Home » статьи » “Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы”

“Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы”

Жумагалиева Лаура Иембергеновна

Алматы қаласы, Алатау ауданы

МКҚК «№164 бөбекжай балабақшасы

ортаңғы «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік

күні туралы түсінік беру танымдылық қабілетін арттыра отырып,
балаларды ұлттық сезімге баулу;

Тәрбиелік: Балаларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: рәміздердің суреті, түрлі-

түсті қағаздар, күн суреті т.б.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

I.Шаттық шеңберді орындау:

Ашық болсын күніміз,

Биікте тұрсын туымыз.

Тату-дос боп халықтар,

Бақытты болсын балалар.

II.Тәрбиеші: — Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін еліміздің әнұранымен бастайық.

III.Ой қозғау

Тәрбиеші: — Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы

“Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы” деп аталады.

Тәрбиеші: — Балалар, айтыңдаршы “Отан” дегеніміз не?

Иә, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, халқың. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қане, балалар, Отан туралы кім тақпақ біледі екен?

Балалар Отан туралы білетін тақпақтарын айтады.

Тәрбиеші: — Балалар, ҚР рәміздеріне не жатады?

Балалар: — Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші: — Туда ненің суреттері бейнеленген?

Балалар: — Күн, бүркіт, ою – өрнек.

Тәрбиеші: — Дұрыс. Күн бейбітшілікті, байлықты білдіреді, ал қыран бүркіті –

тәуелсіздіктің белгісі. Ою – өрнек қазақ елінің дәстүрін білдіреді.

Ал елтаңбадан ненің суреттерін көруге болады?

Балалар: — Пырақ, шаңырақ, жұлдыз, “Қазақстан” деген жазу.

Тәрбиеші: — Жұлдыз – жарықты білдіреді, тұлпар – батырлық пен қажырлық

нышаны. Шаңырақ – ошақ амандығын білдіреді.

  1. Балаларға “Тәуелсіздік” сөзінің мағынасын түсіндіру.
  2. Дидактикалық ойын: “Күннің шуағы”. Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды:
  3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
  4. президентіміз кім? (Қ Ж Тоқаев)

3.Қазақстанның астанасы қалай аталады?(Астана)

4.Біз қандай қалада тұрамыз? (Алматы)

6.Қазақстан Республикасы рәміздеріне не жатады? (ту, елтаңба, әнұран.)

VI.Сергіту сәтін орындау.

Қане, қане тұрайық,

Қазақ үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Оңға,солға бұрылып,

Арқандарды тартайық.

VII.Дамытушылық ойын: “Әдемі қала”. Балаларға түрлі-түсті гүлдер таратылады. Ақ қағаз бетіне жапсырады.

-Балалар, барлығымыз өзіміз тұратын Алматы қаласын гүлдендірейік.

-Жарайсыңдар. Қандай әдемі қалаға айналды. Біздер бәріміз де осындай гүлдерміз. Қане, бәріміз гүл секілді күнге созылайық. Гүлдер қалай жайқалады? Жел соқса, гүл не істейді?

  Мадақтау.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне белсене араласқан балаларды марапаттау.

   Қорытындылау.

-осындай Тәуелсіз Қазақстан елінде тату- тәтті ғұмыр кеше берейік дей келе, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтаймыз.

-сонымен “Тәуелсіздік” дегеніміз не мағына білдіреді?

-қандай ойындар ойнадық?

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*