Бүгінгі бүлдіршін – болашақтың тірегі. Осыны ескерген №174 бөбекжай-балабақшасы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ерекше мәні бар, жүрекке жылу сыйлаған тағылымды шара өткізді. «Әжелер мектебі» атты аудандық семинар ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындатып, руханиятымыздың асыл арналарын қайта жаңғыртты.
Семинар мақсаты – ұрпақ санасына ұлтымыздың асыл мұрасын сіңіру, балғын жүректерде салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік ұялату, отбасылық тәрбие мен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту. Бұл ретте әр бөлім, әр бағдарлама – терең мазмұнмен, ұлттық рухпен, тәрбиелік мәнімен ерекшеленді.
Шара «Көрмеге саяхат» бөлімінен басталып, қатысушыларды ұлттық құндылықтарды дәріптейтін әсем көрмемен баурап алды. Тұрмыстық бұйымдар, кестелі көрпелер мен ұлттық киімдер – бәрі-бәрі қазақ халқының нәзік талғамын, көркем дүниетанымын паш етті.
Семинардың ресми ашылуында балабақша меңгерушісі Курбанкул Утеповна жылы лебізін білдіріп, «Әже – тәрбиенің тұтқасы, ұлт ұрпағының шырақшысы» екенін ерекше атап өтті.
Үшінші бөлімдегі «Асыл әже» хорының орындауындағы әсерлі ән – залдағы әр жүрекке жетіп, ұлттық болмыстың үніне айналды.
Балабақша педагогтары “Жетіген” аспаптарымен “Ата толғауы” күйін келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті.
«Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген» таныстыруы арқылы әр әже өзінің өмірлік тәжірибесін, отбасындағы даналық миссиясын әсерлі жеткізді.
«Сыр сандық» сұрақ-жауап айдары мен «Шебердің қолы алтын», «Өнерліге өріс кең» атты бөлімдер – әжелердің қолөнер, тағам әзірлеу, ұлттық ойындардағы шеберлігін айшықтап, көпшілікке рухани қуат сыйлады. Әр жауап, әр өнер туындысы – ұлттың жаны мен болмысының жарқын бейнесіндей әсер қалдырды.
«Ас – адамның арқауы» атты үй тапсырмасы арқылы дәстүрлі тағамдар таныстырылып, дастархан мәдениеті мен ұлттық тағамдар жайлы сыр шертілді.
Семинардың шарықтау сәті – «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты тренинг болды. Мұнда ата-баба аманаты – сөз құдіреті мен үлкеннің ақылы жас буынға қандай әсер ететінін нақты мысалдармен дәлелдеді.
Семинар соңында жүргізілген кері байланыс барысында қатысушылар әсерімен бөлісіп, мұндай шаралар тәрбиенің басты бағытына айналуы қажет екенін бірауыздан қуаттады.
Жалпы, «Әжелер мектебі» – ұрпақ тәрбиесіндегі сабақтастықты, ұлттық болмыс пен адамгершілік негіздерін терең қамтыған тағылым мектебі болды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр қатысушының жүрегінен орын алды. Мұндай рухани кездесулер көптің көңілін көркейтіп қана қоймай, болашаққа берік негіз қалайды.
Ұлттық тәрбие – мәңгілік мұра. Ал сол мұраны ұрпақ санасына сіңіруде әжелер мектебінің рөлі – өлшеусіз.
Ақерке Амангелдіқызы
BILIM AINASY
Алматы қаласы