Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейі
Көкшетаудан сөйлеп тұрмын 02
Жаңа мектеп. Сырты мен ішінде мін жоқ. Кіре берістен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Қайроллақызы тосып алып, мектептің жай-күйімен таныстырды.
“Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінде тәрбие жұмысы «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жобасы негізінде ұйымдастырылады. Ондағы мақсатымыз – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру”, -дейді Ақмарал Жартанова.
— «Шаңырақ» ұғымы қазақ халқының мәдениетіндегі орны ерекше оны бәріміз жақсы білеміз. Ақмарал Қайроллақызы мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруын орайластырдыңыздар дейік. Бұдан былай олар қандай ережелермен құрылады?
— Бір «Шаңырақ» қауымдастығына әртүрлі жастағы үш сынып бірігеді. Әр «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының өзін ерекшелендіретін белгілері – төсбелгісі, ұраны болады. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығына педагог-ұйымдастырушы жетекшілік етеді. Жыл бойы академиялық, интеллектуалды, мәдени және спорттық шараларға бірге ат салысады. Сонымен қатар мектеп-лицейімізде оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында ауызбірлік, креативті орта, өзара құрмет, командалық рух қалыптастыруға ықпал етеді. 8 «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы бар. Шаңырақтарға Ақмола облысының жер-су атаулары берілді. Оқу жылының басында «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының презентациясы, өздерін таныстыру шарасы жоспарлы өтеді. Онда әр шаңырақ өздерінің атауымен, эмблемасымен, ұранымен таныстырады. Шаңырақтар арқылы жүзеге асырылатын ауқымды жобалардың бірі — патриоттылық, отбасылық, адамгершілік құндылықтарын насихаттау.
Әңгіме барысында педагог-ұйымдастырушылар деген кімдер және олардың жұмысы қандай?
Ол кісілердің қызсетімен танысқымыз келіп, әдістемелік бірлестік жетекшісі: Сыздыкова Бактыгул Сматқызымен кездесіп ұйымдастырушылар жайында сұрадым.
— Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасай отырып, білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Осы орайда, оқушылардың әр-түрлі ілім мен іс-әрекеттерге қызығушылығын туғызу және тереңдету, оқушылардың таланттары мен қабілеттерін ашу, әлеуметтік белсенділікке тәрбиелеу, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, балалардың әлеуметтік ортаға үйрену мақсатында лицейімізде педагог-ұйымдастырушылар Шаңырақ оқушылар қауымдастығы әдістемелік бірлестік пән мұғалімдерімен бірге Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларды» мақсатқа бағыттап жүзеге асыру жұмыстары жүргізіледі.
Бақытгүл ұстаз, бұл айтып отырғандарыңыздың барлығы жалпылама сөздер. Оны өзіңіз де жақсы білесіз. Менің білгім келгені ұйымдастырушы ұстаздар нақты немен айналысады?
“Атап айтсақ, Сарыарқа шаңырағы Жаратылыстану ӘБ бірлестігімен “Ecobox”, “Master Club” жобаларын, “Оқжетпес” ШОҚ мен қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік ұстаздары “Үштік Одақ: Ата-ана, Оқушы, Мектеп” арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатын көздеп, “ІQ DODA” зияткерлік сайысын, тарихта аты қалған танымал тұлғаларды біліп жүруге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыруға, өз елінің тарихын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Тарихқа құрмет» жобасы аясында «Көкшетау» шаңырағының оқушылары «Тұлға тану» айдарын жүргізеді. Сол сияқты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілдік, сұлулық осы сынды жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрлерін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту мақсатында «Жұмбақтас» шаңырағы орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігімен «Бұрымды қыз» атты ұлттық нақышты көрсетілген тәрбиелік мәні зор іс-шарасын өткізеді. Мектеп оқушыларына бизнестің қыр-сырын, кәсіпкерлік дағдыларын үйрету, бизнес жүргізу негіздері және нарық жайлы білімдерін толықтыру, кәсіпкерлікке ерте бастан үйретуді қолдау мақсатында педагог-ұйымдастырушы- Ұлжан Талгатовнаның жетекшілігімен 11 «Б» сынып оқушысы Темергалиева Дильназ өз қолынан шыққан әшекей бұйымдарын жасап, «Мектеп қабырғасындағы бизнес» жобасын жүргізуде»,-деп тоқтады педагог-ұйымдастырушылар әдістемелік бірлестік жетекшісі: Сыздыкова Бактыгул Сматовна.
“BILIM AINASY”
Көкшетау қаласы
Қуантай Амантайұлы