Байулова Гулназия Сабыровна
Астана қаласындағы
№ 9 «Зерде» мамандандырылған лицей КММ
«Педагог-шебер» біліктілік санатты
география пәні мұғалімі

Аңдатпа. 7-сыныпқа арналған «Метеорология және климатология негіздері» арнайы курсы география пәнінен оқушылардың теориялық және практикалық қырларын ұштастырып, ғылыми-зерттеу жұмысына мектеп қабырғасынан жаппай баулу  мақсатында алынды.  Курс барысында оқушылар әртүрлі метеорологиялық географиялық жүйенің дамуы мен жағдайын анықтайтын табиғи ерекшеліктер мен  процестерді, табиғатты  қорғаудың өзекті мәселелерін қарастырады, климаттың өзгеруінің себептерін анықтап, оларға өз көзқарасы тұрғысынан баға  беруді үйренеді.

Кіріспе. Метеорологиялық іс-тәжірбиеде «ауа-райы» және «климат» деген ғылыми терминдер кеңінен қолданылады, себебі олардың екеуі де атмасфераның белгілі бір күйіне жатады. Ауа-райы қысқа уақыт аралығындағы немесе тәулік ішіндегі атмасфераның күйі болып саналса, ал климат ұзақ уақыт ішіндегі құбылыстардың жиынтығы. Ал, «тәулік» дегеніміз  атмасфера  күйінің заңды өзгерістерінің  ең қысқа табиғи кезеңі. Бұл өзгерістерді ауа-райы элементтердің, яғни ауа температура мен ылғалдылықтарының, бұлттылықтың, жер-шарының, атмасфера қысымының, желдің тәуліктік жүрісін бақылай отырып, қадағалауға болады. Атмасфераның күйін негізгі метеорологиялық элементтердің кешендік жиындығымен сипаттайды. Кешендік жиындық дегеніміз: атмосферадағы барлық құбылыстардың болып отыруы. Сондықтан ауа-райын жүйелі түрде бақылап, зерттеу арқылы тәуліктік ауа-райының кешендік типтерін бөлуге болады. Атап, айтсақ ауа t-сына байланысты ауа-райы үлкен үш топқа бөлінеді: аязды ауа-райы; 00— тағы ауыспалы ауа-райы;  аязсыз бұл топтардың әрбірінде ауа-райы бірнеше кластарға бөлінеді. Осы жайында курс барысында қарастырылатын болады.

КУРС БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ:

  • мектепте метеорологиялық алаң ашу;
  • метеорологиялық бақылау мәліметтерін өңдеу, нәтижелерді талдау, гипотезаларды тексеру, зерттеудің басты қағидаларын анықтай алу;
  • метеорологиялық бақылау көрсеткіштерін Астана қаласы бойынша «Қазгидромет» ұсынған көрсеткіштермен салыстыру;
  • метеорологиялық бақылау жасау арқылы географиялық түсініктер мен заңдылықтарды меңгеру;
  • оқушылардың өз бетінше білім алуына, жұмыс жасауға, ізденуге мүмкіндік жасау;

Өзектілігі:

Қазіргі білім беру жүйесін модернизациялау мектеп алдында жаңа міндеттер қоюда: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау тәжірибесін қалыптастыру. Оқушы оқу үрдісі кезінде белгілі бір нәрсені жаттауға емес, қандай да бір нәрсеге үйрену керек. Яғни белгілі бір іс әрекет жасауы керек. Осы жерде бірінші орынға білім алушылардың әрекет жасауы шығады да, ал білім осы әрекетті жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады.

Жаңашылдығы:

География оқу бағдарламасында сарамандық жұмыстарға арнайы сағат бөлінуіне қарамастан бұл жұмыстардың мазмұндық құрылымы теориялық тапсырмаларды орындаумен, картамен жұмыс жасаумен ғана шектеледі. Мектеп маңы метерологиялық алаңның жұмысына оқушыларды күнделікті тікелей қатыстырып, ауа райына тұрақты жыл бойы бақылау жұмысын ұйымдастыру, бұл бағыттағы ғылыми зерттеу жұмысын жүзеге асыру дәстүрлі  арнайы курстардың теориялық жағынан практикалық тұрғысына баса назар аударуы.

Курсты жүзеге асыру формалары:
Курсты таңдаған оқушылар (оқушы санына байланысты анықталады) жұптарға немесе шағын топтарға (3-4 оқушы) бірігіп күнделікті метеорологиялық бақылау жұмысын ұйымдастыру.

География кабинетінде асыспалы стенд жұмысын жүргізу:

Оқушылар жасаған жұмыстарын күнделікті жағартып, нәтижелерімен бөлісіп отырады: Курс аясында ұйымдастырылған жұмыс берілген бір сағатпен шектелмей, сабақтан тыс мектепішілік ғылыми қоғамдастықтың қалыптасуына түрткі болады.

Сабақ барысы мен пайдаланылатын әдіс-тәсілдер:
Шағын жобалар әдісі негізінде топтық жұмыс ұйымдастыру:
І топ: «Метеорология ғылымының дамуындағы негізгі хронологиялық оқиғалар» жобасы, презентация жасау;
ІІ топ: «Ежелден қазіргі күнге дейін атақты метеоролог ғалымдар мен олардың қосқан үлестері»;
ІІІ топ: «Қазақстанда метерологиялық бақылаудың пайда болу тарихы»
ІҮ топ: «Метеорология ғылымының жеке салалары».

Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері:
Олардың негізгілері:
1) бақылау әдісі;
2) эксперименттік әдіс;
3) теориялық (математикалық) әдістері.

Метеорологиялық құбылыстарды анықтайтын құрал жабдықтар:

  • Арнайы жинақ көмегімен анемометрды, гигрометрді, термометрді құрастыру мен зерттеу. Жиынтықта 10 оқушының бір уақытта жұмыс істеуі үшін есептелген барлық қажетті компоненттер бар.
  • Анемометр: Жел жылдамдығының өзгеруін бақылауға және деректерді жинауға арналған. Қорапқа салынған және барлық эксперименттерге арналған нұсқаулық болады.
  • Гигрометр: Ауаның ылғалдылығын бақылауға және жинауға арналған. Жинақ қорапқа салынған және барлық эксперименттерге арналған нұсқаулық болады.
  • Термометр: Ауа температурасы туралы деректерді бақылауға және жинауға арналған. Жинақ қорапқа салынған және барлық эксперименттерге арналған нұсқаулық болады.

Күтілетін нәтиже:

  • Атқарылған оқу іс-әрекеттерінің нәтижелігі мен сапасын бағалаудың келесі өлшемдері айқындалады:
  • оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу, жалпы қызығушылығын қалыптастыру;
  • оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми жобалар сайысында жақсы нәтиже көрсетуі;
  • оқушылардың өздігінен мәселелерді шеше алу дағдысының қалыптасуы;
  • ғылыми жұмыс туралы жеке қорытынды шығара алуы;
  • қала микроклиматына қатысты құңды мәліметтердің жинақталуы;
  • ұжымда бірлесіп жұмыс жасау дағдысының қалыптасуы.

Метеорологияда жасанды жер серіктерін пайдалану:
Интернет арқылы жердің метеорологиялық жасанды серіктерінен алынған мәліметтермен жұмыс;.
Метеорологиялық спутниктердің орбиталарын онлайн режимде бақылау арқылы
жұмыстар жасалады.
7-сыныпта география пәнінен арнайы курсы теориялық алған білімдерін, практикада қолдана білу  негізінде алынады.

Қорытынды:

  • 7-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып метерологиялық бақылауға негізделген ғылыми зерттеу жұмысы тұрақты қызығушылықты қамтамасыз ету арқылы, өз елінің экономикалық-әлеуметтік әлеуетінің артуына зор үлесін қоса алатын адами-зияткерлік капиталы жоғары өскелен ұрпақты қалыптастыруда оң нәтиже беретіні анық.
  • Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін вариативті компонентіндегі оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамытуда аталған арнайы курстың маңызы өте зор екендігін атап өтуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Байшоланов, С.С. Метеорология жәнеклиматология: Оқу-әдістемелік құрал / Сәкен Советұлы Байшоланов; әл-Фараби атын. ҚазМҰУ, Геогр. фак.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2000 ж.
  2. С.С. Байшоланов. Метеорология және климотология (оқу-әдістемелік құрал). — Қазақ университеті, 2000. – 129 б.
  3. П.Ж. Қожахметов, С.С. Байшоланов. Жалпы метеорология (1-бөлім) Қазақ университеті, 2005. – 151 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*