Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Толқынбеков Мақсат Мырзабекович.
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау,
техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің
бас маманы: Сариева Умит Сериковна
Су пайдалануына қарай екі категорияға бөлінеді: Бірінші категорияға орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын су көздері жатады. Екінші категорияға мәдени-тұрмыстық мақсатта, рекреация ретінде, спорт үшін қолданылатын, сол сияқты елді мекендердің аумақтарындағы су көздері жатады.
Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға келесі санитариялық талаптар қойылады:
1. Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;
2. Адам ағзасына зиянды әсерлері беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық молшерде болмауы;
3. Патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы. Олардың негізгілері: исі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-ден төмен, мөлдірлігі 30см-ден артық; лайлығы 2мг/л-ден аз, кермектілігі 7-100ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальции, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді.
Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7-1,5мг/л-ден төмен болуы-флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі-анемия, бордың аз болуы-асқазан, никельдің кем болуы-көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз суға сондай-ақ, нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 литр судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады.
2025 жылдың 1 тоқсанында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма мамандарымен, мониторинг жүргізу арқылы жергілікті тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеуге 175 су сынамалар алынды. Зерттеу қорытындылары бойынша санитариялық талаптарға сай келетіні анықталды.
Су көздеріне уақытылы тазалау және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмесе, жұқпалы аурулардың таралуының басты факторының бірі болып табылады. Су көздерінен жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында үнемі зертханалық сынамалар алу арқылы тексерулер жүргізіліп тұрады.