Home » статьи » Ғажайып өлеңдер кеші

Ғажайып өлеңдер кеші

Койшыбаева Анар Альбатыровна
Алмалы ауданы
«№9 бөбекжай – балабақшасы» КМҚК
меңгерушісі

Алматы қаласы Алмалы ауданы «№9 бөбекжай-балабақшасында» бүлдіршіндермен және ата-аналардың ұйымдастыруымен «Ғажайып өлеңдер кеші» өтті, қалалық іс-шара педагогтер үшін шабыт пен тәжірибе алмасуға толы орта болды.

Семинар балабақша меңгерушісі Койшыбаева Анар Альбатыровнаның алғы сөзімен ашылды. Меңгеруші бұл кештің «Қазақша сөйлесейік» жоба аясында ұйымдастырылғанын және жобаның мақсат-міндеттеріне тоқталып, жиналған қонақтарды мазмұнымен таныстырды. «Қазақша сөйлесейік» жобасының мақсаты: күнделікті өмір мен режимдік сәттер арқылы қазақ тілі бойынша 3-4 жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын ойын арқылы дамыту; әрбір отбасында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру және қазақ тілін үйрету.

Семинар барысында «Қазақстанның жеті кереметі» ата-ананың баласымен бірлесіп жасаған қолөнерден көрме, «Ұсақ моторика әлемі» ойындарынан көрме ұйымдастырылды. Қонақтарды «Қызықты дәлізбен» таныстырып, жоба жоспарына сәйкес жұмыс жасап отырған «Шымшық», «Үйрек», «Ақкөгершін» ортаңғы топтарының тәжірибесімен бөлісті.

         
Келген педагогтарға балабақша іс-тәжірибесінен түртіп алар, пайдаға асырар дүниелер көп болды.

Балалардың қазақ тілін меңгеруіне ғана емес, оны күнделікті өмірде белсенді түрде қолдануға мүмкіндік беретін әдіс-тәсіл жасау маңызды екенін, бұл Қазақстанның көптілді ортасында балалар жиі өсетін, тіл тәжірибесі әртүрлі отбасыларда өте маңыздылығына тоқталып өтті. Жоба мақсатын іске асыруда орыс тілінде білім беретін 3 ортаңғы топ алынды, жалпы бала саны 75 ұйымдастырылған.

Халық арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»деген даналы сөз бар. Тіл – мемлекеттің тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Ол уақыттан жоғары тұрады және бізді де, жеке адамды да, жалпы қоғамды да қозғалысқа келтіретін күшке ие. Бүгінгі балалар ертең ел тізгінін ұстайтын еліміздің болашағы. Сондықтан еліміздің  болашақ азаматтарын  тәрбиелеудің қамын  осы күнен бастап ойлау керек. Кез келген  қоғамда баланың бойында адамгершілік пен отансүйгіштік  қасиетті тәрбиелеудің маңызды  факторларының бірі – өз мемлкетінің  тіліне деген  құрмет  болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ата –аналары күннен-күнге балаларының тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда. Атап айтқанда мектепке дейінгі ұйымдарда, бұл көбінесе қазақ тілін міндетті түрде оқыту үрдісімен анықталады, сондықтанда саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі – балабақшада қалыптасады.

Ата-анамен жұмыс барысында, балаларға арналған түрлі мерекелік іс-шараларда ата-ананың басты кейіпкер немесе қонақ болып келуі. Бұл әдіс балабақша өміріне етене араласуына, тыныс-тіршілігін жақынырақ тануына мүмкіндік берді.

Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ерте жастан үйретіп, оны еркін қолдануды үйрету мақсатында құрылған жобаның ата-анамен, баламен, педагогтармен «Ғажайып өлеңдер кеші» іс-шарасына тек орыс тілді білім алатын топ бүлдіршіндері, ата-аналары қатысты. Балабақша іс-тәжірибесінен келген педагогтарға түртіп алар, пайдаға асырар дүниелер болды деп сенемін.

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай:  «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына»… Сондықтан қазынамызды  құрметтей білейік, құрметті әріптестер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *. Required fields are marked *

*