Home » статьи » Отбасы-тәрбиенің алтын ұясы

Отбасы-тәрбиенің алтын ұясы

                    Қазіргі таңда қоғамда отбасы психологиясы өзекті мәселелердің бірі. Отбасы әлемі әр алуан. Ол ата-аналарға  адам өмірінің кереметін сезінуге,оны түсінуге,өз бар болмысын балалары үшін ұзартуға мүмкіндік береді.

      Ата-ананың басты қуанышы –бала. Қазақтың отбасында өмірге келген әрбір  бала  ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Осыған байланысты «Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілерсің»- дейді халық Сондықтан ата-анадан мейірімділікті ,сүйіспеншілікті, жүрек жылуын көрген баланың өмірге деген құштарлығы артып, болашақта өз орынын таба білуге ықпалы мол.  Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы –ата-анасы.
Отбасының қоғамдағы мақсаты баланы дамытып қана қоймай,оны өмірге дайындап,рухани жағынан жеткізіп ,тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасындағы тәрбие туралы дана халқымыз былай деген «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз. Қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз»деп бекер айтылмаған. Баланы дұрыс  тәрбиелеу ең алдымен жанұя жағдайы онда қалыптасқан морольдық психологиялық ахуалы,татулықпен өзара түсіністік,  сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік ,отбасы мүшелерінің бір-біріне құрметі,кіршіксіз таза мөлдір көңіл- күйлері  тікелей ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, тәрбие тал бесіктен басталады.Әке мейірімінен құрышын қандырып,ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты мен Ана тағылымын»  көріп өскен ұрпақ елін,жерін,халқын сүйетін,елінің болашағын,халқының қамын ойлайын,жоғын жоқтайтын,парасатты ,  ой-өрісі кең, дүние танымы жоғары , жан-жақты білімді де білікті , ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Оспанова Найла Бердибековна
«Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*