Султанбекова Жулдызай Токаевна
Алматы қаласы, Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай балабақшасының
Музыка жетекшісі
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру,аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту.
1.Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру.
2.Балалардың еске сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: Музыкалық аспаптар,аспаптар суреті,буклет, слайд.
Барысы:
Балалар музыка залына «шөжелерім»әнімен кіреді,шеңбер бойымен жүріп орындарына тұрады.
( Әуен ырғағымен амандасады)
Сәлеметсіздерме балалар!
Сәлеметсізбе апай?
Көңіл күйлеріңіз қалай?
Өте жақсы апай!
Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіп қалыпты қонақтармен амандасайықшы.
(Музыка ырғағымен балалар амандасады)
Балалар орныызға отырайық.
Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы қазақтың ұлттық аспаптары.
Біз бүгін ұлттық аспаптармен танысып қана қоймай оларды ұстап көреміз және олардың дауысымен танысамыз.
Балалар қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?
Балаларға слайд көрсету арқылы ұлттық аспаптармен жеке-жеке
көрсетіп таныстыру.
Балалар осы аспапьар ішінде домбыра аспабымен толығырақ танысамыз.Домбыраның құрылысы үш бөлімнен тұрады:
Басы,мойыны,денесі,болады.Домбыраның екі құлағы,екі ішегі,сағасы,тиегі,және мойыны болады.Домбырамен ән айтуға және күй ойнауға да болады.Домбыраның екі ішектісінен бақа үш ішектісде болады.
Балалар осы домбыра аспабына арнап әдемі әнімізді орындайықшы.
Ән айтпас бұрын даусымызды жаттықтырып алайықшы.Барлағымыз орынымыздан тұрып «до, ре ,ми»әнін орындайықшы
Дауыс жаттығу әні: «До,ре,ми»
До-ре-ми,до-ре-ми
Үйреніп аламыз.
Фа-соль-ля,сол-ля-си,до-до-до
Деп әнге саламыз.
Ән. «Қара домбыра»
Би. «Домбыра»
Балалар біз домбыра аспабына арнап тақпақтарымызды айтып берейікші.
Алихан.
Соғылған үні
Сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын
Аспаптың бірі сыбызғы
Ару.
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар
Ойнап кетсең түрлі-түрлі үн шығар
Жетігеннен асқан аспап жоқ шығар
Айлин.
Дыбысы оның мың сырлы
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойып тыңдасаң
Ол аспаптың бір түрі
Мансура.
Елдің жырын жырлаған
Қайғысында толғаған
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған
(Домбыра үнімен әндетіп қонақтар келеді)
Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіп қалыпты.
(Қонақтар сәлемдеседі әуендетіп)
Сәлеметсіңдерме балалар!Біз Ұлттық аспаптар ансамблінен келдік.
Сендерге қазақтың ұлттық аспаптарымен әдемі ән орындап бергіміз келіп тур.
Ән.Поппури
(Халық әндерінен үзінді ,ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен.)
Қарақат: Менде сіздер сияқты әнші болғы келеді,менің де ән айтқым келіп тұр.Сіздердің сүйемелдеулеріңізбен «Еркем-ай» әнін орындағым келіп тур.
Ән.Еркем-ай
Қонақтар төрлетіңіздер біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Біздің балаларымыз әнші,биші ғана емес,сонымен қатар ұлттық аспаптарды жақсы меңгерген.Балалардың орындауында «Ата толғауы» күйін тыңдаңыздар.
Күй. «Ата толғауы».
Елдің жырын жырлаған
Қайғысында толғаған
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
«Аспаптарды ойнайық» әнін хормен орындау.
Осымен біздің ашық оқу-іс әрекетіміз аяқталды көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет сау болыңыздар.