Home » статьи » Балабақша және спорт

Балабақша және спорт

Алматы қаласы КМҚК  «№ 115 бөбекжай-балабақшасында»  22.05.2025 жылы  жоспарға сай қалалық деңгейде  «Балабақша және спорт» жобасы аясында семинар өтті. Қалалық семинарға   мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаушылары  мен тәрбиешілер, ата-аналар қатысты.

Ұйымдастырылған іс –шара мақсаты:  мектепке дейінгі ұйымдарға  Малайзия, Қытай, Польша, Германия елдерінің әдіс-тәсілдерін  тиімді енгізу мен қолдану, мектеп жасына дейінгі балалардың  физикалық белсенділіктерін дамыту.
       

Семинардың  бағдарламасына сәйкес бөбекжай меңгерушісі Естенова А.С.  балабақшаға шолу жасап, таныстырды. Әдіскер Адильханова А.Б. жоба бойынша таныстырылым өткізді. Балабақша педагогтері келген қонақтармен желдеткіштің көмегімен музыкалық-ырғақты жаттығу жасады.Таза ауада мектепалды тобының ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Балабақша ауласындағы шағын орманда балалар «Таңғы шеңбер» әдісін орындап, доппен жаттығу жасап, тұрмыстық еңбеккке баулитын және шығармашылықтарын дамытатын тапсырмалар орындады. Дене тәрбиесі нұсқаушысы Төлегенов А.Ғ. балабақша ауласында Қытай елінің әдістерін енгізе отырып дене тәрбиесі іс-әрекетін өткізді. Барысында жаттығулар, эстафеталық жарыстар болды, соңында топтарға бөлініп футбол ойнады. Бағдарламаның келесі бөлімінде қатысушы педагогтермен Польша тағылымдамасы бойынша қызықты WORKSHOP өткізілді. Қонақтырымыз көздерін жауып арқанмен жүрді, айнаның көмегімен кедергілерден өтті, құрылыс сызғыштарынан мүсін жасады, топтық тапсырмалар орындап, табиғат заттарынан әтір жасап жарысты. Келесі кезеңде балабақша спорт алаңында ата-аналардың садақ ату, тхэквондо, алаңдағы бестемше спорт түрлерінен шебер сыныптары өтті. Балабақшаға шолу жасалынып, Германия елінің іс-тәжірибесіне сүйене отырып жасалынған «Ақ әлем» бөлмесі, Малайзия тағылымдамасынан алынған «Педагог орталығына» таныстырылым өтті. Семинар соңында еркін микрофон әдісі бойынша қонақтар мен қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс берді.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Малгаждарова Б.Т мен қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық басшысы Карасёва Н.В. мектепке дейінгі дене тәрбиесі нұсқаушыларының мәртебесін көтеру жайлы пікір алмасып, тың ақпараттармен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*