Home » статьи » Алғыс – сөздің  асылы

Алғыс – сөздің  асылы

Алматы қаласы
Білім басқармасы Жетісу ауданы
КМҚК 67 бөбекжай балабақша меңгерушісі
Аймухамедова Гаухар Худаибердиевна

1 наурыз  Алғыс айту күніне орай «Қарлығаш» мектепалды тобының балаларымен «Алғыс – сөздің  асылы» атты ертеңгілік өтті.

Ертеңгіліктің мақсаты – балалардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, айналасына ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру. Тәрбиешілер балаларға «жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар» деп үйретті. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұрады. Тәрбиешілері шара барысында балаларға өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпауды еске салды. Әрине, жақсы сөз айту, жақсылық жасау әрбір адамның міндеті. Сондықтан апайлары балаларға кішкене жастан сыпайы болып, алғыс айтуды ұмытпауға шақырды.

– Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар, олар арқылы біз бір-бірімізге ризашылығымызды білдіреміз, осы арқылы жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Себебі, алғыс адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы алғысымыз жүректен шығуы  шарт. Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой мен кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар, — деп тәрбиешілері балаларға алғыс айтудың маңыздылығына тоқталып, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Жалпы балалардың тәлім-тәрбиесін дамытып, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілетін бұл шараның тағылымдық мәні зор деп атап өтті №67 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гаухар Аймухамедова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*